2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-тарауына және Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квотаның көлемі Келісімге (бұдан әрі – тиісінше ұзын дәнді күріш, тарифтік квота) сай белгіленсін.
2. Тарифтік квота ішкі пайдалану үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттер:
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квота көлемін өз заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күріштің импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын.
4. Мүше мемлекеттерден:
қажет болған кезде осы Шешімнің белгіленген тарифтік квота көлемінің таңдалмаған бөлігіне қатысты мүше мемлекеттер арасында бөлінуі бөлігіне өзгерістер енгізу туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына 2021 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей ұсыну;
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квота көлемінің таңдап алынған бөлігі туралы, сондай-ақ тарифтік квотаның 2021 жылдың аяғына дейін белгіленген көлемін таңдап алу бойынша болжамдар туралы 2021 жылғы бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 110 шешіміне ҚОСЫМША |
2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квотаның КӨЛЕМІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тарифтік квотаның көлемі (тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Толықтай жарылған, ұзындығының еніне қатысы 3-ке тең немесе одан артық буланған ұзын дәнді күріш | 1006 30 670 1 | 400,0 | 9600,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
Толықтай жарылған, ұзындығының еніне қатысы 3-ке тең немесе одан артық ұзын дәнді күріш | 1006 30 980 1 |