"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтракция және технологиялар трансфері желісі" жобасын жүзеге асыру мақсатында қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру кезінде жалғыз жеткізушіні (орындаушыны) алдын ала іріктеу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 84 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру механизмдерінің 13-тармағы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1."Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтракция және технологиялар трансфері желісі" жобасын жүзеге асыру мақсатында қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру кезінде жалғыз жеткізушіні (орындаушыны) алдын ала іріктеу тәртібі (бұдан әрі – жоба) мынадай талаптар сақталған:

      а) жобада жоба операторының рөлі және қатысуы жобаның паспортында бекітілген жобаның ұлттық құрамдастарының операторын анықтау көзделген;

      б) жобаның ұлттық құрамдастарының операторлары жоба операторы мәртебесіне үміткер ұйымның құрылтайшысы болып табылатын;

      в) жоба операторы мәртебесіне үміткер ұйымда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің барлығының жоба ұлттық құрамдастарының операторларымен жасалған келісім (келісімдер) болған кезде мүмкін болады деп белгіленсін.

      2. Жобаны жүзеге асыру мақсатында қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру кезінде жалғыз жеткізушіні (орындаушыны) алдын ала іріктеу жоба операторы мәртебесіне үміткер ұйымның өзін жалғыз жеткізуші ретінде белгілеу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберген жазбаша өтініші (еркін нысанда) негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 69 шешімімен бекітілген Тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету тізбесіне Еуразиялық экономикалық комиссия жалғыз жеткізушіде орналастырған тиісті қызметтер енгізілген жағдайда жүргізіледі. Аталған өтінішке құрылтай құжаттарының көшірмелері және жобаның ұлттық құрамдастары операторларымен жасалған жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісім (келісімдер) қоса тіркелуге тиіс.

      3. Жобаны жүзеге асыру мақсатында қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру кезінде жалғыз жеткізушіні (орындаушыны) алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша шарт Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның қажеттіліктері үшін тауарлар жеткізіп беруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тапсырыстар орналастыру мен шарттар жасасу туралы ережеге сәйкес жасалады.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады