Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 8 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №23 шешіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бірлесіп жүргізген мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамасын салыстырмалы талдау нәтижелерін ескере отырып:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі іс-шаралар іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілсін.

      2. Мүше мемлекеттер осы Өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін және оларды іске асыру барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны жыл сайын хабардар етсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 8 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Күтілетін нәтиже
 

Жауапты орындаушы

Қоса орындаушы

1.Мұнай саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше - Одақ, мүше мемлекеттер) уәкілетті органдары берген ақпаратты талдау
 

жыл сайын

есеп

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия)

мүше мемлекеттер

2. Мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамасын мына бағыттар бойынша үндестіруді жүргізу

жыл сайын

мүше мемлекеттердің заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері

мүше мемлекеттер


а) Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарына қатысушылар арасында мұнай және мұнай өнімдері саудасының нарықтық механизмдерін қамтамасыз ету





б) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) сәйкес Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтары шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге қатысты тариф белгілеудің (баға белгілеудің) жалпы қағидаттары мен әдістерін қолдану





в) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, қайта өңдеу және өткізу саласына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау





г) мүше мемлекеттердің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық мүдделерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерінің ішкі нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз ету





3. Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру бойынша жүргізілетін жұмыс туралы өзара хабардар ету

жыл сайын


мүше мемлекеттер

Комиссия

4. Мүше мемлекеттердің мұнай саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістердің Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру қағидаттарына сәйкестігін талдау

жыл сайын

есеп

Комиссия

мүше мемлекеттер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады