Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 164 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 1, 18 және 65-тармақтарында "01.07.2020" деген цифрлар "01.07.2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М.Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 76 шешіміне ҚОСЫМША |
Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІС
1. Мынадай мазмұндағы 6691-позициямен толықтырылсын:
"6691 | СТБ ИСО 6468-2003 | Судың сапасы. Кейбір хлорорганикалық инсектицидтерді, полихлорлы бифенилдер мен хлорбензолдарды сұйықтық-сұйықтық экстракциясынан кейін газдық хроматография әдісімен анықтау". |
2. Мынадай мазмұндағы 6721 және 6722-позициялармен толықтырылсын:
"6721 |
ПНД Ф |
Ауызсуда, табиғи және ағын суларда 2,4-диклорфенокси сірке қышқылы болуын кейін газдық хроматография әдісімен анықтау әдісі (аттестаттау туралы куәлік 01.08.2014 ж. берілген, | Тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады | |
6722 |
ПНД Ф | Ауызсудағы, табиғи және ағын сулардағы хлорорганикалық пестицидтерді, полихлорлы бифенилдерді газдық хроматография әдісімен анықтау әдісі (аттестаттау туралы куәлік 09.07.2018 ж. берілген, № 88-1607-047-RA.RU.310657-2018 тізілімдегі № ФР.1.31.2018.31086) | Тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленгенге және оны осы тізбеге енгізгенге дейін қолданылады". |