Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.10-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 70 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағы негізінде, шұғыл ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.10-бөліміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 70 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің 1.10-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы "Мақта, дәке, бинттер және медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда пайдалануға арналған фармацевтикалық заттар сіңірілген немесе бөлшек сату үшін оралған, немесе формаға салынған немесе оралған осыған ұқсас бұйымдар (мысалы, таңу материалдары, лейкопластырлар, булауға арналған материал)" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Дәке және дәкеден жасалған бұйымдар, бинттер**

3005 90 310 0*,
3005 90 500 0*".

      2. Атауы "Залалсыздандыру құралдары****" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Залалсыздандыру құралдары**,****
 

3808 94*".

      3. Атауы "Тоқыма емес материалдар, сіңірілген немесе сіңірілмеген, қапталған немесе қаптаусыз, қатырмаланған немесе қатырмаланбаған" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Тоқыма емес материалдар, сіңірілген немесе сіңірілмеген, қапталған немесе қаптаусыз, қатырмаланған немесе қатырмаланбаған

5603 11 100 0,
5603 11 900 0******,
5603 12 100 0******,
5603 12 900 0******,
5603 91 100 0,
5603 91 900 0,
5603 92 100 0,
5603 92 900.".

      4. Атауы "5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, пластмасса сіңірілген, пластмассамен жабылған немесе қатырмаланған тоқыма материалдар" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, пластмасса сіңірілген, пластмассамен жабылған немесе қатырмаланған тоқыма материалдар

5903
(5903 10,
5903 20 900 0-ден,
5903 90 100 0-ден,
5903 90 990 0-ден
басқа)".

      5. Атауы "5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, резиналанған тоқыма материалдар" деген позиция алып тасталсын.

      6. Атауы "5603, 5903, 5906 тауар позицияларындағы материалдардан дайындалған, киімдердің керек-жарақтары" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"5603, 5903, 5906 тауар позицияларындағы материалдардан дайындалған, киімдердің керек-жарақтары**

6210 10 920 0*,
6210 10 980 0*,
6210 40 000 0*,
6210 50 000 0*".

      7. Атауы "Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын ауа сүзгі құралдар***" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын ауа сүзгі құралдар**,***

9020 00 000 0*".

      8. Атауы "Тыныс алу органдарын бүріккіштерге қарсы жеке қорғау құралдарына арналған ауа сүзгі" деген позиция бірінші бағанда "**" сілтеме белгісімен толықтырылсын.

      9. "**" белгісі бар сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "**Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан су, әуе кемелерінің жолаушылары және экипаж мүшелерінің немесе поезддардың жолаушылары мен поезд бригадаларының қызметкерлері, халықаралық тасымалды жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарының жүргізушілері пайдалануы үшін, сондай-ақ Еуропалық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер оларға қатысты айрықша юрисдикциясы бар су кемелерінің, ғимараттар мен құрылғылардың қызметін қамтамасыз ету үшін әкетілетін тауарларды қоспағанда.".

      10. "******" белгісі бар мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "******Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті органының (Беларусь Республикасы үшін - Белоруссия мемлекеттік мұнай және химия жөніндегі концерні ("Белнефтехим" концерні) растауы болған кезде әкетілетін тауарларды қоспағанда).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады