Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Төрағасын және оның орынбасарын бекіту туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 26 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 15-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Мына адамдар:

      Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьясы Эрна Владимировна Айриян Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Төрағасы болып бекітілсін;

      Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьясы Константин Владимрович Чайка Еуразиялық экономикалық одақ Соты Төрағасының орынбасары болып бекітілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады