Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 5 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып:

      1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Армения Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 3 ай мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жоюға бағытталған шаралар қабылдасын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Осы Өкімнің 1-тармағында көзделген шараларды іске асыру нәтижелері туралы – Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында баяндасын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің 2019 жылғы 30
сәуірдегі № 5 өкіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою мәселелері жөніндегі шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы "Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" № 190 шешімі.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы "Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" № 195 шешімі

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы "Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" № 11 шешімі

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы "Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" № 18 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады