Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) мен көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 33 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары паспорттарының (көлік құралдары шассиі паспорттарының) бірыңғай нысанын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 1 қыркүйектегі №112 шешімімен бекітілген Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) мен көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 5-тармақ мынадай мазмұндағы "г" тармақшасымен толықтырылсын:

      "г) жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған немесе жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат ресімделген жағдайда жол берілетін өздігінен жүретін машиналарды, техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдарға, "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011), "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011), "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012) (өздігінен жерде жүретін аэродром машиналары, өздігінен жүретін орман мульчерлері, ратрактар, жолсыз жерде жүретін үлкен жүк таситын көлік құралдары) Кеден одағы техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылмайтын ұйымдарға қатысты - осы тармақтың "в" тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген мәліметтер (қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін).";

      7-тармақта:

      "а" тармақшасының бірінші абзацында және "б" тармақшасының бірінші абзацында "жеке адамның" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы "в" тармақшасымен толықтырылсын:

      жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған немесе жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат ресімделген жағдайда жол берілетін өздігінен жүретін машиналарды, техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдарға, Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 010/2011), "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011), "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 031/2012) (өздігінен жерде жүретін аэродром машиналары, өздігінен жүретін орман мульчерлері, ратрактар, жолсыз жерде жүретін үлкен жүк таситын көлік құралдары) Кеден одағы техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылмайтын ұйымдарға қатысты - осы тармақтың "б" тармақшасының екінші және төртінші абзацтарында көзделген критерийлер (қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін).".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады