Дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялардың тұрақтылығын зерттеуге қойылатын талаптардың 5-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 86 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 3-бабының 2-тармағына және 6-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 69 шешімімен бекітілген Дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялардың тұрақтылығын зерттеуге қойылатын талаптардың 5-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "серияны өндіру күні" – белсенді фармацевтикалық субстанцияны дәрілік препараттың басқа құрамдастарымен араластыруды қоса алғанда, бірінші операцияны орындау күні. Бастапқы қаптамадағы бір фармацевтикалық субстанциядан тұратын дәрілік препараттар үшін өндірілу күні орап-буудың (бастапқы қаптаманы толтырудың) бастапқы күні болып есептеледі;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады