Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 43 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағы негізінде, азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі тәуекеліне жол бермеу мақсатында шұғыл ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.11-бөліміне енгізілген азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге салынған тыйым (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) қоса алғанда 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 43 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 1.11-бөліммен толықтырылсын:

      "1.11. Қоса алғанда 2020 жылғы 30 маусымға дейін әкетуге тыйым салынған азық-түлік тауарларының жекелеген түрлері:

Позиция атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Түйнек пияз

0703 10 110 0
0703 10 190 0

Сарымсақ

0703 20 000 0

Шалқан

0706 10 000 9

Қара бидай

1002

Күріш

1006*

Қарақұмық

1008 10 000

Тары

1008 21 000 0
1008 29 000 0

Жарма, ірі тартылған ұн және дәнді дақылдар түйіршіктері

1103 (1103 19 500 0-ден, 1103 20 500 0-ден басқа)

Тартылған қарақұмық дәні

1104 29 300 0

Ұсақталған және ұсақталмаған соя бұршақтары

1201

Ұсақталған және ұсақталмаған күнбағыс дәні

1206 00

Қарақұмықтан дайындалған тамақ өнімдері

1904 90 800 0

      _____________________

      *Қазақстан Республикасында шығарылатын күрішті қоспағанда.

      Бөлімге ескертпе:

      1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын, сол сияқты тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.

      2. Тыйым салу:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) шешімдері негізінде шет мемлекеттерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін;

      жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған;

      құрал-сайман ретінде, сондай-ақ оларға қатысты мүше мемлекеттің айырықша юрисдикциясы бар ғимараттары мен құрылғылардың қызметтерін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қолданылмайды.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс басталатын және аяқталатын халықаралық транзиттік тасымалдаумен алып жүретін тауарларды әкетуге, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтары арасында үшінші елдердің аумағы арқылы алып жүретін Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына тыйым салу қолданылмайды."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады