Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 69 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 115 шешімімен енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап 12 айдың ішінде Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 021/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкес тамақ өнімдерін өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығаруға жол беріледі;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімдер айналысына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады