Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 19 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 67-бабының 1-тармағына, Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 40-тармағына сәйкес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 26-тармағын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 54-тармақпен толықтырылсын:

      "54. Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер көрсету (72240 және 85990 СРС-тан)13 мына бөлікте:

      тұрғын ғимараттар және жер учаскелерін, тұрғынсыз ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына арналған немесе арналмаған, сыйақы үшін немесе шарттық негізде берілетін бос жатқан жерлерді бағалау жөнінде қызметтер көрсету;

      жылжымайтын мүлікке жататындардан басқа, бағалау жөнінде қызметтер көрсету.";

      мынадай мазмұндағы 13-сілтемемен толықтырылсын:

      "13 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін: Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 38-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, көрсетілген Хаттаманың 21 және 24-тармақтарында белгіленген ұлттық режім беруді көздейтін қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істеу шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын ортақ тәсілдемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілген соң;

      осы сілтеменің екінші абзацында көзделген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізу қорытындысы бойынша бағалау қызметін реттеудің мазмұндық баламалығы белгіленген тәртіпте расталғаннан кейін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалау жүргізуге арналған құқық беретін рұқсатты көрсете отырып, мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесін бекіткен соң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      Армения Республикасы (жылжымалы мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету бөлігінде) мен Қырғыз Республикасы үшін мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету берушілерге қатысты біліктілік талаптарын енгізу міндетін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау жағдайы кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсыныстары негізінде Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 38-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, көрсетілген Хаттаманың 21 және 24-тармақтарында белгіленген ұлттық режім беруді көздейтін қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істеу шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын ортақ тәсілдемелердің жобасын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бекітуі үшін дайындасын және 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін берсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекіту үшін тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалау жүргізуге арналған құқық беретін рұқсатты көрсете отырып, мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесінің жобасын дайындасын және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін берсін.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:

      мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету берушілердің тізілімін тегін, мерзімсіз, ауыртпалықсыз әрі хабарламалық негізде жүргізуді және қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі басталған күнге қарай мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету берушілерге қатысты біліктілік талаптарын қолдануды қамтамасыз етсін;

      осы Шешімнің 2-тармағының екінші абзацында көзделген ортақ тәсілдемелер негізінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету секторы бойынша бірыңғай қызметтер көрсету нарығының тосқауылсыз, алып қоюсыз, шектеусіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізсін.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей

      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады