Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Түссіз түйіршіктер және тауардың тұтынушылық тартымдылығын арттыру мақсатында бояғыш заттармен боялған (бояғыш заттар тауарды сәйкестендіруді жеңілдету үшін немесе оның қауіпсіздігі мақсатында пайдаланылмайды) түйіршіктер түріндегі аморфты кремний қос тотығынан тұратын (99 – 100 масс.%) мысық туалетіне арналған гигиеналық силикагель толтырғышы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3824-тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |