Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі мынадай мазмұндағы 471-тармақпен толықтырылсын:
"471. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | 2020 жылғы IV тоқсан". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |