Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 78 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4, 36 және 37-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағының негізінде, жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) мынадай мазмұндағы 2.31-бөліммен толықтырылсын:

      "2.31. Қоса алғанда 2020 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта әкетудің рұқсаттық тәртібі қолданылатын күнбағыс тұқымы

Позиция атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Жармаланған немесе

1206 00 100 0

жармаланбаған күнбағыс тұқымы

1206 00 100 0

      Бөлімге ескертпе:

      1. Осы бөлімнің мақсаты үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу керек.

      2. Күнбағыс тұқымын экспорт кедендік рәсіміне орналастыру Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытынды (рұқсат құжаты) берген кезде жүзеге асырылады.

      3. Күнбағыс тұқымын Одақтың кедендік аумағына әкелінген жердегі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілген жердегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзит рәсіміне орналастыру Одаққа мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат құжатын) бермей жүзеге асырылады.

      4. Күнбағыс тұқымын Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде өзге кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді.

      5. Күнбағыс тұқымын өндірушіге Одақтың кедендік аумағынан осы тұқымды әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беруді Одаққа мүше мемлекеттің қорытынды (рұқсат құжатын) беруге уәкілетті органы осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.".

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.31-бөліміне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) енгізілген күнбағыс тұқымын әкетуге рұқсат беру тәртібі қоса алғанда 2020 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады