2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес және Ресей Федерациясының ұсынуы негізінде:
1. Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі Сергей Юрьевич Глазьевтің кандидатурасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске таныстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |