2018 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 Өкімі.

      1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері, орталық (ұлттық) банктері (келісу бойынша) Еуразиялық экономикалық комиссияның "2018 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы" баяндамасын (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) назарға алсын.

      2.Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою жөніндегі жұмысты жандандырсын;

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы" кезекті баяндамада тосқауылдардың, алып қоюлардың және шектеулердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданы дамытуға әсерін ашып көрсетсін.

      3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады