Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 33 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Ресми емес аударма

Қазақстан Республикасы
Президенті      
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 33 Жарлығымен  
мақұлданды     

БІР ТАРАПТАН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ОҒАН МҮШЕ
МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН, ВЬЕТНАМ СОЦИАЛИСТІК
РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕРКІН САУДА ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

КІРІСПЕ

      Бір тараптан, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Еуразиялық экономикалық одақ және екінші тараптан, Вьетнам Социалистік Республикасы:

      Тараптар арасындағы ұзақ та берік достық қарым-қатынастарды және дәстүрлі жан-жақты ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын ТҮСІНЕ ОТЫРЫП;

      олардың арасында сауданы дамыту және әртараптандыру, сондай-ақ өзара мүдделілікті білдіретін салаларда теңдік, өзара пайда, кемсітпеушілік және халықаралық құқық негізінде сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП;

      Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі және Тараптар қатысушылары болып табылатын қолданыстағы басқа да халықаралық келісімдер шеңберінде тиісті құқықтар мен міндеттерді РАСТАЙ ОТЫРЫП;

      тұрақтылық, ашықтық пен кемсітпеушілік негізінде еркін және кедергісіз сауданы ілгерілетін қағидаттар мен практиканы қолдау қажеттілігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;

      осы Келісім ғаламдық нарықтарда Тараптардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың арасындағы экономикалық, сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту үшін жағдайлар жасайтынына КӘМІЛ СЕНЕ ОТЫРЫП;

      шығыстарды азайту және болжамдылықты арттыру мақсатында тиімді де ашық рәсімдерді ілгерілету арқылы сауданы дамытуға жәрдемдесудің маңыздылығын СЕЗІНЕ ОТЫРЫП;

      Тараптар экономикасының өзара толықтырылу сипаты мен сауда және инвестициялар үшін негіздерді одан әрі дамыту жолымен экономикалық қатынастарды жетілдіруге елеулі әлеуетін АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП;

      Тараптар арасындағы сауда және ынтымақтастықты кеңейтудегі инвестициялардың маңызды рөлі мен мәнін, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен оңайлату және осы Келісімде көзделген бизнес үшін неғұрлым кең мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;

      Тараптар арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша қолданыстағы бастамалардың маңыздылығын растай отырып, сондай-ақ өзара мүдделілікті білдіретін салаларда қазіргі экономикалық әріптестікті одан әрі дамытуға келісе отырып;

      Тараптар арасында сауда кедергілерін және инвестициялар саласындағы кедергілерді жоюға, бизнестің шығындарын азайтуға және экономикалық тиімділікті арттыруға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;

      өзара тиімді негізде жалпы мүдделерге қол жеткізу үшін Тараптардың прогрессивті Еркін сауда туралы келісімді жасасу бойынша бірлескен күш-жігері бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан, Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын ілгерілету мен дамыту үшін жаңа шектерді қалыптастыратынына КӘМІЛ СЕНЕ ОТЫРЫП;

      төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:

1-ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1-бап Жалпы ережелер мен анықтамалар

      Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      а)  «орталық кеден органы» - тиісті ұлттық заңнама негізінде тиісті мемлекеттік саясатты, нормативтік актілерді, кеден саласында бақылау мен қадағалау жөніндегі іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Вьетнамның немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының жоғарғы уәкілетті кеден органы;
      b) «кеден органдары» - Вьетнамның немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органы немесе кеден органдары;
      с) «кедендік баждар» - тауарлар импорты кезінде тікелей немесе жанама өндіріп алынатын, бірақ:
      і. ТСБК 1994 III. 2-бабына сәйкес өндіріліп алынатын ішкі салықтарға балама төлемдерді;
      іі. ұсынылған қызметтердің құнына мөлшерлес импортқа байланысты алымдар немесе басқа да төлемдерді;
      ііі. осы Келісімнің 3-тарауына (Қорғаныс шаралары) сәйкес өндіріліп алынатын баждарды қоспағанда, кез келген баждар немесе төлемдер;
      d)  «күндер» - демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күнтізбелік күндер;
      е) «декларант» - кедендік мақсаттар үшін тауарларды ресми мәлімдейтін немесе соның атынан тауарлар ресми мәлімделетін адам;
      f) «Еуразиялық экономикалық комиссия» - 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – «Одақ туралы шарт») сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші орган;
      g) «ГАТС» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің 1B-қосымшасына сәйкес Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісім;
      h)  «ТСБК 1994» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің 1А-қосымшасына сәйкес 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім және оған түсіндірме ескертулер;
      i) «тауар» - кез келген тауар, өнім, бұйым немесе материал;
      j) «Үйлестірілген жүйе» немесе «ҮЖ» - 1983 жылғы 14 маусымдағы Тауарларды сипаттау мен кодтау үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенция құрған Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі, тиісті ұлттық заңнамада Тараптардың қабылдауына және қолдануына қатысты;
      k) «заңнама» - кез келген заң немесе кез келген басқа да нормативтік құқықтық акт;
      l) «шара» - Тараптың заң, заңға тәуелді акт, қағида, рәсім, шешім, әкімшілік іс-әрекет нысанындағы, қалыптасқан практикадағы немесе кез келген өзге де нысандағы шарасы;
      m) «шығарылған» - осы Келісімнің 4-тарауында (Шығарылған жерін айқындау қағидасы) белгіленген шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес;
      n) «Тараптар» - бір жағынан, Одақ туралы шарттан туындайтын, өзінің тиісті құзыреті шеңберінде бірлесіп немесе жеке жұмыс істейтін Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) және Еуразиялық экономикалық одақ және екінші жағынан, Вьетнам Социалистік Республикасы (бұдан әрі – Вьетнам);
      о) «тұлға» - жеке немесе заңды тұлға;
      р) «СӨШ келісімі» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің 1А-қосымшасына сәйкес Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісім;
      q) «СФШ келісімі» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің 1А-қосымшасына сәйкес Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісім;
      r) «СТК келісімі» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің 1А-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім;
      s) «ЗМҚСА келісімі» - ДСҰ-ны құру туралы келісімнің
1С-қосымшасына сәйкес Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім;
      t) «ДСҰ» - ДСҰ-ны құру туралы келісімге сәйкес құрылған Дүниежүзілік сауда ұйым;
      u) «ДСҰ келісімі» - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі.

1.2-бап Еркін сауда аймағын құру

      Тараптар 1994 жылғы ТСБК XXIV бабына және ГАТС V бабына сәйкес еркін сауда аймағын құру туралы уағдаласты.

1.3-бап Мақсаттар

      Осы Келісімнің негізгі мақсаттары:
      а) Тараптар арасындағы өзгелер арасында, тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту және кедендік рәсімдерді онайлату жолымен тауарлар саудасын ырықтандыру және оған жәрдемдесу;
      b) Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасын ырықтандыру және оған жәрдемдесу;
      с) Тараптар арасында қолайлы инвестициялық ортаны одан әрі дамыту жолымен инвестициялық мүмкіндіктерге жәрдемдесу, оларды ілгерілету және кеңейту;
      d) Тараптар арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын қолдау;
      е) зияткерлік меншіктің барабар және тиімді қорғалуы және осы саладағы ынтымақтастықты ілгерілету;
      f) Осы Келісімде көзделген салаларда тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіздер құру және Тараптар арасында өзара іс-қимылды оңайлату болып табылады.

1.4-бап Бірлескен комитет

      Тараптар осымен, бірі - Еуразиялық экономикалық одақтан және екіншісі – Вьетнамнан тең төрағалар болып табылатын Тараптардың әрқайсысының бір өкілінен құралатын Бірлескен комитетті құрады. Тараптарды осы мақсат үшін уәкілеттік берілген жоғарғы лауазымды адамдар білдіреді.

1.5-бап Бірлескен комитеттің функциялары

      1. Бірлескен комитет мындай функцияларды жүзеге асырады:
      а) Осы Келісімді қолдануға және орындауға байланысты кез келген мәселелерді қарау;
      b) Осы Келісім шеңберінде құрылған барлық комитеттер мен басқа да органдардың жұмысына бақылауды жүзеге асыру;
      с) Тараптар арасындағы сауда қатынастарын одан әрі жетілдіру бойынша мүмкіндіктерді қарастыру;
      d) Осы Келісімге кез келген түзетулерді қарастыру және Тараптардың қарауына ұсыну; және
      е) Тараптардың уағдаласуына сәйкес осы Келісім шеңберінде кез келген мәселе бойынша кез келген басқа іс-әрекеттерді орындау;
      2. Өз функцияларын орындау мақсатында Бірлескен комитет қосымша органдарды, оның ішінде ad hoc органдарын құра алады және оларға айрықша мәселелер бойынша міндеттерді орындауды тапсыра алады. Бірлескен комитет, қажет кезінде, үшінші тұлғалардың немесе топтардың пікірін сұрата алады.
      3. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Бірлескен комитет:
      а) жыл сайын Тараптардың аумақтарында кезек-кезек өткізілетін тұрақты сессияларға; және
      b) екінші Тараптың аумағында немесе Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша басқа жерде өткізілетін арнайы сессияларда 30 күн ішінде Тараптың сұрау салуы бойынша шақырылады.
      4. Бірлескен комитет Тараптар үшін осындай іс-әрекеттің салдарын талқылау мақсатында және осы Келісімде көзделген кез келген уағдаластықтар үшін осы Келісімнің 15.3-бабына сәйкес Тараптың өтінішін алған жағдайда 30 күн ішінде шақырылады.
      5. Осы Келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің, комитеттердің және басқа да органдардың барлық шешімдерін Тараптардың консенсусы қабылдайды.

1.6-бап Басым инвестициялық жобалар

      1. Басым инвестициялық жобаларды бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті Үкіметтері және екінші жағынан, Вьетнам Үкіметі бекітеді.
      2. Осы Келісімнің басқа ережелеріне қарамастан және басым инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған Тараптар консультацияларының қорытындысы ретінде де Тараптардың қосымша артықшылықтар беруге құқығы бар. Осындай шешімдерді өз құзыреттері шеңберінде тиісті Тараптардың тиісті органдары қабылдайды.

1.7-бап Байланысушы тұлғалар

      1. Әрбір Тарап осы Келісімге қатысты кез келген мәселелер бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимылды оңайлату үшін байланысушы тұлғаны немесе тұлғаларды тағайындайды және өзінің байланысушы тұлғасы немесе тұлғалары туралы Бірлескен комитетті хабардар етеді.
      2. Тараптың байланысушы тұлғасы екінші Тараптың сұрау салуы бойынша осы мәселеге жауапты тиісті органды немесе лауазымды адамды айқындайды және қажет кезінде, сұрау салуды жіберген Тараппен бірге өзара іс-қимылды ұйымдастыруға көмектеседі.

1.8-бап Құпия ақпарат

      1. Әрбір Тарап өзі заңнамасына сәйкес осы Келісім шеңберінде екінші тараптың құпия ретінде ұсынған ақпаратының құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      2. Осы Келісімнің ешбір ережелері тарапты ашылуы құқық қолдануға кедергі келтіруі мүмкін немесе қоғамдық мүдделерге қайшы келуі немесе мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне қысым келтіруі мүмкін құпия ақпаратты, ұсынуға міндеттемейді.

1.9-бап Жалпы ерекшеліктер және қауіпсіздік пайымдылығы бойынша ерекшеліктер

      1. 1994 жылғы ТСБК ХХ бабы оның және ГАТС XIV бабы осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
      2. 1994 жылғы ТСБК XXI бабы және ГАТС XIVbis бабы осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
      3. Бірлескен комитетке осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданатын шаралар туралы және оларды тоқтату туралы барынша мүмкін дәрежеде хабарланады.

1.10-бап Қос мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

      Тараптар экспорттық бақылау туралы ұлттық заңнамалар, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер сақталған жағдайда, тауарлар және қос мақсаттағы көрсетілетін қызметтер саудасын реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Вьетнамның егемен құқықтарын таниды.

1.11-бап Төлем теңгерімін қорғау жөніндегі іс-шаралар

      1994 жылғы ТСБК XIІ бабы және 1994 жылғы ТСБК төлем теңгерімі туралы ережелерге қатысты уағдаластық осы Келісімге инкорпорацияланған және оның ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.

1.12-бап Басқа халықаралық келісімдерге қатысы

      1. Осы Келісім ДСҰ келісімін және Тараптардың ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерін қоса алғанда, Тараптар қатысушылары болып табылатын екіжақты және көпжақты келісімдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне залал келтірілместен қолданылады.
      2. Осы Келісімнің ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында да қолданылмайды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тек қана бір-біріне ұсынатын құқықтар мен артықшылықтарды Вьетнамға ұсынбайды.

1.13-бап Транспаренттілік

      1. Әрбір Тарап тиісті заңнамаға сәйкес, оның заңдары мен жалпы қолданылатын нормативтік актілер, сондай-ақ тиісті халықаралық келісімдер осы Келісімге енетін кез келген мәселелерге қатысты бөлігінде уақытылы жариялануға немесе өзгеше түрде оған еркін қол жеткізу үшін, соның ішінде, бұл мүмкін болған кезде электрондық нысанда орналастырылуға қажет екендігіне кепілдік береді.
      2. Мүмкіндігіне қарай, әрбір Тарап тиісті заңнамаға сәйкес:
      а) қабылдануға жоспарланған осы баптың 1-тармағында көрсетілген, осындай заңдар мен нормативтік актілерді алдын ала жариялайды; және
      b) мүдделі тұлғаларға және екінші Тарапқа осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұсынылған заңдар мен нормативтік актілер бойынша өз түсіндірмелерін беруге орынды мүмкіндіктер береді.
      3. Кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша екінші Тарап айрықша сұрақтарға дереу жауап береді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңдар мен нормативтік актілер туралы ақпаратты ұсынады.

2-ТАРАУ
ТАУАРЛАР САУДАСЫ

2.1-бап Ең қолайлы ұлт режимі

      1. Әкелуге және әкетуге немесе соларға байланысты салынатын немесе импорт немесе экспорт үшін төлемдерді халықаралық аударуға салынатын кедендік баждар мен әртүрлі алымдарға қатысты және осындай баждар мен алымдарды өндіріп алу әдісіне қатысты және әкелу мен әкетуге байланысты барлық қағидаларға және формальдылыққа қатысты және 1994 жылғы ГАТТ ІІІ бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық мәселелерге қатысты, уағдаласушы Тарап кез келген басқа елден шығатын немесе оған арналған кез келген тауарға ұсынатын кез келген артықшылық, қолайлы жағдай, басымдық немесе иммунитет дереу және сөзсіз екінші Тараптың аумағынан шығатын немесе сол аумаққа арналған осындай Тараптың ұқсас тауарына ұсынылуға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында ешбір нәрсе Тарапты екінші Тарапқа ең қолайлы ұлт негізінде басымдықты, қолайлы жағдайды, артықшылықты немесе иммунитетті ұсынуға міндеттемейді, оны Тарап кез келген үшінші мемлекетке келесі өлшемшарттардың кез келгенін орындаған кезде ұсынады:
      а) шекаралас сауданы жеңілдету мақсатында шектес елдерге;
      b) 1994 жылғы ГАТТ XXIV бабының ережелеріне сәйкес, кеден одағының, еркін сауда аймағының немесе өңірлік экономикалық ұйымның немесе кез келген басқа өңірлік сауда келісімдерінің қатысушыларына;
      с) 1994 жылғы ГАТТ сәйкес, ЮНКТАД шеңберінде тарифтік преференциялардың жалпы жүйесімен немесе Тараптардың тиісті заңнамасының басқа нормаларына сәйкес дамып келе жатқан және ең аз дамыған елдерге.

2.2-бап Ұлттық режим

      1994 жылғы ГАТТ ІІІ бабы және осы бапқа түсіндірме ескертулер инкорпорацияланған және осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.

2.3-бап Кедендік баждарды азайту және/немесе жою

      1. Егер өзгеше осы Келісімде көзделмесе, әрбір Тарап осы Келісімнің 1-қосымшасындағы оның тарифтік міндеттемелер кестесіне сәйкес, екінші Тараптың аумағынан шығатын тауарларға кедендік баждарды кезең-кезеңмен төмендетуге және/немесе жоюға тиіс және кез келген кедендік бажды арттырмауға немесе кез келген жаңа кедендік бажды белгілемеуге тиіс, соның нәтижесінде екінщі Тараптың аумағынан шығатын тауарлар үшін кедендік баждың мөлшерлеме көлемі осы Келісімнің 1-қосымшасындағы оның тарифтік міндеттемелер кестесіне сәйкес белгіленген деңгейден асып кетеді.
      2. Тарап кез келген кезде бір жақты тәртіппен осы Келісімнің 1-қосымшасындағы оның тарифтік міндеттемелер кестесіне сәйкес белгіленген шарттарға қатысты екінші Тараптың аумағынан шығатын тауарларға кедендік баждарды төмендетуі және/немесе жоюы мүмкін. Осы ереже кез келген Тарапқа тиісті жылы бір жақты төмендетуден кейін осы Келісімнің 1-қосымшасындағы оның тарифтік міндеттемелер кестесіне сәйкес белгіленген деңгейге дейін кедендік бажды арттыруға кедергі келтірмейді. Кедендік бажды осындай арттыру, төмендету және/немесе жою мүмкіндігін қарайтын Тарап кедендік баждың жаңа мөлшерлемесі күшіне енгенге дейін барынша ерте екінші Тарапқа хабарлауға тиіс.
      3. Тараптар осы Келісімнің 15.5-бабына сәйкес осы Келісімге өзгерістер енгізу арқылы осы Келісімнің 1-қосымшасындағы оның тарифтік міндеттемелер кестесіне сәйкес белгіленген кедендік баждарды жеделдетілген төмендету және/немесе жою мүмкіндігін қарай алады.
      4. Егер осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес қолданылатын, Тараптың аумағынан шығатын тауарға кедендік баждың мөлшерлемесі осы тауарға қатысты анағұрлым қолайлы жағдай жасау режиміне сәйкес қолданылатын кедендік баж мөлшерлемесінен жоғары болса, онда осындай тауар үшін соңғысы қолданылуы мүмкін.

2.4-бап ҮЖ кодының өзгерістері және сипаттаулар

      1. Әрбір Тарап оның ҮЖ кодтарына енгізілетін кез келген өзгерістер мен сипаттаулар осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген тарифтік міндеттемелерге залал келтірілмей жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
      2. Еуразиялық экономикалық одақтың ҮЖ кодтарына және сипаттауға осындай өзгерістерді және Вьетнамның ҮЖ кодтары мен сипаттауға өзгерістерді тиісінше Еуразиялық экономикалық комиссия және Вьетнам жүзеге асыруға тиіс. Тараптар ҮЖ кодтары мен сипаттауға кез келген өзгерістер уақытылы еркін қолжетімділікпен орналастыруға және бір-біріне тоқсан сайын хабарлауға тиіс.

2.5-бап Импортпен және экспортпен байланысты баждар, алымдар және формальдылықтар

      1. 1994 жылғы ГАТТ VIII бабы және осы бапқа түсіндірме ескертулер инкорпорацияланған және осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
      2. Әрбір Тарап оның құзыретті органдарының өзі өндіріп алатын баждар мен алымдар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-сайттары арқылы еркін қолжетімділікпен орналастыруын қамтамасыз етуге тиіс.

2.6-бап Сауда нормаларын әкімшілендіру

      Әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ Х бабының ережелеріне сәйкес тауарлар саудасына қатысты жалпы қолданылатын барлық ұлттық заңдарды, қағидаларды, сот шешімдері мен әкімшілік өкімдерді бірыңғай, бейтарап және орынды қолдануды қамтамасыз етеді.

2.7-бап Субсидиялар

      1. ДСҰ Келісімінің 1А Қосымшасына сәйкес Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің қолданысына жатпайтын тауарларға қатысты субсидияларды қолдану бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері 1994 жылғы ГАТТ XVI бабының ережелерімен, СӨШ Келісімімен, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде олардың тиісті міндеттемелерімен регламенттеледі.
      2. Тараптар көпжақты негізде ауыл шаруашылығының өніміне қатысты экспорттық субсидияларды жою мақсатына ортақтас.
      3. Екінші Тараптың аумағына жеткізу үшін арналған ауыл шаруашылығы өніміне қатысты экспорттық субсидияларды қолдану бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттері ДСҰ шеңберінде олардың тиісті міндеттемелерімен реттеледі.
      4. Әрбір Тарап осы баптың ережелеріне сәйкес қолданылатын субсидиялардың транспаренттілігін қамтамасыз етеді. Тараптың сұрау салуы бойынша екінші Тарап өзі ұсынған және қолданатын СӨШ келісімінің ережелерін түсінуде айрықша субсидиялар туралы ақпаратты орынды мерзімде ұсынады. Осындай ақпарат СӨШ Келісімінің 25.3-бабында көзделген мәліметтерді қамтиды.

2.8-бап Импорттық лицензиялау

      1. Әрбір Тарап ДСҰ Келісімінің 1А Қосымшасында Импорттық лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – Импорттық лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісім) 1-3-баптарында айқындалған оның импорттық лицензиялау рәсімдерінің транспаренттік және болжамды үлгіде енгізілуін және Импорттық лицензиялау жөніндегі келісімге сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді;
      2. Әрбір Тарап Импорттық лицензиялау жөніндегі келісімнің 1.4-бабына сәйкес лицензиялау рәсімдеріне қатысты өзінің қағидағалары мен ақпаратының жариялануын қамтамасыз етеді. Лицензиялау рәсімдерін енгізетін немесе осындай рәсімдерді өзгертетін Тарап бұл туралы екінші Тарапты жарияланған кезден бастап 60 күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс. Осындай хабарламалар Импорттық лицензиялау жөніндегі келісімнің 5.2 және 5.3-баптарында айқындалған ақпаратты қамтуға тиіс. Ақпарат осы мақсаттар үшін тағайындалған әрбір Тараптың уәкілетті байланыс тұлғасы арқылы берілуге тиіс.

2.9-бап Сандық шектеулер

      1. Тараптардың ешқайсысы ДСҰ шеңберінде оның міндеттемелерімен айқындалған шарттарды қоспағанда, екінші Тараптың кез келген тауарлар импортына немесе екінші Тараптың аумағына жеткізілетін кез келген тауарлар экспортына тыйым салуды немесе оларды шектеуді қоса алғанда, кез келген сандық шектеулерді белгілей немесе сақтай алмайды, осы мақсатта 1994 жылғы ГАТТ XI және XII баптары және осы баптарға түсіндірме ескертулер инкорпорацияланған және осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.
      2. Әрбір Тарап осы баптың 1-параграфына сәйкес жол берілген кез келген сандық шектеулердің ашықтығын қамтамасыз етеді және кез келген осыған ұқсас шаралар Тараптар арасындағы саудаға артық кедергілер жасайтын сондай мақсатта немесе сондай салдармен құрылмайтынына, қабылданбайтынына немесе қолданылмайтынына кепілдік береді.

2.10-бап Триггерлік қорғаныс шаралары

      1. Еуразиялық экономикалық одақ осы Келісімнің 2-қосымшасында санамаланған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына импортталған, Вьетнамнан шығатын тауарларға қатысты, егер осындай тауарлар импортының көлемі күнтізбелік жыл ішінде осы Келісімнің 2-қосымшасында көрсетілген осы жылға белгіленген триггерлік деңгейден асса, триггерлік қорғаныс шараларын қолдануы мүмкін.
      2. Триггерлік қорғаныс шаралары триггерлік қорғаныс шараларын енгізу күніне қаралып отырған тауарға қатысты кедендік баждың, ең қолайлы жағдай жасау режимінің мөлшерлеме көлеміне балама баждың нысанында қолданылады.
      3. Триггерлік қорғаныс шарасының қолданылу мерзімі 6 айдан аспайды.
      4. Осы баптың 3-тармағының ережелеріне қарамастан, егер триггерлік қорғаныс шарасының қолданылуы басталған күніне импортталатын тауар көлемі белгіленген триггерлік деңгейден 150 немесе одан астам пайызға артса, шараның қолданылу мерзімі 3 айға ұзартылуы мүмкін.
      5. Еуразиялық экономикалық одақ Въетнамның соларға қолжетімділігін қамтамасыз ететін тәртіппен импорт көлемдері туралы деректерді жариялауды қамтамасыз етеді. Осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттарды орындау фактісі анықталған кезде Еуразиялық экономикалық одақ бұл туралы Вьетнамды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді. Еуразиялық экономикалық одақтың триггерлік қорғаныс шарасын қолдану құқығына залал келтірмей, Еуразиялық экономикалық одақ шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей триггерлік қорғаныс шарасын енгізуге қатысты жазбаша хабарлама жібереді, сондай-ақ шешім ол қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес күшіне енген жағдайда, тиісті шешім қабылданған күннен кейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей шараны енгізу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Триггерлік қорғаныс шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ бұл туралы Вьетнамды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді.
      6. Кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша екінші Тарап осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес триггерлік қорғаныс шарасын енгізу және қолдану шарттарын түсіндіру мақсатында дереу консультациялар жүргізеді және/немесе сұратылатын ақпаратты ұсынады.
      7. Осы Келісім күшіне енген күннен кейін әрбір үш жылда Тараптар осы баптың ережелерін қайта қарайды және қажет болған кезде осы Келісімнің 15.5-бабына сәйкес осы бапқа және осы Келісімнің № 2 қосымшасына өзгерістер енгізу бойынша бірлескен шешімдер қабылдайды.

2.11-бап Мемлекеттік сауда кәсіпорындары

      Әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ XVII бабына және ДСҰ шеңберіндегі оның міндеттемелеріне сәйкес оның мемлекеттік сауда кәсіпорындарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2.12-бап Тауарлар саудасы жөніндегі комитет

      1. Тараптар осымен әрбір Тараптың өкілдерінен тұратын Тауарлар саудасы жөніндегі комитетті (бұдан әрі – «Тауарлар жөніндегі комитет») құрады.
      2. Тауарлар жөніндегі комитет осы тараудың және 3 (Қорғаныс шаралары), 4 (Шығарған жерін айқындау қағидалары), 5 (Кедендік әкімшілендіру және сауданы жеңілдету), 6 (Саудадағы техникалық тосқауылдар), 7 (Санитариялық және фитосанитариялық шаралар) тараулардың ережелері шеңберінде туындайтын кез келген мәселелерді қарау үшін кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша жиналуға тиіс.
      3. Тауарлар жөніндегі комитеттің функциялары:
      а) Осы баптың 2-параграфында көрсетілген тараулардың ережелерін қайта қарауды және олардың орындалуы мен қолданылуына мониторинг жасауды;
      b) Қажет болған жағдайда бірлескен комитет үшін нарыққа қолжетімділікті дамыту және жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында осы тарау ережелеріне және осы Келісімнің 1-қосымшасындағы тарифтік міндеттемелер кестесіне кез келген түзетулер бойынша тиісті ұсынымдарды қайта қарауды және әзірлеуді;
      с) пайда болуы мүмкін кез келген проблемаларды шешу мақсатында ұсынымдарды айқындауды және беруді;
      d) Бірлескен комитетке осы тараудың ережелерін қолдануға байланысты кез келген мәселелерді қарау нәтижежелерін беруді қамтиды.

3-ТАРАУ
ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

3.1-бап Өтемақы шаралары

      1. Тараптар 1994 жылғы ГАТТ VI және XVI баптарының және СӨШ Келісімінің ережелеріне сәйкес өтемақы шараларын қолданады.
      2. Өтемақы тергеулерін жүргізу және өтемақы шараларын қолдану мақсатында Вьетнам Еуразиялық экономикалық одаққа барлық мүше мемлекеттері үшін 1994 жылғы ГАТТ XVI бабын және СӨШ Келісімін түсінудегі субсидиялар Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде қолжетімді болып табылмағанша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді жалпы Еуразиялық экономикалық одақ ретінде емес, ал жеке қарайды.

3.2-бап Демпингке қарсы шаралар

      1. ДСҰ құру туралы келісімнің 1А Қосымшасына сәйкес 1994 жылғы Тараптар ГАТТ VI бабының және 1994 жылғы ГАТТ VI бабын қолдану бойынша ДСҰ Келісімінің ережелеріне сәйкес демпингке қарсы шараларды қолданады.
      2. Егер тараптар өзге туралы уағдаласпаса, демпингке қарсы тергеулерді жүргізу және демпингке қарсы шараларды қолдану мақсатында Вьетнам Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді жалпы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінен тыс жеке қарайды.

3.3-бап Жаһандық арнайы қорғау шаралары

      Тараптар ДСҰ құру туралы Келісімнің 1А қосымшасына сәйкес 1994 жылғы ГАТТ ХІХ бабының және қорғау шаралары жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес, (ғаламдық) арнайы қорғану шараларын қолданады.

3.4-бап Екі жақты арнайы қорғау шаралары

      1. Егер, осы Келісімге сәйкес кеден баждарын азайту немесе жою нәтижесінде, бір Тараптан басқа Тараптың аумағына шығатын қандай да бір тауардың импорты осындай өскен мөлшерде жүзеге асырылса (осындай тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе қатысты көрсеткіштермен) және бұл импорттаушы Тарапқа сәйкес немесе тікелей бәсекелесетін тауарды жүргізетін экономика салаларына күрделі зиян келтіретін немесе осындай зиян келтіру қаупін туғызатын жағдайларда іске асырылса, онда импорттаушы Тарап ауыспалы кезең ішінде осы тауарға қатысты осы баптың ережелеріне сәйкес күрделі залалды немесе оны келтіру қаупін болдырмау немесе жою үшін қажетті көлемде екі жақты арнайы қорғау шарасын қолдана алады.
      2. Екі жақты арнайы қорғау шаралары өсіп жатқан импорт күрделі залал келтіретіні немесе күрделі залал келтіру қаупін туғызатыны туралы дәлелдемелер болған кезде ғана қолданылады.
      3. Осы Бапқа сәйкес екі жақты арнайы қорғау шарасын қолдануға ниеттенетін Тарап тез арада және шараны енгізгенге дейін кез келген жағдайда ол туралы басқа Тарапқа және Бірлескен комитетке хабардар етеді. Хабарламада барлық қажетті ақпарат, оның ішінде өскен импортқа байланысты күрделі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуы туралы дәлелдемелер, тауардың және ұсынылған шараның толық сипаттамасы, сондай-ақ оны енгізудің болжанған күні, қолдану мерзімі және болған жағдайда, оны біртіндеп жою графигі қамтылады.
      4. Өзіне қатысты шара қолданылуы мүмкін Тарапқа осы Тараптан импортқа қатысты сауда ырықтандыруына елеулі балама түрде өтемақы ұсынылуы тиіс. Тарап осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабардар ету күнінен бастап 30 күн ішінде өзара қолайлы шешімді іздеу мақсатында ұсынылған ақпаратты зерделеуге тиіс. Осындай шешім болмаған кезде импорттаушы Тарап өзара келісілген өтемақы болмаған кезде де екі жақты арнайы қорғаныс шарасын қолдана алады. Өзіне қатысты екі жақты арнайы қорғау шарасы қолданылатын Тарап өтемақы шараларын қолдана алады. Екі жақты арнайы қорғау шарасын және өтемақы шараларын қолдану туралы дереу басқа Тарап хабардар етіледі. Өтемақы шарасы, әдетте, саудаға әсер ету дәрежесі бойынша елеулі балама көлемде және/немесе екі жақты арнайы қорғау шарасын қолданудан күтілетін қосымша баждарға елеулі балама көлемде кемітуді ұсынуын тоқтату нысанында қолданылады. Өтемақы шарасы саудаға елеулі балама әсер ету үшін қажетті ең төмен мерзім ішінде және кез келген жағдайда осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған екі жақты арнайы қорғау шарасының қолданыс мерзімі ішінде ғана қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында айқындалған шарттарды орындаған кезде, импорттаушы Тарап екі жақты арнайы қорғау шарасын:
      а) қарастырылған тауар үшін осы Келісімде көзделген кеден бажының қолданылатын мөлшерлемесін одан әрі азайтуды тоқтата тұру; немесе
      b) қарастырылған тауарға қатысты кеден бажының қолданылатын мөлшерлемесін осы тауардың өскен импортымен келтірілетін залалды жоюға қажетті деңгейге дейін, бірақ осы Келісімге № 1 қосымшада айқындалған базалық мөлшерлеме көлемінен асырмай арттыру нысанында қолдана алады
      6. Тараптар екі жақты арнайы қорғау шараларын мынадай мезгілдер ішінде қолдана алады:
      а) Солар үшін кеден баждарын азайту осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде аяқталатын тауарларға қатысты Тарап екі жылдан аспайтын мерзімге екі жақты қорғау шарасын қолдана алады. Тарап алдыңғы екі жақты қорғау шарасының қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде бір тауарға қатысты екі жақты арнайы қорғау шарасын қабылдай алмайды. Екі жақты арнайы қорғау шарасы бір тауарға қатысты екі реттен астам қолданыла алмайды.
      b) Солар үшін кеден баждарын азайту осы Келісім күшіне енген күннен бастап 3 жылдан астам уақыт өткен соң аяқталатын тауарларға қатысты Тарап екі жылдан аспайтын мерзімге екі жақты қорғау шарасын қолдана алады. Екі жақты арнайы қорғау шарасының қолданыс мерзімі, егер бұл күрделі залалды немесе оны келтіру қаупін жоюға немесе болдырмауға және өзгермелі экономикалық жағдайларға экономика салаларын бейімдеуге қажет екендігіне дәлелдер болса, бір жылдан астам мерзімге ұзартылуы мүмкін. Тарап алдыңғы екі жақты арнайы қорғау шарасының қолданыс мерзіміне тең мерзім ішінде бір тауарға қатысты екі жақты арнайы қорғау шарасын қолданбайды. Екі жақты арнайы қорғаныс шарасы бір тауарға қатысты екі реттен астам қолданыла алмайды.
      7. Екі жақты арнайы қорғау шарасының қолданыс мерзімі аяқталған соң кеден бажының мөлшерлемесі шараның қолданысы аяқталған күнде қолданыста болған деңгейде белгіленеді.
      8. Тараптардың ешқайсысы бір тауарға қатысты бір мезгілде:
      а) екі жақты арнайы қорғау шарасын; және
      b) 1994 жылғы ГАТТ ХІХ бабында және ДСҰ құру туралы келісімге 1А Қосымшаға сәйкес қорғау шаралары жөнінде ДСҰ Келісімінде көзделген шараны қолданбайды.
      9. Осы баптың 1-тармағында экономика саласы деп Тараптың аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың барлық өндірушілері не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлемінде үлесі елеулі бөлігін, бірақ Тараптар аумағында осындай тауарды өндірудің жалпы көлемінен 25 % кем емес бөлігін құрайтын өндірушілер түсініледі.
      10. Осы баптың 1-тармағында ауыспалы кезең деп соларға қатысты екі жақты арнайы қорғау шарасы қолданылатын жеке тауарларға қатысты:
      а) осы Келісім күшіне енген күннен басталатын және осы Келісім күшіне енгеннен кейін солар үшін кеден баждарын соңғы деңгейге дейін азайту үш жыл ішінде аяқталатын тауарларға қатысты кеден баждарын азайту немесе жою аяқталған күннен бастап жеті жылдан кейін аяқталатын кезең;
      b) осы Келісім күшіне енген күннен басталатын және осы Келісім күшіне енгеннен кейін үшінші жылдан бесінші жылға дейін солар үшін кеден баждарын соңғы деңгейге дейін азайту мерзімінде аяқталатын тауарларға қатысты кеден баждарын азайту немесе жою аяқталған күннен бастап бес жылдан кейін аяқталатын кезең; және
      с) осы келісім күшіне енген күннен басталатын және осы Келісім күшіне енгеннен кейін солар үшін кеден баждарын соңғы деңгейге дейін азайту бес жыл біткеннен кейінгі мерзімде аяқталатын тауарларға қатысты кеден баждарын азайту немесе жою аяқталған күннен бастап үш жылдан кейін аяқталатын кезең түсініледі.

3.5-бап Хабарламалар

      1. Тараптар арасында осы тараудың қолданысына жататын мәселелер бойынша ресми хабарламалар және құжаттар алмасу осы тараудың ережелеріне сәйкес тергеуді жүргізуге уәкілеттік берілген тиісті органдар (бұдан әрі – тергеу жүргізетін орган) арасында жүзеге асырылады. Въетнам осы тарауға сәйкес шараны қолдануға ниет білдірген жағдайда, екінші Тарап өзге уәкілетті органды айқындай алады, ол туралы Въетнамды хабардар етеді.
      2. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде Тараптар тергеу жүргізетін органдардың атаулары мен байланыс деректері туралы ақпарат алмасады. Тараптар тергеу жүргізетін органға қатысты кез келген өзгерістер туралы дереу бір-бірін хабардар етеді.
      3. Жаһандық арнайы қорғау шарасын қолдануға ниет білдірген Тарап тергеудің басталуына, тергеу қорытындылары бойынша алдын ала және түпкілікті нәтижелері туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын жазбаша хабарламаны дереу екінші Тарапқа жібереді.

4-ТАРАУ
ШЫҒУ ТЕГІН АЙҚЫНДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4.1-бап Қолданылу саласы

      Осы тарауда көзделген, шығу тегін айқындау қағидалары осы Келісімге сәйкес тарифтік жеңілдіктерді ұсыну мақсатында айрықша қолданылады.

4.2-бап Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:
      а) «аквамәдениет» – өндірісті арттыру мақсатында, мысалы тұрақты балық жіберу, қоректендіру немесе жыртқыштардан қорғау арқылы даму мен өсу процестеріне әсер ету жолымен, су ағзаларын, оның ішінде жұмыртқа, майда балықтары, шабақ, дернәсіл сияқты шикізаттан балықты, ұлуларды, шаян тәрізділерді, басқа сулы омыртқасыздарды және су өсімдіктерін өсіру;
      b) «уәкілетті орган» – осы Келісімнің мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беруге Тарап тағайындайтын құзыретті орган;
      с) «CIF жеткізу жағдайларындағы құны» – импорт еліне кіру портына немесе жеріне дейін жалдау және сақтандыру құнын қамтитын импорт кезіндегі тауардың құны;
      d) «партия» – бір жүк алушының мекенжайына басқа жүк жөнелтушіден бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша бір мезгілде жіберілетін тауарлар, сондай-ақ шекараны кесіп өтетін бір тұлға жүк ретінде орны ауыстырылатын не бір пошталық жүкқұжат бойынша жөнелтілетін тауарлар;
      е) «экспорттаушы» – көрсетілген тұлға тауарды содан экспорттайтын Тараптың аумағында орналасқан тұлға;
      f) «FOB жеткізу жағдайларындағы құны» – шетелге түпкілікті жүк түсіру портына немесе жеріне дейін тасымалдау құнын қамтитын тауардың құны;
      g) «импорттаушы» – Тараптың аумағында орналасқан, соған көрсетілген тұлға тауар импорттайтын тұлға;
      h) «материал» – тауарды өндірген кезде, ингредиентті, шикізатты, құрамдас бөлігін немесе тауарды өндіруде пайдаланылатын немесе тұтынылатын, тауарға физикалық енгізілген немесе басқа тауарды өндірген кезде өңдеуге ұшырайтын бөлігін қоса алғанда, кез келген зат немесе материя;
      і) «шығарылмайтын тауарлар» немесе «шығарылмайтын материалдар» – осы Тарауда жазылған, шығу тегінің өлшемшарттарына жауап бермейтін тауарлар немесе материал;
      j) «шығарылатын тауарлар» немесе «шығарылатын материалдар» – осы Тарауда жазылған, шығу тегінің өлшемшарттарына жауап беретін тауарлар немесе материалдар;
      k) «өндіруші» – Тараптың аумағында тауар өндірісін жүзеге асыратын тұлға;
      l) «өндіріс» – өсіруді, өндіруді, жинауды, егуді, алуды, алымды, жинауды, аулауды, балық аулау мен аңшылықты, қайта өңдеуді, өңдеуді немесе тауар жинауды қамтитын тауарларды алу тәсілдері;
      m) «верификациялаушы орган» – Тарап верификациялау бойынша рәсімдерді жүзеге асыруға тағайындайтын құзыретті үкіметтік орган;

4.3-бап Шығу тегінің өлшемшарттары

      Осы Тараудың мақсаттары үшін тауарлар, егер:
      а) осы Келісімнің 4.4-бабына сәйкес осындай Тарапта толық алынса немесе өндірілсе; немесе
      b) осы Тараптардан шығарылатын материалдардан ғана бір немесе бірнеше Тараптарда өндірілсе; немесе
      с) шығарылмайтын материалдарды пайдаланып Тараптың аумағында өндірілсе және осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген шығу тегінің ерекше өлшемшарттары тізбесінің талаптарын қанағаттандырса, осы Тарапта шығарылған деп есептеледі.

4.4-бап Толық алынған немесе өндірілген тауарлар

      Осы Келісімнің 4.3-бабын қолданудың мақсаты үшін мынадай тауарлар Тарапта толық алынған немесе өндірілген деп есептеледі:
      а) Тараптың аумағында өсірілген немесе жиналған жемістерді, жидектерді, гүлдерді, көкөністерді, ағаштарды, балдырларды, саңырауқұлақтар мен тірі өсімдіктерді қоса алғанда, өсімдіктер мен өсімдік тектес өнімдер;
      b) Тараптың аумағында төлдеген және өсірілген тірі жануарлар;
      с) Тараптың аумағында тірі жануарлардан алынған өнімдер;
      d) Тараптың аумағында аквамәдениетті өсіру, жинау, аң аулау, ұстау, балық аулау кәсібі, ауыл шаруашылығы нәтижесінде алынған өнімдер;
      е) Тараптың аумағында ауадан, топырақтан, судан немесе теңіз түбінен және оның жер қойнауынан алынған немесе өндірілген минералдар мен басқа пайдалы қазбалар;
      f) Тарапта тіркелген немесе жазылған және оның туы астында жүретін кеме халықаралық құқық нормаларына сәйкес ашық теңізде алған, теңіз балық аулау кәсібінің өнімдері мен теңіз кәсібінің басқа өнімдері;
      g) Тарапта тіркелген немесе жазылған және оның туы астында жүретін қайта өңдейтін кеме бортында осы баптың f) тармақшасында көрсетілген өнімдерден ғана алынған өнімдер;
      h) осындай өнімдер шикізатқа қайта өңдеу үшін ғана жарамды болған жағдайда, Тараптың аумағында өндіру және тұтыну нәтижесінде алынған қалдықтар мен сынықтар;
      і) Тараптың аумағында осындай өнімдер шикізатқа қайта өңдеу үшін ғана жарамды болған жағдайда жиналған, тұтынуда болған бұйымдар;
      j) Тарапта тіркелген ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған өнімдер;
      k) Тараптың аумағында осы баптың a) – j) тармақтарында көрсетілген тауарлардан ғана өндірілген немесе алынған тауарлар.

4.5-бап Қосылған құнының үлесі

      Осы Тарауды және осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген, шығу тегінің ерекше өлшемшарттарының тізбесін қолдану мақсаттары үшін қосылған құнының үлесі мынадайі формула бойынша есептелуге тиіс:
      FOB жеткізу жағдайларындағы құны – Шығарылмайтын материалдар құны
______________________________________________________
x 100%,
              FOB жеткізу жағдайларындағы құны
      мұнда шығарылмайтын материалдардың құны:
      a) Тараптың аумағына материалдарды кіргізген сәтте CIF жеткізу жағдайларындағы құны; немесе
      b) Тауарды өңдеу және ұқсату жүзеге асырылған Тараптың аумағында осы шығарылмайтын материалдар үшін бұрын төленген немесе төленуге тиіс баға болып табылады.
      Егер өндіруші соларды кейіннен қайта өңдеу жүргізілетін Тараптың аумағында шығарылмайтын материалдарды алатын болса, онда осындай материалдардың құнына жалдауға, сақтандыруға, орауға арналған шығындар және осы материалдарды өнім берушіден өндіру жеріне дейін жеткізуге байланысты басқа да шығыстар қосылмауға тиіс.

4.6-бап Жеткіліксіз өңдеу немесе қайта өңдеу

      1. Жекелей немесе бір-бірімен үйлесімді жүзеге асырылатын мына операциялар осы Келісімнің 4.3-бабының талаптарын орындау үшін жеткіліксіз деп есептеледі:
      а) тауарды сақтау немесе тасымалдау кезінде оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
      b) мұздату және мұзын ерту;
      с) орау және қайта орау;
      d) жуу, тазалау, шаңды, тотықты, майды, бояуды немесе басқа төсемдерді алып тастау;
      е) тоқыманы үтіктеу немесе нығыздау;
      f) бояу, жылтырату, лактау, маймен қаптау (сіңіру);
      g) дәнділер мен күріштің қабығын аршу, бөлшектеп немесе толығымен ағарту, жылтылдату мен ажарлату;
      h) қантты бояу немесе кесек қантты қалыптастыру;
      і) дәндердің қабығын аршу және оларды алу, жемістердің, көкөністер мен жаңғақтардың қабығын аршу;
      j) қарапайым қайрау, жылтылдату, тарту;
      k) кесу;
      l) елеу, іріктеу, сұрыптау, жіктеу;
      m) банкілерге, сауыттарға, қапшықтарға, жәшіктерге, қораптарға құю, салу, үстіңгі бетке бекіту және орау жөніндегі басқа да қарапайым операциялар;
      n) сауда маркаларын, логотиптерді, этикеткаларды және басқа ұқсас айыру таңбаларын өнімге немесе оның орамасына салу немесе басу;
      о) алынған өнімнің бастапқы құрамдауыштардан айтарлықтай ерекшеленуіне әкеп соқпайтын өнімді (құрамдауыштарды) қарапайым араластыру;
      р) тауарды бөлшектерден құрастыру және тауарды бөлшектерге бөлшектеу жөніндегі қарапайым операциялар;
      q) малды сою, етті сұрыптау;
      2. Осы баптың 1-тармағына қолдану мақсаттары үшін қарапайым операция деп жүзеге асырылуы үшін арнайы шеберлікті (дағдыны), машиналарды, аспаптарды немесе осы операцияға арналған арнайы жабдықты қолдануды талап етпейтін операция түсініледі.

4.7-бап Шығу тегінің кумуляциясы

      Осы Келісімнің 4.3 бабы үшін залалсыз, Тараптардың бірінің аумағынан шығатын және басқа Тарапта тауарларды өндіруге пайдаланылатын тауарлар немесе материалдар осы Келісімнің 4.6 бабының 1-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, соңғы операциялар орындалған сол Тарапта шығарылған ретінде қарастырылуға тиіс. Осындай материалдардың шығуы уәкілетті орган берген тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталуға тиіс (EAV Нысан).

4.8-бап DeMinimis

      1. Осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес тауар жіктеуінің өзгеру талаптарын қанағаттандырмайтын тауарлар, соған қарамастан, егер:
      а) тауарларды өндіруде пайдаланылған және тауар жіктеуінің қажетті өзгерістеріне ұшырамаса, барлық шығарылмайтын материалдардың құны FOB жағдайларында осындай тауарлар құнының 10 пайызынан аспайтын; және
      b) тауарлар осы тараудың барлық басқа талаптарына жауап беретін болса, шығаратын тауарлар ретінде қарастырылатын болады.
      2. Осы баптың 1-тармағының а) тармақшасында көрсетілген материалдардың құны қосылған құн үлесін есептеу мақсатында шығарылмайтын материалдар құнына енгізілуге тиіс.

4.9-бап Тікелей жеткізу

      1. Осы тарауға сәйкес тарифтік преференциялды режим импорттаушы Тараптың аумағына экспорттаушы Тараптың аумағынан оларды тікелей жеткізу жағдайында шығатын тауарларға қатысты ұсынылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, шығатын тауарлар егер:
      а) үшінші елдердің аумағы арқылы транзиттеу географиялық немесе көліктік себептерге байланысты болған;
      b) тауарлар сауда немесе тұтыну объектісі болмаған;
      с) тауарлар жүк түсіру, жүк арту, сақтау бойынша операцияларды, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған өзге операцияларды қоспағанда, қандай да бір операцияларға ұшырамаған жағдайда, үшінші елдердің аумағы арқылы тасымалдана алады.
      3. Декларант импорттаушы Тараптың кеден органдарына осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптардың орындалуына тиісті құжаттамалық растауларды ұсыну қажет. Осындай дәлелдер импорттаушы Тараптың кеден органдарына мыналарды беру арқылы:
      а) бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына тауарларды ауыстыру бағытын куәландыратын, мынадай ақпаратты қамтитын көлік құжаттарын:
      і. тауарларды нақты сипаттау;
      іі. тауарларды түсіру және арту күні (егер көлік құжаттары тауарларды түсіру мен арту туралы ақпаратты қамтымаса, онда оған қосымша ретінде осындай ақпаратты қамтитын өзге құжаттар ұсынылуға тиіс); және
      ііі. осы қолданылатын жерде:
      - кемелердің немесе басқа пайдаланылатын көлік құралдарының атаулары;
      - контейнер нөмірлері;
      - сол кезде тауарлар үшінші елдер арқылы транзит кезінде тиісті жағдайда болған шарттар;
      - транзит елдеріне кеден органдарының белгілері;
      b) тиісті тауарларға инвойстар (шот-фактуралар) ұсынылады.
      4. Декларант осы баптың 2-тармағының орындалуын растайтын өзге құжаттарды беруі мүмкін.
      5. Көлік құжаттарын ұсыну мүмкін болмаған жағдайда транзит елінің кеден органдары берген және осы баптың 3-тармағының а) тармақшасында көзделген барлық ақпаратты қамтитын құжаттар ұсынылуы мүмкін.
      6. Егер декларант импорттаушы Тараптың кеден органдарына тікелей жеткізу шарттарын орындауға құжаттамалық растауды ұсына алмаса, тарифтік преференциялар берілмейді.

4.10-бап Тікелей сатып алу

      1. Импорттаушы Тарап шығатын тауарларға қатысты, егер үшінші тарапта тіркелген тұлға инвойсты берген жағдайда, осы тараудың барлық талаптары осындай тауарларға қатысты орындалған жағдайда, тарифтік преференциялар режимін ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, импорттаушы Тарап, егер инвойсты үшінші тарапта тіркелген тұлға берсе немесе оффшорлық елдер тізбесіне енгізілген аумақта немесе бірлескен Хаттамада анықталған аумақта берілсе, тарифтік преференциялары режимін ұсынбайды. Тараптардың тиісті құзыретті органдары өзара келісім негізінде осындай Хаттаманы қабылдауға және оны жалпыға қолжетімді етуге уәкілетті болады.
      3. Осы баптың 2-тармағына залалсыз, осындай Хаттаманы қабылдағанға дейін оффшорлық елдер мен осы Келісімге 4-қосымшада келтірілген аумақтар тізбесі қолданылады.

4.11-бап Бөлшек сатуға арналған орама материалдар

      1. Егер осы Келісімнің 3-қосымшасының талаптарына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде тауар жіктеу кодын алмастыру көрсетілсе, тауарлардың бөлшек саудасына арналған және осы тауарлармен бірге жіктелетін орама материалдар мен ыдыстардың шығу тегін анықтау кезінде назарға алынбауға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, бөлшек саудаға арналған ораманың шығу тегінің адвалорлық үлес қағидаларын қолданған жағдайда, қосылған құнның үлесін есептеу мақсатында шығарылмайтын материалдардың құнын анықтаған кезде есепке алынады.

4.12-бап Тасымалдауға арналған орама материалдар

      Тауарларды ғана тасымалдауға арналған орама материалдар мен контейнерлер тауарлардың шығу тегін анықтаған кезде есепке алынбауға тиіс.

4.13-бап Құрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер, құралдар, нұсқаулар мен ақпараттық материалдар

      1. Егер осы Келісімнің 3-қосымша талаптарына сәйкес, жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде тауар сыныптамасының кодын алмастыру көрсетілсе, тауарлардың ажырамас бөлігі болып табылатын құрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер, құралдар, нұсқаулар мен ақпараттық материалдар, сондай-ақ оның құнына жеткізу жағдайларында қосылатын FOB өнімнің бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс және тауарлардың шығу тегін анықтау кезінде назарға алынбауға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, құрылғылардың, керек-жарақтардың, қосалқы бөлшектердің және құралдардың, оқу және ақпараттық материалдардың шығуының адвалорлық үлесі қағидасын қолданған жағдайда, қосылған құн үлесін есептеу мақсатында шығарылмайтын материалдардың құнын анықтаған кезде есепке алынады.
      3. Осы бап, егер:
      а) тауарларға арналған құрылғыларға, керек-жарақтарға, қосалқы бөлшектерге, нұсқаулар мен ақпараттық материалдарға тауардан бөлек коммерциялық есепшот қойылмаған; және
      b) құрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер, нұсқаулар мен ақпараттық материалдар саны мен құны осы тауар үшін әдеттегі болған жағдайларда ғана қолданылуға тиіс.

4.14-бап Жинақтар

      Үйлестірілген жүйені түсіндірудің 3 Негізгі қағидасына сәйкес өнімдер жинағы, егер олардың барлық құрамдас бөліктері шығарылатын болса, шығарылған ретінде қарастырылады. Соған қарамастан, егер жинақ шығарылатын және шығарылмайтын тауарлардан құралса, жалпы жинақ, егер шығарылмайтын тауарлар құны FOB-ты жеткізу жағдайларында 15 пайыздан аспайтын болса шығарылатын ретінде қарастырылуға тиіс.

4.15-бап Жанама материалдар

      Тауарлардың шығу тегін анықтау мақсатында өндіру кезінде пайдаланылуы мүмкін және соңғы өнім құрамына қосылмайтын мынадай жанама материалдардың шығу тегі есепке алынбайды:
      а) отын және электр энергиясы;
      b) аспаптар, мөрлер мен баспасөз-нысандары;
      с) жабдықтар мен ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуге пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен материалдар;
      d) жабдықтар мен ғимараттарды пайдаланған кездегі немесе өндірісте пайдаланатын майлау материалдары, телімдер және басқа материалдар;
      е) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қолғап, көзілдірік, аяқ киім, киім, жабдық;
      f) тауарларды тестілеу немесе тексеру үшін пайдаланылатын жабдық, құрылғылар;
      g) катализаторлар және еріткіштер;
      h) тауарға қосылмаған, бірақ тауарларды әзірлеген кезде оларды пайдалану өндірістік процестің бөлігі ретінде көрсетілуі мүмкін кез келген басқа материалдар.

II ТАРАУ. ШЫҒУ ТЕГІН ҚҰЖАТТЫҚ РАСТАУ

4.16-бап ТАРИФТІК ПРЕФЕРЕНЦИАЛДЫ РЕЖИМ ӨТІНІШІ

      1. Тарифтік преференциалды алу мақсаты үшін деклорант импорттаушы Тараптың кеден органына осы тараудың талаптарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынуға міндетті.
      2. Импорттаушы Тараптың кеден органына ұсынылатын тауардың шығау тегі туралы сертификат түпнұсқа, жарамды, сондай-ақ осы Келісімнің 5-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес болып және осы Келісімнің 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес тиісті түрде толтырылуға тиіс.
      3. Экспорттаушы Тараптың уәкілетті органы тауардың шығу тегі туралы сертификатты осы Келісімнің 5-қосымшасында айтылғандай олардың толтыру бойынша талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.
      4. Тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Келісімнің 4.20-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, берген кезден бастап 12 айдың ішінде жарамды болып және осы кезеңнің ішінде, бірақ импорттық кеден декларациясын берген сәттен кешіктірмей, импорттаушы Тараптың кеден органдарына ұсынылуға тиіс.
      5. Тараптардың кеден органдары және уәкілетті органдары 4.29-бапта көрсетілгендей, Тауардың шығу тегін сертификаттау және верификациялаудың электронды жүйесін (одан әрі – ТШСВЭЖ) әзірлеген және енгізген жағдайда, импорттаушы Тараптың кеден органдары тиісті ұлттық заңнамаға сәйкес электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде қағаз тасымалдағышта тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсынуды талап етпеуге тиіс. Бұл жағдайда шығу тегі туралы мұндай сертификаттың күні мен номері кеден декларациясында көрсетілуге тиіс. Кеден органдарында тарифтік преференциал мәлімделген және/немесе ТШСВЭЖ баяндалған ақпараттың сәйкессіздігі анықталған болса, тауардың шығу тегіне негізді күмән болған жағдайда, импорттаушы Тараптың кеден органдары қағаз тасымалдағышта шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсынуды талап ете алады.

4.17-бап Шығу тегу туралы сертификатты ұсыну талап етілмейтін жағдайлар

      Кедендік құны 200 АҚШ долл. аспайтын немесе импорттаушы Тараптың валютасына баламалы сомадан немесе осы жеткізілімнің шығу тегі туралы сертификатты ұсынудан жалтару тәсілі ретінде қаралуға тиіс, бір немесе бірнеше партияның бөлігі болып табылмаған жағдайда, осындай импорттаушы Тарап белгіленген сомадан көп мөлшерде, шығарылатын тауарлардың коммерциялық немесе коммерциялық емес импорты кезінде талап етілмейді.

4.18-бап Шығу тегі туралы сертификатты беру

      1. Өндіруші, экспорттаушы немесе олардың уәкілетті өкілі шығу тегі туралы сертификатты беру үшін жазбаша нысанда немесе электронды байланыс құралы арқылы уәкілетті органға жүгінеді.
      2. Тауардың шығу тегі туралы сертификат өндірушіге, экспорттаушыға немесе олардың уәкілетті органдарына Тараптың аумағында тауардың шығу тегін растау, осы Тараудың ережелеріне сәйкес қажет барлық жағдайларда тауарды экспорттағанға дейін немесе сол сәтте беріледі.
      3. Тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың бір партиясына беріледі.
      4. Тауардың шығу тегі туралы әрбір сертификатта уәкілетті орган иемденген бірегей тіркеу нөмірі болуы тиіс.
      5. Егер шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген барлық тауарлар бір парақта тізбеленбейтін болса осы Келісімнің 5-қосымшасында көзделгендей қосымша парақтар қолданылады.
      6. Тауардың шығу тегі туралы сертификат (EAV нысаны) бір түпнұсқадан және екі көшірмеден тұруға тиіс.
      7. Сертификаттың бір көшірмесі экспорттаушы Тараптың уәкілетті органында қалуы тиіс. Басқа көшірме экспорттаушыда сақталуға тиіс.
      8. Осы Келісімнің 4.16-бабының 4-тармағы үшін залалсыз, айрықша жағдайларда, тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды экспорттағанға дейін немесе сол кезде берілмеген жағдайда, ол тауарды әкеткеннен кейін берілуі мүмкін, бұл ретте сертификатта «СОҢЫНАН БЕРІЛДІ» ("ISSUED RETROSPECTIVELY") белгісі көрсетіледі.
      9. Шығу тегі туралы ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалары, тиісті ұлттық заңнамада көрсетілген жағдайларды санамағанда, импорттаушы Тараптың кеден органдарында сақталуы тиіс.

4.19-бап Болмашы айырмашылықтар

      1. Егер тауардың шығу тегі туралы күмән тудырмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген ақпарат айырмашылықтары шамалы екенің аңықтау және импорттаушы Тараптың кеден органына ұсынылған сертификатта көрсетілген мәліметтер шындығында ұсынылған тауарларға сәйкес келсе, шығу тегі туралы сертификатты жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды.
      2. Егер тауардың шығу тегі туралы сертификатта бірнеше тауар мәлімделген болса, аталған тауарлардың біреуіне қатысты туындаған мәселені реттеу, тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген қалған тауарларға қатысты тарифтік преференцияларды кешіктіріп әкеп соғуға немесе қозғауға тиіс емес.

4.20-бап Тауардың шығу тегі туралы сертификатты берудің ерекше жағдайлары

      1. Тауардың шығу тегі туралы сертификат ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда өндіруші, эскпорттаушы немесе олардың уәкілетті өкілі сертификаттың ресми куәландырылған телнұсқасын беру туралы дәлелді өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы. Телнұсқа бұрын берілген шығу тегі сертификаты негізінде жасалып және ілеспе құжатпен және «ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫ НӨМІРІ ___ КҮНІ___» («DUPLICATEOFTHECERTIFICATEOFORIGINNUMBER_DATE_») деген сөздерден тұруы тиіс. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың куәландырылған телнұсқасы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын берген күннен бастап 12 айдан аспай жарамды болуы тиіс.
      2. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасында жасалған абайсыз қателік немесе жаңсақтық жағдайда, уәкілетті орган қолданыстағының орнына тауардың шығу тегі туралы жаңа сертификат беруі тиіс. Бұл жағдайда сертификатта «ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫҢ ОРНЫНА БЕРІЛДІ НӨМІР ___ КҮНІ___» («ISSUED IN SUBSTITUTION FOR THE CERTIFICATE OF ORIGIN NUMBER___DATE___») белгісі болуы тиіс. Осындай сертификатты қолдану мерзімі тауар сертификатының түпнұсқасын берілген күннен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

4.21-бап Тауардың шығу тегі туралы сертификаттағы өзгерістер

      Тауардың шығу тегі туралы сертификатта түзеуге немесе түзетуге жол берілмейді. Өзгерістерді енгізу қате мәліметтерді сызу және талап етілетін қосымша ақпаратты басып шығару арқылы жасалуы мүмкін. Осындай өзгерістер тауардың шығу тегі туралы сертификатқа қол қоюға уәкілетті тұлғалармен және сәйкес уәкілетті органның ресми мөрімен куәландырылуы тиіс.

4.22-бап Құжаттарды сақтау жөніндегі талаптар

      1. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөнінде өтінішпен жүгінген өндіруші және/немесе экспорттаушы, уәкілетті органға ұсынған барлық құжаттаманы және құжаттардың көшірмесін, тауардың шығу тегі туралы сертификаты берілген кезден бастап кемінде үш жыл сақталуы тиіс.
      2. Преференциялық тарифтік режим ұсынылған импорттаушы, шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін, негізде преференция берілген күннен бастап кемінде үш жыл осы берілген преференциялық режим сақталу тиіс.
      3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру туралы өтінішті және осындай жүгінуге жататын барлық құжаттарды уәкілетті органмен берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақталуы тиіс.

III ТАРАУ. ТАРИФТІК ПРЕФЕРЕНЦИЯ

4.23-бап Тарифтік преференцияны беру

      1. Осы Келісім аясындағы тарифтік преференциялық режим, осы Тараудың талаптарын қанағаттандыратын шығарылатын тауарларға қатысты қолданылуы тиіс.
      2. Импорттаушы Тараптың кеден органдары келесі талаптарды орындау кезінде экспорттаушы Тараптар жағынан тауарларға тарифтік преференциялық режимді береді:
      а) импортталатын тауар осы Келісімнің 4.3-баптарында бекітілген, шығу тегі өлшем шартына жауап береді;
      b) декларант осы тараудың талаптарының сақталуын көрсетеді;
      с) импорттаушы Тараптың кеден органдарына жарамды және ІІ-тараудағы талаптарға сәйкес «Шығу тегін растайтын құжат» тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсынумен толтырылған. Шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын Тараптар осы Келісімнің 4.16 бабындағы 6-тармақпен белгіленген ТШСВЭЖ енгізген кезде ұсынылмауына болады.
      3. Осы баптың 2-тарамағының ережесіне қарамастан, егер импорттаушы Тараптың кеден органдары тарифтік преференциялық мәлімделген тауардың шығу тегіне және/немесе тауардың шығу тегі туралы ұсынған сертификаттың дұрыстығына негіздейтін күмән болса, осындай кеден органдары тауарларға сәйкес преференциялық тарифтік режимнен бас тартуға немесе қолдануды тоқтата тұруға мүмкін. Дегенмен, тауарлар ұлттық заңнамаға сәйкес шығарылуы мүмкін.

4.24-бап Тарифтік преференцияны беруден бас тарту

      1. Егер тауарлар осы тараудың талаптарына сәйкес келмеген немесе импорттаушы не экспорттаушы осы тараудың ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, импорттаушы кеден органдарының Тараптары тарифтік преференцияны беруден бас тартып және ұлттық заңнамаға сәйкес төленбеген кеден бажын өндіре алады.
      2. Импорттаушы Тараптың кеден органдары тарифтік преференцияны ұсынудан бас тартуға құқылы, егер:
      а) тауарларды Тараптар жағынан және (немесе) шығарылған тауар ретінде қарауға мүмкіндік бермейді, егер олар осы тараудың талаптарына сәйкес жауап бермесе.
      b) осы тараудың басқа талаптары орындалмайды, оның ішінде:
      і. осы Келісімнің 4.9-бабының талаптары;
      іі. осы Келісімнің 4.10-бабының талаптары;
      ііі. осы Келісімнің 5-қосымшасында белгіленген, тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы талаптар;
      с) осы Келісімнің 4.30 және 4.31-баптарына сәйкес жүзеге асырылған верификация рәсімі тауардың шығу тегін белгілеуге мүмкіндік бермейді немесе тауардың шығу тегінің өлшем шарттарына сәйкес келмеуі туралы куәландырады;
      d) экспорттаушы Тараптың верификацияланатын органы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілмеген (яғни жалған болып табылады) немесе күшін жойды (қайтарылған) деп растайды;
      е) импорттаушы Тараптың кеден органдары верификациялау сұранысын жолдаған күннен бастап алты ай ішінде экспорттаушы Тараптың тексеруші органынан жауап алынған жоқ немесе алынған жауаптың тауардың шығу тегін анықтауға мәліметтер жеткіліксіз.
      f) импорт Тарапының кеден органы осы Келісімнің 4.31-бабының 2-тармағында белгіленген хабарламаны жолдаған сәттен бастап 60 күннің ішінде верификациялайтын органнан Келісімнің 4.31-бабының 5-тармағына сәйкес көшпелі тексеруді жүргізу үшін жазбаша келісімді алған жоқ немесе осындай көшпелі тексеруді жүргізуге бас тартуды алды.
      3. Егер импорттаушы Тарап верификациялау рәсімі барысында экспорттаушы немесе өндіруші тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатта жалған және/немесе толық емес мәліметтерді ұсынғанын белгілесе, импорттаушы Тараптың кеден органдары тиісті ұлттық заңнамаға сәйкес осындай экспорттаушыларға немесе өндірушілерге берілетін шығу тегі туралы сертификатта көрсетілгенге ұқсас тауарларға қатысты преференциялық тарифтік режимді беруден бас тартуы мүмкін.
      4. Осы баптың 2-тармағының b) тармақшасында және Келісімнің 4.25-бабының 1-тармағында баяндалған жағдайларда, импорттаушы Тараптың кеден органдары тарифтік преференцияны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін шығу тегін тексеру туралы уәкілетті органның атына, осы Келісімнің 4.30-бабында белгіленгендей сұраныс жасауға міндетті емес.

4.25-бап Тарифтік преференцияны беруді уақытша тоқтата тұру

      1. Егер Тарап:
      а) басқа Тараптың тұлғасы экспорттайтын немесе өндіретін тауарларға қатысты осы Келісім аясында тарифтік преференциялық режимі мәлімделген кезде жүйелі бұзушылықтар; немесе
      b) басқа Тарап осы Келісімнің 4.30 және/немесе 4.31-баптарында белгіленген міндеттерді орындаудан жүйелі және негізсіз бас тартуды анықтағанда;
      осындай Тарап кейбір жағдайларда осы Келісім аясында тарифтік преференциялық режимін беруді уақытша тоқтата тұрады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тарифтік преференциялық режимін беруді уақытша тоқтата тұру келесі тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін:
      а) экспорттаушы Тараптың тұлғалары, егер импорттаушы Тарап осы тұлғаның осы Келісім аясында тарифтік преференциялық режимін мәлімдеу бойынша талаптарға сай жүйелі бұзушылықтарды жасауға қатысты деген қорытындыға келсе;
      b) осы баптың 1-тармағының b)-тармақшасында көрсетілгендей верификацияланған сұраныс немесе көшпелі тексеруді өткізуге сұраныс аясында көрінетін тұлғалар;
      3. Егер импорттаушы Тарап осы баптың 2-тармағының а) тармақшасына сәйкес тарифтік преференцияны ұсынуды тоқтата тұру жөніндегі әрекеті осы Келісімнің аясында тарифтік преференцияны мәлімдеу бойынша талаптарға қатысты жүйелі бұзушылықтарды тоқтатуға әкелмеді деген қорытындыға келген жағдайда, Тараптың ұлттық номенклатурасына сәйкес 8-10 мәндік кодтар деңгейінде Тарап сол тауарлы желілерде жіктелетін, ұқсас тауарларға қатысты тарифтік преференцияны ұсынуды уақытша тоқтатуы мүмкін.
      4. Осы баптың мақсаты үшін
      а) жүйелі бұзушылықтар туралы қорытынды жасалуы мүмкін егер Тарап нақты, дәлелді және анық мәліметтер негізінде тексеру бойынша, басқа Тараптың тұлғасы осы Келісім аясында тарифтік преференцияны алу мақсатында жалған немесе дәл емес мәліметтерді жүйелі ұсынғаны анықталса,;
      b) осы Келісімнің 4.30 және 4.31-баптарының талаптарын сақтаудан жүйелі және негізсіз бас тарту деп сәйкес тауарлардың шығу тегіне тексеруді орындаудан және/немесе Тараптың сұранысына сәйкес көшпелі тексерулерді жүзеге асырудан жүйелі бас тарту немесе верификацияланған сауалдарға және көшпелі тексерулер өткізуге сұранысқа жауаптың болмауы тұспалданады.
      с) ұқсас тауарлар деп бірдей физикалық сипатқа, тағы анықтамаларға және беделіге ие тауарлар айтылады.
      5. Осы баптың 1 және 3-тармақтарына сәйкес қорытындыға келген Тараптар:
      а) басқа Тарапты осы қорытынды негіз болатын мәліметтер мен дәлелдерді ұсыну және хабардар ету;
      b) өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында басқа тараптын консультацияларына қатысуы тиіс.
      6. Егер Тараптар 30 күннің ішінде осы баптың 5-тармағының b) тармақшасында белгіленген консультация аясында өзара тиімді шешім қабылдамаса, қорытынды жасаған Тарап мәселені Бірлескен комитет қарауына тапсырады.
      7. Егер Бірлескен комитет 60 күннің ішінде осы мәселе бойынша шешім қабылдамаса, онда қорытынды жасаған Тарап осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес осы Келісім аясында тарифтік преференцияны ұсынуды уақытша тоқтата тұруы мүмкін. Тарифтік преференцияны ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап шұғыл басқа Тарапты және Бірлескен комитетті хабардар етуі тиіс. Тарифтік преференцияны ұсынуды уақытша тоқата тұру, уақытша тоқтата тұру күшіне енген сәтте жеткізу процессінде болған тауарларға таралмайды. Тасымалдаушы берген көлік құжатында көрсетілген күн, жеткізу күні болып саналуы тиіс.
      8. Тарифтік преференцияны уақытша тоқтата тұру экспорттаушы Тараптың осы тараудың тараптарын қанағаттандыру қабілетіне бұлтартпайтын дәлелдерді ұсынған сәтке дейін қолданылады және экспорттаушылар немесе өндірушілердің осы тараудың барлық ережелерін орындауын қамтамасыз етеді, бірақ 4 айдан аспауы тиіс және кемінде 3 айға ұзартылуы мүмкін.
      9. Осы бапқа сәйкес кез келген тоқата тұру тарифтік преференцияны ұсынуды, сондай-ақ тарифтік преференцияны ұзарту тоқтату мәселені шешу мақсатында Тараптар арасында жүйелі консультациялар мәні болып табылады.

IV ТАРАУ. ӘКІМШІЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

4.26-бап Әкімшілік ынтымақтастық тілі

      Осы тарау шеңберінде Тараптар арасындағы кез келген хабарлама және өзара әрекет тиісті органдар арқылы ағылшын тілінде жүзеге асырылуға тиіс

4.27-бап Уәкілетті және тексеруші органдар

      Осы Келісім күшіне енген кезден бастап Тараптар Үкіметтері уәкілетті және верификациялайтын органдарды тағайындайды немесе сақтайды.

4.28-бап Хабарлама

      1. Уәкілетті орган осы Келісімде көзделген тауардың шығарылған жері туралы қандай да бір сертификатты бергенге дейін, әрбір Тарап бір-біріне Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрлігі және тиісінше Еуразия экономикалық комиссия арқылы барлық уәкілетті және верификациялайтын органдардың атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратты өздері пайдаланатын мөрлерінің және баспа-таңбасының түпнұсқасымен және анық үлгісімен бір мезгілде, сондай-ақ тауардың шығарылған жері туралы сертификат бланкісінің үлгісін және оларды қорғау ерекшеліктері туралы мәліметтерді жолдайды.
      2. Вьетнам Еуразия экономикалық комиссияға осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратты бес дана етіп жолдайды. Еуразия экономикалық комиссия Вьетнамнан көрсетілген ақпараттың қосымша данасын беруді сұрата алады.
      3. Вьетнам және Еуразия экономикалық комиссия Тараптардың уәкілетті және верификациялайтын органдарының атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратты интернет желісінде жариялайды.
      4. Жоғарыда көрсетілген ақпараттың кез келген өзгерістерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіппен Тараптар органдары уақтылы жеткізуге тиіс.

4.29-бап Сертификаттаудың және шығарылған жерін верификациялаудың электрондық жүйесін дамыту және енгізу

      1. Тараптар осы Келісім күшіне енген кезден бастап екі айдан кешіктірмей ШСВЭЖ енгізуге ұмтылатын болады.
      2. ШСВЭЖ, тауардың шығарылған жері туралы уәкілетті орган берген барлық сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын, Интернет желісіндегі деректер базасын білдіреді және кез келген берілген сертификаттың жарамдылығын тексеру мақсаты үшін импорттаушы Тараптың кеден органдарына қолжетімді болып табылады.
      3. Осы мақсат үшін Тараптар ТШСВЭЖ әзірлеуге және енгізуге ұмтылатын жұмыс тобын құруға тиіс.

4.30-бап Шығарылған жерін тексеру

      1. Сертификаттың дұрыстығына және/немесе сертификатта мәлімделген тауардың осы Келісімнің 4.3-бабында белгіленген, шығарылған жерінің өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты негізді күмән туындаған жағдайда, сондай-ақ қарапайым іріктеп тексеруді жүзеге асырған кезде импорттаушы Тараптың кеден органдары экспорттаушы Тараптың уәкілетті немесе верификациялайтын органдарына шығарылған жерін куәландыратын құжаттың дұрыстығын және/немесе тауардың шығарылған жерінің өлшемшарттарына сәйкестігін растау, сондай-ақ қажет болған кезде тауарларды экспорттаушы және/немесе өндіруші тарапқа құжаттамалық дәлелдемерді жолдау жөнінде өтінішпен жүгіне алады.
      2. Барлық верификациялық сауалдарға тауарларды идентификациялау үшін жеткілікті ақпарат ілестіріле жіберілуі тиіс. Верификациялайтын органға сауалда оған бастамашылық жасау жағдайы мен себептері туралы болған себептер туралы мәліметтердің қамтылымы, сондай-ақ шығарылған жері туралы сертификаттың көшірмесі болуы тиіс.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сауалды алған уәкілетті орган осындай сауал келген күннен бастап 6 ай ішінде импорттаушы Тараптың кеден органдарына жауапты табыс етуге тиіс.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сауалға жауапта верификациялайтын орган тауардың шығарылған жері туралы сертификат шынайы болып табыла ма және/немесе экспорттаушыдан немесе өндірушіден алынған, сұратылған құжаттамалық дәлелдерді беруді қоса алғанда, тауар Тарап аумағынан шыққан болып табыла ма, соны нақты көрсетуге тиіс. Верификациялық сауалға жауап алынғанға дейін осы Келісімнің 4.23-бабының 3-тармағының ережелері қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда төленген кеден баждары, егер верификациялық сауалдың нәтижелері тауардың шығарылған жерінің өлшемшарттарына және осы тараудың басқа да талаптарына сәйкестігін растаса, қайтарылады.

4.31-бап Көшпелі тексеру

      1. Егер импорттаушы Тараптың кеден органдары осы Келісімнің 4.30-бабында көрсетілген верификациялық сауал нәтижелеріне қанағаттанбаса, олар айрықша жағдайларда экспорттаушы Тарапқа 4.23-бапта көрсетілген құжаттарды зерделеу мақсаттарымен немесе пайдаланылатын өндірістік қуаттарды тексеріп қарау мақсатымен көшпелі тексеру жүргізуге сауал жолдауы мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес көшпелі тексеру жүргізілгенге дейін импорттаушы Тараптың кеден органдары осындай тексеру жүзеге асырылуға тиіс аумақтағы Тараптың тексеруші органына осындай тексеру жүргізу ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жазбаша хабарлама барынша толық болуға және оның ішінде мыналар:
      а) хабарламаны жолдаған Тараптың кеден органдарының атауы;
      b) үй-жайлары тексеріп-қаралуға тиіс өндірушінің және/немесе экспорттаушының атауы;
      с) көшпелі тексерудің болжамды күні;
      d) тексеру нысанасы болып табылатын тауарлар және олардың шығарылған жеріне байланысты күдіктер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынған көшпелі тексерудің қамтылымын;
      е) көшпелі тексеруді жүргізетін ресми адамдардың аты-жөні немесе лауазымы қамтылуға тиіс.
      4. Экспорттаушы Тараптың верификациялайтын органы өндірушіден және/немесе экспорттаушыдан көшпелі тексеру жүргізуге жазбаша келісім сұратуға және оны сұратушы Тарапқа осы баптың 2-тармағында көрсетілген, оларға хабарлама жіберілген күннен бастап 60 күн ішінде жіберуге тиіс.
      5. Егер верификациялайтын органның жазбаша келісімі осы баптың 2-тармағында көрсетілген оларға хабарлама жолданған күннен бастап 60 күн ішінде алынбаса немесе көшпелі тексеру жүргізуден бас тарту алынған болса, хабарламаны жіберген Тарап тексеру жүзеге асырылуға тиіс, шығарылған жері туралы сертификатта (сертификаттарда) көрсетілген, тауарға қатысты преференциялық тарифтік режимді беруден бас тартады.
      6. Кез келген көшпелі тексеру жазбаша келісім алынған күннен бастап 60 күн ішінде басталуға және ақылға қонымды мерзімде аяқталуға тиіс.
      7. Көшпелі тексеруді жүргізетін орган көшпелі тексеру жүргізген алғашқы күннен бастап 90 күннен кешіктірмей, кімнің тауарлары және үй-жайлары көшпелі тексеру жүргізудің нысанасы болып табылатынын өндірушіге және/немесе экспорттаушыға, сондай-ақ экспорттаушы Тараптың верификациялайтын органына осындай тексерудің нәтижелері туралы жазбаша шешімді беруге тиіс.
      8. Көшпелі тексеру, оның ішінде нақты тексеру және тауардың шығарылған жерін айқындау жасалуға тиіс және оны өткізу нәтижері 210 күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органдарға жіберілуге тиіс. Тексеру нәтижелері алынғанға дейін осы Келісімнің 4.23-бабы 3-тармағының ережелерін қолдануға болады.
      9. Тоқтатылған немесе бас тартылған преференциялық тарифтік режим тексерілетін тауарға қатысты осы Келісімге сәйкес шығарылған жерінің өлшемшарттарына сәйкестігін куәландыратын жазбаша шешім негізінде қалпына келтірілуге тиіс.
      10. Тексеруші топты тиісті ұлттық заңнамаға сәйкес импорттаушы Тараптың орталық кеден органы қалыптастырады.
      11. Экспорттаушы Тараптың верификациялайтын органы немесе уәкілетті органы импорттаушы Тараптың кеден органдарына көшпелі тексеру жүргізуге жәрдемдесуге тиіс.
      12. Көшпелі тексеруге келісім берген өндіруші және/немесе экспорттаушы оны іске асыруға жәрдемдесуге, көшпелі тексеру шеңберінде қаралатын өндірістік үй-жайларға, қаржылық (бухгалтерлік) және өзге де құжаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ қажет болған кезде кез келген басқа да ақпаратты немесе құжаттарды беруге тиіс.
      13. Тексерілетін Тараптың органдары немесе ұйымдары тарапынан көшпелі тексеруді жүргізуге кедергі келтіру көшпелі тексеру жүргізуден бас тарту ретінде қарастырылуға тиіс, бұл жағдайда импорттаушы Тараптың тиісті тауарларға тарифтік преференциялар беруден бас тартуға құқығы бар.
      14. Көшпелі тексеруді жүргізуге байланысты барлық шығындарды импорттаушы Тарап төлеуге тиіс.

4.32-бап Құпиялылық

      Тараптар осы тарауға сәйкес берілетін барлық ақпаратты тиісті ұлттық заңнамаға сәйкес құпия ретінде қарауға тиіс. Мұндай ақпаратты берген Тарап тұлғасының немесе органының рұқсатынсыз Тараптардың құзыретті органдары ақпаратты ашпауға тиіс.

4.33-бап Алаяқтық әрекеттерге қатысты айыппұлдар және басқа да шаралар

      Әрбір Тарап осы тарауға жататын, тиісті заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылықты көздейді.

4.34-бап Шығарылған жерін анықтау қағидалары жөніндегі кіші комитет

      1. Осы тараудың ережелерін тиімді енгізу және іске асыру мақсатында шығарылған жерін анықтау жөніндегі кіші комитет құрылады.
      2. Кіші комитеттің функциясына:
      а) Бірлескен комитеттің және Тауарлар жөніндегі комитеттің:
      і. үйлестірілген жүйеге өзгерістер енгізуге қатысты бөлігінде осы Келісімнің 3-қосымшасын қайта қарау жөніндегі тиісті ұсынымдарын қарау және қабылдау жатады. Мұндай қайта қарау уақытылы және бекітілген міндеттемелерге нұқсан келтірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
      іі. осы тараудың қолданылуы және қолданысы жөніндегі, оның ішінде оны қолдану қағидаларын бекіту жөніндегі ұсыныстарға қатысты;
      ііі. Тараптардың бірінің осы тарауда белгіленген міндеттемелерді орындамауы;
      iv. осы тарауға техникалық түзетулер;
      v. шығарыған жерінің ерекше өлшемшарттары тізбесіне түзетулер енгізу;
      vi. осы тарауды іске асыру барысында Тараптар арасында туындайтын даулар;
      vii. осы тараудың ережелеріне және осы Келісімнің 3,4, 5-қосымшаларына кез келген түзетулер жөніндегі тиісті ұсынымдарын қарау және қабылдау жатады;
      b) кез келген Тарап ұсынған, осы Тарауға жататын кез келген басқа да мәселелерді қарау;
      с) шығарылған жерін анықтау қағидасы жөніндегі кіші комитеттің есептерін Тауарлар жөніндегі комитетке табыс ету;
      d) осы Келісімнің 1.5-бабына сәйкес Бірлескен комитет беруі мүмкін басқа да функцияларды орындау жатады.
      3. Шығарылған жерін анықтау қағидалары жөніндегі кіші комитет Тараптардың өкілдерінен тұрады және Тараптардың өзара келісімі бойынша Тараптардың талқыланатын мәселелерге қатысты қажетті құзыретке ие басқа да ұйымдарының өкілдері тартылуы мүмкін.
      4. Шығарылған жерін анықтау қағидалары жөніндегі кіші комитет Тараптардың уағдаласуы бойынша айқындалған мерзімде және орында, кемінде жылына бір рет шақырылады.
      5. Кіші комитеттің әрбір мәжілісінің алдын ала күн тәртібі кездесуге дейін бір айдан кешіктірілмей Тараптарға жіберіледі.

V ТАРАУ. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

4.35-бап Тасымалдау немесе сақтау кезіндегі тауарлар

      Тарифтік преференциялық режим, осы Келісім күшіне енген кезде немесе одан кейін экспорттаушы Тараптан импорттаушы Тарапқа тасымалдау процессінде немесе импорттаушы Тараптың кеден органдарына шығарылған жері туралы соңынан берілген сертификат табыс етілген жағдайда, сондай-ақ импорттаушы Тараптың тиісті ұлттық заңнаманың және әкімшілік рәсіміндерінің сақталуы ескеріле отырып, импорттаушы Тараптарға жабық аумақта уақытша сақтауда тұрған кезде қолданылады.

5-ТАРАУ
КЕДЕН ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ САУДАНЫ ОҢАЙЛАТУ

5.1-бап Қоланыс аясы

      Осы тарау Тараптар арасында сауда айналымындағы тауарларды шығару үшін қажет кеден әкімшілігін жүргізу шараларына және кеден операцияларын жасауға қатысты:
      а) кедендік рәсімдердің және кедендік бейресмиліктің транспаренттілігіне;
      b) сауданы оңайлатуға және кеден операцияларын үйлестіруге;
      с) кедендік ынтымақтастыққа, оның ішінде Тараптардың орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасуына жәрдемдесу мақсатында қолданылады.

5.2-бап Анықтама

      Осы тараудың мақсаты үшін:
      а) «кеден әкімшілігін жүргізу» – Тараптардың кеден органдарының ұйымдық-басқарушылық қызметі, сондай-ақ кеден ісі саласында мақсаттарды іске асыру кезінде нормативтік-құқықтық база шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет;
      b) «кеден заңнамасы» – заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды, өкімдерді, қағидаларды және т.б. қоса алғанда, Тараптардың кеден органдары қолданатын кез келген нормалар және ережелер;
      с) «экспресс-жүктер» – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, барынша мүмкін болатын немесе белгіленген уақыт кезеңінде жекелеген төлем құжатына сәйкес жүкті алушыға жеткізу мақсаты үшін ақпаратты басқарудың және орын ауысуды байқап отырудың электрондық жүйесі пайдаланылып, көліктің кез келген типінің жоғары жылдамдықты көлік жүйесі арқылы берілетін тауарлар;
      d) «кеден аумағында қайта өңдеу» – тауарлар қайта өңдеуге немесе жөндеуге және кейін белгілі уақыт кезеңінде Тараптардың кеден аумағынан шығаруға арналған жағдайда, кеден бажыдарын, салықтарды төлеуден шартты түрде босатылып, Тараптардың кеден аумағына шетелдік тауарлар әкелінуі мүмкін кедендік рәсім;
      е) «кеден аумағынан тысқары жерде қайта өңдеу» – Тараптардың кеден аумағында еркін айналыста болатын тауарлар, мұндай Тараптың кеден аумағынан тысқары жерде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін уақытша шығарылуы мүмкін, одан кейін кеден баждарын, салықтарды төлеуден толық босатылып кері импортталуы мүмкін кедендік рәсім;
      f) «уақытша әкелу» – шетелдік тауарлар Тараптың кеден заңнамасына сәйкес белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кері экспортталуы тиіс болатын жағдайда кеден баждарынан және салықтардан толық немесе ішінара шартты түрде босатылып, осындай тауарлардың мұндай Тараптың кеден аумағына әкелінуі мүмкін кедендік рәсім;

5.3-бап Кеден әкімшілігін жүргізудің оңайлатылған шаралары

      1. Әрбір Тарап, осы Тараптың кеден органдары қолданатын кеден әкімшілігін жүргізу шаралары болжамды, дәйекті және транспарентті болуын қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір Тараптың кеден әкімшілігін жүргізу шаралары осындай Тараптың мүмкіндігіне қарай және кеден заңнамасында жол берілетін шектерде Дүниежүзілік кеден ұйымының стандарттарына және ұсынатын практикасына негізделуге тиіс.
      3. Әрбір Тараптың орталық кеден органдары сауданы оңайлатуға жәрдемдесу мақсатында оны оңайлатуға бағытталған кеден әкімшілігін жүргізу шараларын жетілдіруге ұмтылатын болады.

5.4-бап Тауарларды шығару

      1. Тараптар арасында сауданы оңайлату мақсатында тауарларды тиімді шығару үшін Әрбір Тарап кедендік рәсімдерді және операцияларды белгілейді немесе жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл тауарларды шығаруға қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда, Тарапты мұндай тауарларды шығаруды жүзеге асыруға міндеттемейді.
      2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес әрбір Тарап:
      а) Тараптардың кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясы тіркелген кезден бастап 48 сағаттан аспайтын уақыт кезеңі ішінде тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді;
      b) тауарлар келген бойда оларды шығаруды жеделдету үшін тауарлар келгенге дейін алдын ала кедендік ақпаратты электрондық табыс ету және өңдеу мүмкіндігін орнатуға немесе сақтауға ұмтылады.

5.5-бап Қауіптерді басқару

      Тараптардың кеден органдары қауіп деңгейі жоғары тауарларға инспекциялау рәсімін шоғырландыруға және қауіптерді жүйелік бағалау арқылы қауіп деңгейі төмен тауарларға қатысты кеден операцияларын жасауды оңайлатуға мүмкіндік беретін қауіптерді басқару жүйесін қолдануға тиіс.

5.6-бап Кедендік ынтымақтастық

      1. Осы Келісімнің тиімді түрде іске асырылуына жәрдемдесу мақсатында Тараптардың орталық кеден органдары Тараптар арасындағы сауда айналымындағы тауарларға ықпал ететін кеден ісі саласындағы басты мәселелер жөнінде өзара ынтымақтастықты нығайтады.
      2. Егер Тараптың орталық кеден органы өзінің заңнамасына сәйкес заңсыз қызметке негізді күдігі болса, осындай Тараптың орталық кеден органы, әдетте, тауарлар экспорты және/немесе импортына қатысты жиналатын белгілі бір құпия ақпаратты алу мақсатында басқа Тараптың орталық кеден органына сұрау салумен жүгінуге құқылы.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын Тараптың сұрау салуы жазбаша нысанда болып, сұратылған құпия ақпараттың мақсатында, сондай-ақ осындай сұрау салу жүзеге асырылатын тауарларды идентификациялау үшін жеткілікті мәліметтерді қамтуы тиіс.
      4. Сұрау салу жолданатын Тарап осы баптың 2-тармағына сәйкес сұрау салынған ақпаратты қамтитын жазбаша жауапты береді.
      5. Сұрау салу жолданған Тараптың орталық кеден органы сұрау салушы Тараптың орталық кеден органына осындай Тараптан жіберілетін импорттық немесе экспорттық жеткізілімінің өзінің тиісті заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтауға, осы Тараптың орталық кеден органына жәрдемдесуі мүмкін кез келген ақпаратты беруге тырысады.
      6. Тараптардың орталық кеден органдары кеден ісі мәселелері жөніндегі шұғыл және қауіпсіз ақпарат алмасу және үйлестіруді жақсартуға жәрдемдесетін байланыс пункттерін құруды қоса алғанда, кедендік ынтымақтастық үшін байланыс арналарын белгілеу немесе қолдау үшін шаралар қабылдайды.

5.7-бап Ақпарат алмасу

      1. Кеден операцияларын жасауды оңайлату, тауарлардың шығарылуын жеделдету және кеден заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында Тараптардың орталық кеден органдары осы Келісімнің күшіне енген кезінен бастап 5 жыл ішінде тұрақты негізде өзара электрондық ақпарат алмасуды (одан әрі – электрондық ақпарат алмасу) жасайды және оны қолдануды қамтамасыз етеді.
      2. Еуразиялық экономикалық кеңес атынан Еуразиялық экономикалық комиссиясы электрондық ақпарат алмасуды жасаудың үдерісін үйлестіруді қамтамасыз етеді және оның қолданылуына жәрдемдеседі.
      3. Осы баптың мақсаты үшін «ақпарат» ретінде кеден декларациясынан және көлік құжаттарынан алынған тиісті дәйекті мәліметтер түсініледі.
      4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір жылдың ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жәрдемімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары және Вьетнамның орталық кеден органы осы баптың 6-тармағында көзделген тәртіппен электрондық ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу мақсатында консультация беруге кіріседі.
      5. Электрондық ақпарат алмасудың жұмыс істеуіне қажетті барлық талаптар және техникалық шарттар, оның ішінде берілетін мәліметтер құрамы Тараптардың орталық кеден органдары арасындағы жекелеген хаттамаларда айқындалатын болады. Осындай ақпарат алып өтетін тауарларды идентификациялау және тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
      6. Электрондық ақпарат алмасуды ендіру келесі кезеңдерге бөлінуі тиіс:
      а) осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей жоғарыда көрсетілген органдар Тараптар арасындағы сауда айналымында жекелеген тауарлардың түрлерін кедендік ресімдеуге жауапты Тараптардың жекелеген кеден органдары арасында эксперименттік электрондық ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Осындай кеден органдарын және тауарларды осы баптың 5-тармағында көзделген хаттамада Тараптардың орталық кеден органдары айқындайтын болады.
      b) осы Келісім күшіне енген күннен бастап үш жылдан кешіктірмей электрондық ақпарат алмасу осы Келісім күшіне енген күннен бастап Тараптар арасындағы сауда айналымы кемінде 20 % артқан тауарларға қатысты жүзеге асырылатын болады;
      с) осы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей Тараптардың орталық кеден органдары Тараптар арасындағы сауда айналымындағы барлық тауарларға қатысты барлық кеден органдары арасында электрондық ақпарат алмасуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      7. Осы баптың ережелеріне сәйкес берілетін барлық ақпарат құпия болып бағаланып және тек кеден мақсаты үшін қолданылуы тиіс.
      8. Электрондық ақпарат алмасуды жүзеге асыру Тараптардың халықаралық міндеттемелеріне негізделген кез келген өзге де ақпарат алмасуды қолдануға немесе белгілеуге кедергі келтірмейді.

5.8-бап Жарияланым

      1. Әрбір Тараптың құзыретті органдары интернет желісінде немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тараптар белгілеген кеден заңнамасына қатысты мәліметтерді жариялайды.
      2. Әрбір Тараптың құзыретті органдары кеден мәселелері бойынша мүдделі тұлғалардың сұрау салуларын қарау үшін бір немесе бірнеше пункттерді құрады немесе сақтайды және интернет желісінде осындай байланыс пункттері туралы ақпарат жариялайды.
      3. Тараптардың құзыретті органдары құрылған байланыс пункттері туралы байланыс ақпаратын бір-біріне жолдайды.
      4. Мүмкіндігіне қарай әрбір Тарап кеден мәселесін реттейтін жалпы қолданыстағы заңнаманы қабылдауға ұсынылғанды уақытылы жариялайды және оларды қабылдағанға дейін мүдделі тұлғалардың түсіндіруіне мүмкіндік береді.

5.9-бап Алдын ала шешімдер

      1. Тараптардың кеден органдары импорттаушы Тарапта тіркелген кез келген өтініш берушіге жазбаша түрде тауарды жіктеу туралы, тауардың шығуы туралы, сондай-ақ Тарап іске қатысты деп санайтын кез келген қосымша мәселелер туралы алдын ала шешімдерді ұсынады. Тараптар тауарлардың кедендік құнын анықтау әдісі туралы алдын ала шешімдерді беру үшін мүмкіндік жасау немесе сақтау үшін күш салады.
      2. Әрбір Тарап алдын ала шешімдерді қабылдаудың тетіктерін жасайды немесе сақтайды, олар:
      а) тауарларды әкелгенге дейін алдын ала шешімді алуға өтініш берушінің жүгіне алатындығын көздейді;
      b) өтініш беруші алдын ала шешімді уақытылы алу мақсатында осындай алдын ала шешімнің берілуіне қажетті тауарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасын және басқа да тиісті ақпараттың ұсынылуын талап етеді;
      с) Тараптың кеден органы өтініш берілген күннен бастап 30 күннің ішінде қосымша ақпараттың белгілі мерзімде ұсынылуын өтініш берушіден талап ете алатындығын көздейді;
      d) кез келген алдын ала шешім өтініш беруші ұсынған фактілер мен мән-жайларға, сондай-ақ кеден органдарының билігіндегі өзге де ақпаратқа негізделетіндігін көздейді;
      е) алдын ала шешім өтініш берушіге өтініш берілген кезден бастап 90 күн ішінде немесе барлық қажетті қосымша ақпарат алынған кезден бастап 60 күн ішінде қысқа мерзімде берілетіндігін көздейді;
      3. Осы баптың 2-тармағының с) тармақшасына сәйкес сұрау салынған қосымша ақпарат көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Тараптың кеден органы алдын ала шешімді беруден бас тарта алады.
      4. Алдын ала шешім берілген кезден бастап кемінде 3 жыл немесе егер бұл Тараптардың кеден заңнамасында белгіленген жағдайда көрсетілгеннен артатын басқа да уақыт кезеңінде қолданыста болады.
      5. Кеден органы:
      а) егер алдын ала шешім жалған немесе дәл емес мәліметтерге негізделгені анықталса;
      b) егер кеден заңнамасына осы Келісімге сәйкес келетін өзгерістер енгізілген болса; немесе
      с) егер соның негізінде берілген алдын ала шешімнің елеулі фактілері немесе мән-жайлары өзгерістерге ұшыраса, алдын ала шешімді өзгертіп немесе кері қайтарып алуы мүмкін.
      6. Тараптардың кеден органдары алдын ала шешімдерді құпиялылық талаптарына сәйкес жариялайды.

5.10-бап Кедендік құнын айқындау

      Тараптар арасындағы сауда айналымындағы тауарлардың кедендік құны ДСҰ Келісіміне 1А-қосымшада мазмұндалған 1994 жылғы ГАТТ VII бабының ережелеріне және Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабының ережелерін қолдану туралы Келісімге негізделген импорттаушы Тараптың кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

5.11-бап Тауарларды жіктеу

      Тараптар Тараптардың арасындағы сауда айналымындағы тауарларға қатысты Тауарлардың үйлестірілген сипаттамасы мен кодтау жүйесінің ағымдағы редакциясына негізделген тауар номенклатурасын қолданады.

5.12-бап Тауарлар транзиті

      Тараптар Тараптар қолданатын және тауарларды және кемелерді, сондай-ақ транзит кезінде пайдаланылатын басқа көлік құралдарын бақылау үшін қажетті идентификациялау құралдарын және құжаттарын өзара тануы мүмкін.

5.13-бап Экспресс-жүктер

      1. Тараптардың кеден органдары кедендік бақылаудың тиісті деңгейін сақтай отырып, экспресс-жүктерге жедел кедендік тазалауды қамтамасыз етеді.
      2. Экспресс-жүктер Тараптардың кеден заңнамасына сәйкес жеделдетілген тәртіппен кеден рәсіміне орналастырылуы тиіс.

5.14-бап Тауарларды уақытша әкелу

      Халықаралық стандарттарға сәйкес Тараптардың кеден органдары тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімі шеңберінде тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауды оңайылатуға ұмтылады.

5.15-бап Кеден аумағында және кеден аумағынан тыс өңдеу

      Халықаралық стандарттарға сәйкес Тараптардың кеден органдары кеден аумағында өңдеу және кеден аумағынан тыс өңдеу кедендік рәсімдері шеңберіндегі тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауды оңайылатуға ұмтылады.

5.16-бап Құпиялылық

      Тараптар статистиканы қоспағанда, осы тарауға сәйкес ұсынатын барлық ақпаратқа Тараптардың заңнамасына сәйкес құпия ретінде қарауы тиіс. Ақпарат осындай ақпаратты ұсынған Тараптың тұлғасының немесе органының рұқсатынсыз Тараптардың құзыретті органдарында ашылмауы тиіс.

5.17-бап Кедендік агенттер (өкілдер)

      Тараптардың кедендік заңнамасы декларанттарға кедендік агенттердің (өкілдердің) көрсететін қызметтеріне міндетті жүгінуін талап етпей-ақ, кеден декларациясын өздігінен ұсыну құқығын қамтамасыз етілуі тиіс.

5.18-бап Автоматтандыру

      1. Тараптардың кеден органдары ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдаланумен, оның ішінде электрондық байланыс құралдарына негізделген кедендік операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      2. Тараптардың орталық кеден органдары декларанттарға тауарларды электрондық декларациялауға мүмкіндік береді.

5.19-бап Қайта қарау және шағым беру

      Әрбір Тарап кеден органдары қабылдаған және мүдделі тұлғаның құқықтарын қозғайтын шешімдерді әкімшілік тұрғыда қайта қарау мүмкіндігін және Тараптардың заңнамасына сәйкес осындай шешімдерге сотқа шағым беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

5.20-бап Айыппұлдар

      Әрбір Тарап тауарларды жіктеу туралы ережені, кедендік құнын айқындау, шығарылған елді айқындау және осы Келісім шеңберінде тарифтік преференциялар алуды қоса алғанда, тауарларды әкелу немесе әкету кезінде кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салуды болжайтын шараларды қабылдайды немесе оларды сақтайды.

6-ТАРАУ.
САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР

6.1-бап Мақсаты

      Осы Тараудың мақсаты Тараптар арасында:
      а) саудада артық техникалық кедергілерді жою, болуы мүмкін жерлерде, сарапшыларға келетін артық шығыстарды қысқарту мақсатында стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестігін бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
      b) әрбір Тараптың стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін өзара түсінуін дамыту;
      с) стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану саласында Тараптар арасында ақпарат алмасуды дамыту;
      d) стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық органдардың жұмысында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
      е) осы мақсаттарға қол жеткізу үшін негізді қамтамасыз ету; және
      f) саудадағы техникалық кедергілерге байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту арқылы сауданы оңайылату болып табылады.

6.2-бап Қолдану саласы

      1. Осы тарау:
      а) өндіріс қажеттілігі және үкіметтік органдардың тұтынуы үшін сатып алу мақсатында үкіметтік органдар дайындайтын сатып алу ерекшелігіне; және
      b) осы Келісімнің «Санитарлық және фитосанитарлық шараларда» деген 7-тарауында белгіленген санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда,
      Тараптар арасында тауар саудасына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін, барлық стандарттарға, техникалық регламенттерге және сәйкестікті бағалау рәсімінде қолданылады.
      2. Осы тарауға және СТК жөніндегі Келісімге сәйкес әрбір Тарап стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімін әзірлеу, қабылдау және қолдану құқығына ие.

6.3-бап Анықтама

      Осы тараудың мақсаты үшін СТК жөніндегі Келісімнің 1-қосымшасында баяндалған анықтама қолданылады mutatis mutandis,

6.4-бап СТК жөніндегі Келісімді қосу

      Егер осы тарауда өзгеше нәрсе белгіленбесе, СТК жөніндегі Келісім Тараптар арасында қолданылады және инкорпорацияланады және осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.

6.5-бап Транспаренттілік

      1. Тараптар стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімін әзірлеу, қабылдау және қолдануға қатысты транспаренттіліктің маңыздылығын мойындайды.
      2. Әрбір Тарап қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шұғыл мәселелер туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайды қоспағанда, СТК жөніндегі Келісімнің 2.9 және/немесе 5.6-баптарында көзделген, хабарламаны жариялағаннан кейін түсіндірмелер беру үшін асып кетгенде 60 күн кезең ұсынады.
      3. Әрбір Тарап қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шұғыл мәселелер туындаған немесе туындау қаупі болған жағдайды қоспағанда, техникалық регламентті және/немесе сәйкестікті бағалау рәсімін қабылдау және/немесе олардың күшіне енуі арасында кемінде 180 күннің болуын көзделді.
      4. Тараптар мейлінше көбірек деңгейде ағылшын тілінде ақпарат алмасуға ұмтылады.

6.6-бап Таңбалау және этикеттеу

      Тараптар СТК жөніндегі Келісімнің 1-қосымшасының 1-тармағына сәйкес техникалық регламент таңбалау және этикеттеуге қойылатын талаптарды қамтуы немесе ерекше қамтуы мүмкін екенін атап өтеді және осындай техникалық регламент таңбалау және этикеттеуге қойылатын міндетті талаптарды қамтыған кезде, СТК жөніндегі Келісімнің 2.2.-бабында қамтылған қағидаттарға сәйкес іс әрекет етуге келіседі, оған сәйкес техникалық регламенттер халықаралық саудада артық кедергілерді жасау немесе жасауға әкелетіндей және саудада заңды мақсатқа қол жеткізу қажеттілігін мейлінше шектеуге ықпал көрсететіндей әзірленуге, қабылдануға және қолданылмауы тиіс.

6.7-бап Консультациялар

      1. Стандарттарды, техникалық регламенттерді немесе сәйкестікті бағалау рәсімін күнделікті қолдану Тараптар арасындағы сауданы қозғаған жағдайда, Тарап осы мәселені шешу мақсатында консультациялар туралы сауал салуы мүмкін. Консультация туралы сауал осы Келісімнің 6.9-бабына сәйкес белгіленген басқа Тараптың байланыс пунктіне жолдануы тиіс.
      2. Әрбір Тарап осы тарауды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша консультациялар туралы басқа Тараптың кез келген сауалып тез және оң тұрғыда қарау үшін барлық күш-жігерін салады.
      3. Осы тарауға қатысты мәселе консультация арқылы түсіндіріліп немесе шешілген жағдайда, Тараптар сауданы оңайлататын қолайлы және практикалық шешімді әзірлеу мақсатында ad hoc жұмыс тобын құруы мүмкін. Жұмыс тобының құрамына Тараптардың өкілдері кіреді.
      4. Егер Тарап жұмыс тобын құру туралы басқа Тараптың өтінішінен бас тартса, онда ол сауал бойынша өз шешімінің себептерін түсіндіреді.

6.8-бап Ынтымақтастық

      1. Стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімі Тараптар арасындағы саудада артық кедергілерді жасамауды қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар мүмкіндігінше стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімі саласында ынтымақтастық жасайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ынтымақтастық мапаларды:
      а) әрбір Тараптың стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімін өзара түсінуді жақсарту мақсатында бірлескен семинарлар өткізуді;
      b) біліктілікті арттыру мақсатында Тараптардың лауазымды тұлғалармен алмасуын;
      с) стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімі туралы ақпаратпен алмасуды;
      d) халықаралық форумдарда, оның ішінде стандарттау және сәйкестікті бағалау рәсімі жөнінде халықаралық органдар аясында, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілер жөнінде ДСҰ комитетінде өзара мүддені білдіретін салаларда ынтымақтастықты нығайтуды;
      е) өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша әрбір Тараптың стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімі үшін жауапты органдардың ынтымақтастығын қолдауды;
      f) техникалық регламенттердің сапасын арттыру мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуді;
      g) нормативтік-құқықтық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды қамтуы мүмкін.
      3. Осы баптың 2-тармағының орындалуы бөлінген қаражаттың болуына және әрбір Тараптың тиісті заңнамасына байланысты болады.
      4. Саудадағы техникалық кедергілер саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде тиісті арналар, бірлескен жобалар және техникалық қолдау арқылы диалог жолымен жүзеге асыра алады.
      5. Тараптарға өзара келісім бойынша жекелеген салаларда стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімідерінің мәселелері бойынша бірлескен жобаларды, техникалық қолдауды және ынтымақтастықты жүзеге асыра алады.
      6. Тараптар саудадағы техникалық кедергілерге қатысты бөлікте осы салада нарықты қадағалау және құқық қолдану тәжірибесіне қатысты саудадағы техникалық кедергілерге байланысты мәселелер бойынша пікір алмасуға уағадаласты.
      7. Сауал салу бойынша Тарап, басқа Тарап енгізетін осы тарау аясындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстарға тиісінше назар аударады.
      8. Осы тарау аясында ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Тараптар ол қамтитын мәселелер бойынша ad hoc келісімін жасай алады.

6.9-бап Құзыретті органдар және байланыс пункттері

      1. Тараптар құзыретті органдарды және байланыс пункттерін тағайындайды, сондай-ақ тағайындалған құзыретті органдар және байланыс пункттерінің атауын, сондай-ақ осы ұйымдардағы тиісті лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін, оның ішінде телефон, факс, электронды поштасы және басқа деректерді қамтитын ақпаратпен алмасады.
      2. Тараптар құзыретті органдар немесе байланыс пункттеріне байланысты кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тиісті лауазымды тұлғалар туралы ақпараттың өзгеруі туралы дереу бір-бірін хабардар етеді.
      3. Байланыс пунктінің функциясы:
      а) Тараптар арасында, басқа Тараптан осындай ақпаратты алу туралы негізделген барлық сауалдарға жауап ретінде стандарттар, техникалық регламенттер және сәйкестікті бағалау рәсімі туралы ақпарат алмасуға жәрдемдеу;
      b) басқа Тараптың сауалын тиісті реттеуші органдарға тапсыруды қамтиды.
      4. Құзыретті органдардың функциясы:
      а) осы тарауды іске асыру мониторингін;
      b) осы Келісімнің 6.8-бабына сәйкес ынтымақтастыққа жәрдемдесуді;
      с) стандарттарды, техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімін әзірлеу, қабылдау, қолдану және қамтамасыз етуге байланысты басқа Тараптың кез келген мәселесін жедел шешуді;
      d) осы тарау аясында туындайтын кез келген мәселе жөнінде консультациялар өткізуге Тараптың сауалы бойынша жәрдемдесуді;
      е) Тараптардың көзқарасы бойынша оларға осы тарауды орындауға көмектесетін кез келген басқа іс әрекеттерді орындауды;
      f) Бірлескен Комитет беруі мүмкін басқада функцияларды орындауды қамтиды.

7-ТАРАУ
САНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР

7.1-бап Мақсаты

      Осы тараудың мақсаты Тараптар арасында тауарлар саудасын:
      а) Тараптардың аумағында адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар және өсімдіктерді қорғай отырып, санитарлық және фитосанитарлық шараларға жататын даулы мәселелердің шешімін іздеу;
      b) Тараптар және олардың құзыретті органдары арасында, оның ішінде СФК жөніндегі Келісімде белгіленгендей, санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеу және қолдану саласында өзара іс-қимылды нығайту;
      с) санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында ақпарат алмасуға және әрбір Тараптың білім деңгейін арттыруға және реттеу жүйесін түсінуге жәрдемдесу арқылы жеңілдету болып табылады.

7.2-бап Іс-әрекет ету саласы

      Осы тарау Тараптар арасында саудаға тікелей немесе жанама ықпал етуі мүмкін Тараптардың санитарлық және фитосанитарлық шараларына қолданылады.

7.3-бап Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаты үшін:
      а) СФК жөніндегі Келісімнің А-қосымшасында қамтылған анықтамалар қолданылады, mutatis mutandis;
      b) Халықаралық ұйымдар: Codex Alimentarius комиссиясы, Дүниежүзілік жануарлар саулығын сақтау ұйымы (одан әрі – ХЭБ) және өсімдіктерді қорғау жөнінде Халықаралық конвенция (одан әрі ӨҚХК) аясында әрекет ететін халықаралық және аймақтық ұйымдар әзірлеген тиісті анықтамалар осы тарауды іске асыру кезінде қолданылады, mutatis mutandis.

7.4-бап СФК жөніндегі Келісімді қосу

      Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, СФК жөніндегі Келісім Тараптар арасында осы инкорпорациялаумен қолданылады және осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды, mutatis mutandis.

7.5-бап Баламалылық

      1. Тараптар Баламалары сауданы жеңілдетудің маңызды құралы болып табылады деп таниды.
      2. Тараптар ақылға қонымды және рұсқат етілген шектерде шаралардың, шаралар тобының немесе жүйенің баламалалығын тани алады.

7.6-бап Өңірлік жағдайларға бейімделу

      1. Тараптар зиянкестерден немесе аурулардан бос аймақтарды және зиянкестердің немесе аурулардың елеусіз таралу аймағын қоса алғанда, өңірлік жағдайларға бейімделу тұжырымдамасын сауданы жеңілдетудің маңызды құралы ретінде таниды.
      2. Мұндай аймақтарды анықтаған кезде Тараптар зиянкестерден немесе аурулардан бос еркін аймақтар және зиянкестердің немесе аурулардың елеусіз таралу аймағы мәртебесін, аудит нәтижесін, инспекциялық бақылау нәтижесін, ХЭБ және ӨҚХК ұсынған ақпарат және басқа да факторларды растайтын Тараптың ақпараты сияқты факторларды қарайды.

7.7-бап Аудит және инспекция

      1. Тауар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әрбір Тараптың аудит және/немесе инспекциялау жүргізуіне болады.
      2. Тараптар аудит және инспекциялау саласында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келіседі.
      3. Аудит және/немесе инспекциялауды жүргізген кезде әрбір Тарап тиісті халықаралық стандарттарды және ұсыныстарды назарға алады.
      4. Аудит немесе инспекциялауды жүргізетін Тарап тексеретін Тарапқа аудит және/немесе инспекциялау нәтижесін түсіндіруіне мүмкіндік береді.
      5. Аудит немес инспекциялау жүргізген Тарап тартқан шығыстар, егер Тараптар басқаша уағадаласпаса, аудит немесе инспекциялау жүргізген Тарапқа жүктеледі.

7.8-бап Қауіпсіздікті растайтын құжаттар

      1. Егер Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада тауарлар қауіпсіздігін растау үшін қандай да бір құжатты ұсыну талап етілетін болса, экспорттаушы Тарап импорттаушы Тараптың талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Импорттаушы Тарап, Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада тауарлар қауіпсіздігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар тек қана адам өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті шектерде қолданалуын қамтамасыз етеді.
      2. Тараптар, жағдайларға сәйкес тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды әзірлеген кезде тиісті халықаралық стандарттарды және ұсыныстарды назарға алады.
      3. Тараптардың Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудада тауарлардың немесе тауарлар тобының қауіпсіздігін растау үшін екіжақты құжаттарды әзірлеу туралы келісуіне болады.
      4. Сауданы жеңілдету мақсатында Тараптар тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды әзірлеген кезде электронды технологияларды қолдануға жәрдемдеседі.

7.9-бап Төтенше шаралар

      1. Егер Тарап адамдар өмірі немесе денсаулығын, жануарлар немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті төтенше шараны енгізетін болса, осындай Тарап ықтималды қысқа мерзімде басқа Тарапты осындай шара туралы хабардар етеді. Төтенше шараны енгізген Тарап басқа Тарап ұсынған тиісті ақпаратты назарға алады.
      2. Егер Тараптармен өзгеше келісілмесе, кез келген Тараптың сауал салуы бойынша, ықтималды қысқа мерзімде төтенше шаралар мәселелері жөнінде тиісті құзыретті органдардың консультациясы өтеді.

7.10-бап Байланыс пункттері және ақпарат алмасу

      1. Тараптар осы тараудың ережелеріне сәйкес ақпарат жолдау үшін байланыс пункттері туралы, сондай-ақ осы тарауға тиесілі мәселелер үшін жауапты уәкілетті құзыретті органдар туралы және олардың арасындағы міндеттерді бөлу туралы бір-бірін хабардар етеді.
      2. Тараптар байланыс пункттерінің қандай да бір өзгерістері туралы және құрылымда немесе олардың құзыретті органдарының құзыретіндегі қандай да бір елеулі өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етеді.
      3. Тараптар өздерінің байланыс пункттері арқылы:
      а) азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің кез келген елеуді мәселелері немесе жануарлар немесе өсімдіктердің тіршілігі немесе саулығына, немесе аурудың жағдайы немесе олардың аумағында зиянкестердің таралуына қатысты өзгерістерге; және
      b) заңнамада немесе басқа санитарлық немесе фитосанитарлық шаралардағы кез келген өзгерістерге қатысты бір-біріне уақытылы жазбаша хабарлама жолдайды
      4. Тараптар санитарлық және фитосанитарлық шаралардың жүйелі немесе елеулі сақталмау жағдайлары туралы байланыс пункттері арқылы бір-бірін хабардар етеді, сондай-ақ осындай сақтамауды растайтын тиісті құжаттарды береді.

7.11-бап Ынтымақтастық

      1. Тараптар осы тарауды іске асыруды оңтайландыру мақсатында қызмет етуге келіседі.
      2. Тараптар осы тараудың ережелеріне сәйкес өзара мүддені білдіретін санитарлық және фитосанитарлық шаралар мәселелері бойынша ынтымақтастықты, өзара әрекеттесуді және ақпарат алмасуды кеңейту үшін мүмкіндіктерді зерттейді. Осындай мүмкіндіктерге сауданы оңтайландыру бойынша бастамалар және техникалық қолдау жатады.
      3. Тараптар халықаралық форумдарда, оның ішінде халықаралық ұйымдарда өзара мүддені білдіретін мәселелер жөнінде бірлескен жұмысқа ұмтылады.
      4. Осы тарау аясында өзара әрекеттесуді дамыту үшін Тараптарға санитарлық және фитосанитарлық шаралар мәселесі бойынша ad hoc келісімдер жасауға болады.

7.12-бап Консультациялар

      1. Егер Тарап санитарлық және фитосанитарлық шаралар оның басқа Тараппен саудасына әсер етеді деп санаса, ол осы мәселені шешу мақсатында тиісті байланыс пункті арқылы консультация сұрата алады.
      2. Тарап осы тарау жөнінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында басқа Тараптың сұрау салуы бойынша осы Тарау шеңберінде консультация жүргізу мүмкіндігін қарауы тиіс.
      3. Егер кез келген Тарап осындай мәселе консультациялар арқылы шешілуі мүмкін емес деп санаса, бұл Тарап осы Келісімнің 14-тарауына сәйкес (Дауларды шешу) дауларды шешу бойынша тетіктер арқылы мәселені шешу үшін жүгінуге құқығы бар.

8-ТАРАУ.
КӨРСЕТІЛІТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ, ҚАРЖЫ САЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУЫ

1-БӨЛІМ. «ДЕҢГЕЙЛЕС» ЕРЕЖЕЛЕР

I.1-бап Мақсаттар

      Осы тараудың мақсаттары ашық және тұрақты құқықтық жүйе шеңберінде Тараптардың көрсетілетін қызметтер саудасын құруды, қаржы салымдарын және жеке тұлғалардың орын ауыстыруын кеңейтуге ықпал жасау арқылы Тараптардың тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық өсуін қолдау болып табылады, бұл ретте Тараптардың ұлттық саясаттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін құқықтық реттеуге құқықтары мойындалады.

I.2-бап Қолданылу аясы

      1. Осы тарау бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін «Тараптар» немесе «осы тараудың Тараптары» деп аталатын Ресей Федерациясы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында ғана қолданылады.
      2. Осы тарау Тараптардың көрсетілетін қызметтер саудасына, құруға, қаржы салымдары және жеке тұлғалардың орын ауыстыруына әсер ететін шараларға қолданылады.
      3. Авиакөлік қызметтерге қатысты осы тарау қалай көрсетілгеніне қарамастан әуе тасымалы құқығына әсер ететін шараларға қолданылмайды немесе ДСҰ-ның Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі Бас келісіміне Авиакөлік қызметтері жөнінде қосымшаның 6-тармағында көзделген әуе кемелерін жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге, авиакөлік қызметтерін сатуға және олардың маркетингіне, компьютерлік резервілеу жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне қатысты шараларды қоспағанда, әуе тасымалы құқықтарын іске асыруға тікелей қатысы бар көрсетілетін қызметтерге әсер ететін шараларға қолданылмайды. ДСҰ-ның Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісіміне Авиакөлік қызметтері жөнінде қосымшаның 6-тармағында қамтылған анықтамалар осы тараудың құрамына енеді және оның бір бөлігі болады.
      4. Осы тарау мыналарға:
      а. «Мемлекеттік сатып алулар» тарауының мәні болып табылатын мемлекеттік сатып алуларға;
      b. Тараптың жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуге ұмтылатын жеке тұлғаларға қатысы бар шараларға;
      с. азаматтыққа, тұрақты негіздегі келу орны мен жұмыспен қамтуға қатысты шараларға қолданылмайды.
      5. Осы тарау Тарапқа, оның шекарасының тұтастығын қорғауға және жеке тұлғалардың өз шекаралары арқылық реттелген қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қоса алғанда, жеке тұлғалардың өз аумағына кіруін немесе олардың сонда уақытша болуын реттеуге арналған шаралар басқа Тарапта айрықша міндетемеге сәйкес туындайтын пайданы жоятын немесе қысқартатындай етіп қолданылмайтын шартта көрсетілген шараларды қолдануға кедергі жасамайды. Тараптың жеке тұлғаларынан, бірақ кез келген басқа үшінші мемлекеттің тұлғаларынан емес визаның болуын талап ету фактісінің өзі осы тарауда қабылданған міндеттемелерге сәйкес пайданы жою немесе қысқарту болып саналмайды.

I.3-бап Анықтамалар

      Осы Тараудың мақсаттары үшін:
      1. «көрсетілетін қызметтер саудасы» термині:
      і. бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына;
      іі. бір Тараптың аумағында басқа Тараптың көрсетілетін қызмет тұтынушысына көрсетілетін қызметтерді жеткізуді білдіреді;
      2. «көрсетілетін қызметтерді жеткізу» термині көрсетілетін қызметті өндіруді, бөлуді, оның маркетингін, сатуды және жеткізуді қамтиды;
      3. «көрсетілетін қызметтер» термині коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше көрсетілетін қызмет жеткізушілермен бәсекелестік жағдайында емес жеткізілетін көрсетілетін қызметтерді есептемегенде, кез келген сектордағы кез келген көрсетілетін қызметті қамтиды.
      4. «көрсетілетін қызметтерді жеткізуші» термині көрсетілетін қызметті жеткізетін кез келген тұлғаны білдіреді.
      5. «көрсетілетін қызметті тұтынушы» термині көрсетілетін қызметті алатын немесе пайдаланатын кез келген тұлғаны білдіреді;
      6. «тұлға» термині заңды және жеке тұлғаны білдіреді.
      7. «Тараптың жеке тұлғасы» термині осы Тараптың заңнамасына сәйкес осындай Тараптың азаматы болып табылатын жеке тұлғаны білдіреді.
      8. «заңды тұлға» термині қолданылатын заңнамаға сәйкес тиісінше құрылған немесе өзгеше түрде құрылған кез келген заңды тұлғаны білдіреді.
      Заңды тұлға:
      егер оған қатысу үлесінің 50%-нан астамы шындығында осы Тараптың немесе осындай үшінші мемлекеттің тұлғалары иеленсе, Тараптың тұлғаларына «тиесілі» болады;
      егер Тараптың тұлғалары оның директорларының көпшілігін тағайындауға немесе өзгеше түрде оның қызметін бағыттауға уәкілетті болса, Тараптың тұлғалары "бақылайды".
      9. «Тараптың заңды тұлғалары» термині осы Тараптың заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаны білдіреді.
      10. «экономикалық ықпалдасу туралы келісімдер» термині Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (ҚСБК) V-бабы мен Vbis-бабының талаптарына сәйкес келетін халықаралық келісімді білдіреді.
      11. «шара» термині Тараптың заңнама, ережелер, рәсімдер, шешімдер, әкімшілік іс-әрекеттер нысанындағы немесе кез келген басқа нысандағы кез келген шарасын білдіреді.
      12. «Тараптың шарасы» термині:
      а) осындай Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтік және өзге билік органдары, және
      b) осындай Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтік және өзге билік органдары берген өкілеттікті орындау мақсатында үкіметтік емес органдар қабылдаған шараларды білдіреді.
      13. «Тараптардың көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін шаралары» термині мыналарға:
      (і) көрсетілетін қызметті сатып алуға, төлеуге немесе пайдалануға;
      (іі) Тараптар кең жариялы ұсыныс талаптарын белгілеген көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға қатысты шараларды қамтиды.
      14. «Тараптардың құруға, коммерциялық қатысуға және қызметке әсер ететін шаралары» термині бір Тараптың заңды тұлғаларының басқа Тараптың аумағында құруына, коммерциялық қатысуына немесе олардың қызметіне қатысты шараларды қамтиды.
      15. «заңнама» термині кез келген заңды немесе басқа нормативтік құқықтық актіні қамтиды.
      16. «құру» термині көрсетілетін қызметті жеткізу мақсаттары және/немесе көрсетілетін қызметке қатысы жоқ секторларда экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін:
      і. аумағында заңды тұлға құрылатын немесе сатып алынатын Тараптың заңнамасында кезделетін кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы және меншік нысанындағы заңды тұлғаны құруды және/немесе сатып алуды (бар заңды тұлғаның капиталына қатысу), немесе:
      іі. Тараптың заңды тұлғасы қабылдайтын шешімді тікелей немесе жанама түрде заңды түрде айқындау арқылы дауыс беруші акцияларды (үлестер), осындай заңды тұлғаның басқарушы органдарына қатысуды (директорлар кеңесін, бақылау кеңесін және т.б. қоса алғанда) қоса алғанда, Тараптың заңды тұлғасын бақылауға ие болу; немесе
      ііі. филиал құруды; немесе
      iv. өкілдік құруды білдіреді.
      17. «коммерциялық қатысу» термині құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлғаларды және/немесе көрсетілетін қызметті жеткізу және/немесе құрылғандарға, сатып алынғандарға, бақыланатындарға жатпайтын секторларда экономикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған филиалдарды не өкілдіктерді білдіреді, бұдан әрі «құрылған коммерциялық қатысу» деп аталады.
      18. «қызмет» термині коммерциялық емес негізде және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби сипаттағы қызметпен айналысатын бір немесе одан көп тұлғалармен бәсекелестік емес жағдайында жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің қызметін білдіреді.

I.4-бап Басқа халықаралық келісімдер

      Егер ДСҰ туралы келісімді қоса алғанда, екі Тарап қатысатын халықаралық келісімде, олардың тұлғалары (көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) және/немесе олардың коммерциялық қатысуы, көрсетілген қызмет немесе қаржы салымдары үшін осы Бөлімде қамтылған мәселелерге қатысты қолайлырақ режим көзделсе, осы Келісім мұндай қолайлырақ режимге әсер етпейді.

I.5-бап Ішкі реттеу

      1. ДСҰ Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі Бас келісімінің VI бабы mutatis mutandis Тараптары арасында қолданылады.
      2. Тараптың Х бөлімінде («Құру») қамтылған құру мен қызметке (сондай-ақ Тарап Х бөліміне («Көрсетілетін қызметтер саудасы») сәйкес көрсетілетін қызметтер бойынша арнайы міндеттемелерді қабылдаған көрсетілетін қызметтердің секторларына) қатысты лицензиялау рәсімдері мен талаптарын белгілеу және қолдану құқығы үшін зиян келтірусіз осындай Тарап:
      - оның лицензиялау тәртібін құру, қызмет немесе қызметті жеткізу үшін шектеу болмайтынына және көрсетілетін қызметті жеткізуді таңдауға тікелей қатысты лицензиялық талаптары осындай қызметті жеткізу үшін ақталмаған кедергі болмайтынына;
      - уәкілетті билік органдары ақталмаған кедергісіз осындай Тараптың тиісті заңнамасында көрсетілген мерзім шегінде және лицензия беру/беруден бас тарту туралы шешімді қабылдайтынына;
      - лицензия алуға өтінім беруге және қарауға байланысты алынатын төлем көрсетілетін қызметті жеткізу, құру немесе қызмет ету үшін шектеу болып табылмайтынына;
      - осындай Тараптың заңнамасында белгіленген лицензияға өтінімді қараудың кез келген кезеңі аяқталғаннан кейін және өтініш берушінің сұрау салуы бойынша осындай Тараптың өкілетті билік органдары өтініш берушіге оның өтінімінің мәртебесі мен толықтығы туралы ақпарат беретініне кепілдік береді. Егер мұндай органдар өтініш берушіден қосымша ақпарат сұрататын болса, өтініш берушіге ақталмаған кідіріссіз хабардар етеді және өтінімді толық толтыру үшін қандай қосымша ақпарат қажет етілетінін нақтылайды. Өтініш берушілердің сұратылған қосымша ақпаратты ұсыну және өтінімге техникалық түзетулер енгізу мүмкіндігі болуы керек. Өтінім осындай Тараптың тиісті заңнамасында көзделген толық ақпарат пен құжаттарды алғанға дейін толық деп саналмайды;
      - өтінімі қайтарылған өтініш берушінің жазбаша сұрау салуы бойынша өтінімді қайтарған уәкілетті орган өтінімді қайтару себептері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар ететініне кепілдік береді. Алайда осы ереже, егер мұндай ақпаратты ашу құқықты қолдануға кедергі жасаса немесе өзгеше түрде жұртшылықтың мүддесіне немесе қауіпсіздіктің елеулі мүдделеріне қарама-қайшы келсе, қадағалау органының ақпаратты ашу туралы талабы ретінде ұғынылмайды;
      - өтінім қайтарылған жағдайда өтініш беруші лицензия алумен байланысты кез келген алдыңғы проблемаларды шешу мақсатында жаңа өтінім беруге құқылы екеніне кепілдік береді.

I.7-бап Байланыс орталығы

      Әр Тарап осы тарауда қамтылатын мәселелер бойынша Тараптар арасындағы коммуникацияны қатынасты жеңілдету мақсатында ұлттық байланыс орталығын айқындауы, сондай-ақ осындай байланыс орталығы бойынша басқа Тарапқа ақпарат ұсынуы тиіс. Тараптар өз байланыс орталықтары туралы ақпараттағы кез келген өзгерістер туралы бір-бірін дереу хабардар етуге тиіс.

I.8-бап Пайда беруден бас тарту

      Тарап осы тарауда көзделген пайданы басқа Тараптың тұлғасына бірінші Тарап мұндай тұлға басқа Тараптың аумағында елеулі іскерлік операцияларды жүзеге асырмайтынын және
      a) кез келген үшінші мемлекетке, немесе
      b) бірінші Тарапқа
      тиесілі немесе олармен бақыланатын заңды тұлға екенін анықтаса, басқа Тараптың тұлғасына беруден бас тарта алады.

I.9-бап Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер

      1. осы Тараудың II.5 [Төлемдер мен аударымдар] және  IV.10[Төлемдерді аудару]–баптарында айтылған ережелеріне қарамастан, әрбір Тарап төлем теңгерімімен едәуір қиыншылықтар мен сыртқы қаржылық қиындықтар немесе мұндай қауіп жағдайында, осы Тараудың көрсетілген II.5 [Төлемдер мен аударымдар] және [Төлемдерді аудару] IV.10-баптарында айтылған, осы Тарауға сәйке бұл Тарап міндеттемелер қабылдаған көрсетілетін қызмет саудасы, құру және каржы салымдары жөнінде шектеулер белгілей және сақтай алады, бұл ретте шектеулер:
      - НҚР негізінде қолданылуы;
      - Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің Баптарына сәйкес келуі;
      - басқа Тараптың коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне артық зиян келтіруді болдырмауы;
      - осы тармақта жазылған жағдайларда қажеттілік шектерінен шықпауы;
      - уақытша болуы және осы тармақта көрсетілген ережені жақсартқан сайын біртіндеп жойылуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес шектеу енгізетін Тарап басқа Тарапты осындай шара туралы дереу хабардар етуі тиіс.
      3. Осындай шектеулердің қолданыс аясын айқындау кезінде Тараптар өздерінің экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін маңыздырақ болатын көрсетілетін қызметтерді жеткізулерге артықшыл беруі мүмкін. Алайда мұндай шектеулер көрсетілетін қызметтің белгілі секторын қорғау мақсатында белгіленуі және сақталуы тиіс емес.
      4. Осы Келісімнің ешбір ережелері Тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес шектеулерді қолданған жағдайда, Келісімнің баптарына сәйкес келетін валюта айырбастауға байланысты шараларды қолдануды қоса алғанда, Қор Келісімінің баптарына сәйкес Халықаралық валюта қорының мүшесі болып табылатын Тараптың құқықтары мен міндеттеріне әсер етпеуі тиіс.
      [VN: Осы бапқа осы тараудың [Тарап пен басқа Тараптың инвесторы арасындағы дауларды шешу] Х.11-бабында көзделген дауларды шешу рәсімдері қолданылмайды.]

I.10-бап Қосылу

      1. [РФ: [Арнайы міндеттемелер тізбесі мен Алып қою тізбелеріне] қатысты] [Л] кез келген мемлекет – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі осы Тарауға осындай мүше мемлекет пен Вьетнам арасында келісілген шартпен қосыла алады [VN: Арнайы міндеттемелер тізбесі мен Алып қою тізбелерін қоса алғанда].
      2. [РФ: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қосылуы нәтижесінде туындайтын осы тарауға түзетулер осы тараудың Тараптары мен осы тарауға қосылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзара жазбаша келісімімен енгізілуі тиіс.]
      3. Осы тарауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет қосылған жағдайда, осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылатын Тараптары арасында қолданылмауы тиіс және Вьетнамға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір-біріне ұсынатын құқықтар мен артықшылықтарды бермейді.

X.11-бап Түзетулер

      Осы тарауға Тараптардың екіжақты жазбаша келісімімен түзетулер енгізіле алады. [VN: Осы тарауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қосылуы нәтижесінде туындайтын түзетулер осы тараудың Тараптары мен осы тарауға қосылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің екіжақты жазбаша келісімімен енгізілуге тиіс.]

X.12-бап Консультациялар

      1. Тараптар осы тараудың ережелерін түсіндіру немесе қолдану мәселелері бойынша Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша консультациялар жүргізуге тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген консультациялар осы Келісімнің ХХ тарауының [Жалпы ережелер] 5-бабына сәйкес құрылған Бірлескен комитет арқылы жүргізілуі мүмкін.
      3. Осы тараудың мақсаттары үшін Бірлескен комитет осы тараудың Тараптары өкілдерінің бірлескен төрағалығымен жұмыс істеуге тиіс және осы тараудың күші қолданылатын мәселелер бойынша Бірлескен комитет шешімдерінің кез келгені осы тараудың Тараптарымен ғана консенсус негізінде қабылдануға тиіс.

X.13-бап Тараптар арасындағы дауларды шешу

      ХХ тараудың [ДАУЛАРДЫ ШЕШУ] ережелері келесі өзгертулермен осы тарауды түсіндіру немесе қолдану мәселелері бойынша Тараптар арасындағы дауларды шешуге қатысты қолданылуға тиіс.
      Осы тараудың мақсаттары үшін:
      - ХХ тарауда [ДАУЛАРДЫ ШЕШУ] көрсетілген «[VN: даудың] Тарапы» термині «осы тараудың Тарапы» дегенді білдіреді.
      - ХХ тараудың [ДАУЛАРДЫ ШЕШУ] 5-бабы [Консультациялар] 2-тармағында көрсетілген консультацияларға сұрау салу Жауапкер-тарапқа осы тараудың (Байланыс орталығы) 1.7-бабына сәйкес тағайындалған Байланыс орталықтары арқылы жазбаша нысанда берілуге тиіс.
      - ХХ тараудың [ДАУЛАРДЫ ШЕШУ] 6-бабы [Арбитрлер панелін құру] 3-тармағында көрсетілген Арбитрлер панелін құру туралы сұрау салу Жауапкер-тарапқа осы тараудың (Байланыс орталығы) 1.7-бабына сәйкес тағайындалған Байланыс орталықтары арқылы жазбаша нысанда берілуге тиіс.
      - ХХ тараудың [ДАУЛАРДЫ ШЕШУ] 12-бабында көрсетілген артықшылықтарды қолдануды тоқтата тұру осы тарау ұсынатын пайдаға қатысты ғана қолданыла алады.

II БӨЛІМ. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САУДАСЫ

II.1-бап Қолданылу аясы

      1. Осы бөлім Тараптардың көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін кез келген шараларына қолданылады.
      2. Осы бөлім субсидиялар беруге немесе қызметті берушілерді немесе олардың қызметтерін мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

II.1-бап Барынша қолайлық жағдай режимі

      1. Осы бөлім қамтитын кез келген шараға қатысты әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне кез келген үшінші мемлекеттің ұқсас көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді кідіріссіз және сөзсіз ұсынады.
      2. Тарап мұндай шара осы Келісімнің [] қосымшасында осындай Тараптың дербес ұлттық Тізімінде көрсетілген жағдайларда, осы баптың 1-тармағына сәйкес келмейтін шараны сақтай алады.
      3. Осы бөлімнің ережелері жергілікті деңгейде жеткізілетін және пайдаланылатын шекараға іргелес көрсетілетін қызметтердің аумағымен шектелген көрсетілетін қызметтердің саудасын оңайлату мақсатында шектес елдерге Тараптың артықшылықты беруіне немесе ұсынуына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      4. Осы Келісімнің ешбір ережелері Тараптың екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері немесе қызметті берушілеріне бірінші Тарап ұсынған немесе келешекте ұсынатын пайда немесе артықшылықты беру міндеттемесін:
      а. бірінші Тараптың экономикалық интеграция туралы келісіміне сәйкес, немесе
      b. қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім немесе салық мәселелері бойынша өзге де уағдаластықтар негізінде білдірмейді.

II.3-бап Нарыққа қол жеткізу

      1. ХХ.1 бапта (Терминология: Көрсетілетін қызметтер саудасы) айқындалған жеткізу тәсілі арқылы нарыққа қол жеткізуге қатысты әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне
      2. Х қосымшадағы1 (Көрсетілетін қызметтер бойынша арнайы міндеттемелер тізбесі) олардың Тізбесінде келісілген және көзделген шарттарға, шектеулер мен ережелерге сәйкес ұсынылатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      3. Нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылданатын секторларда, егер Х қосымшадағы оның Тізбесінде (Көрсетілетін қызметтер бойынша арнайы міндеттемелер тізбесі) өзгеше көрсетілмесе, Тарап сақтамайтын немесе белгілемейтін не өңірлік бөлініс шеңберіндегі немесе бүкіл өзінің аумағындағы шаралар ретінде мыналар анықталады:
      а. қызметті берушілер санын не сандық квоталар, монополиялар, эксклюзивті қызмет берушілер не экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанында шектеу;
      b. сандық квоталар немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанында көрсетілетін қызметтер бойынша мәмілелердің немесе активтердің жалпы құнын шектеу;
      с. квоталар нысанында немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптарын белгіленген сандық өлшем бірлігі түрінде көрінетін қызметті беру бойынша операциялардың жалпы санын немесе көрсетілетін қызметті өндірудің жалпы көлемін шектеу.

_________________
1Егер бір Тарап бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына қызметтерді беруге қатысты нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемені өзіне алса және егер капиталдың трансшекаралық қозғалысы көрсетілетін қызметтің елеулі бөлігі болып табылса, мұндай Тарап капиталдың осындай қозғалысын шешуге міндеттенеді.

II.4-бап Ұлттық режим

      1. Х қосымшадағы Тізбелерге («Көрсетілетін қызметтер бойынша арнайы міндеттемелер тізбесі») енгізілген секторларда және оларда ескерілген шарттарға және талаптарға сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне қызметті берушіге әсер ететін барлық шараларға қатысты өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады2.
      2. Тарап 1-тармақтың талабын екінші Тараптың көрсетілетін қызметтеріне және қызметті берушілеріне не формальды түрде осындай режимді не өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтері мен қызметті берушілеріне беретін режимнен формальды түрде ерекшеленетін режимді беру арқылы орындай алады.
      3. Формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим, егер ол кез келген екінші Тараптың ұқсас көрсетілетін қызметтерімен немесе қызметті берушілерімен салыстырғанда, бәсекелестік шарттарын Тараптың көрсетілетін қызметтерінің немесе қызметті берушілерінің пайдасына өзгертсе, қолайлығы аз деп есептеледі.

____________________
2Осы бапқа сәйкес қабылданған арнайы міндеттемелер кез келген Мүшеге көрсетілетін қызметтердің немесе қызметті берушілердің шетелдік шығарылуына орай туындаған бәсекелестік артықшылықтарды жоғалтуын өтеу талабы ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

II.5-бап Төлемдер мен аударымдар

      1. 1.9-бапта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың төлем теңгерімін қорғауға байланысты шектеулер, Тарап осы бөлімге сәйкес арнайы міндеттемелерге жататын ағымдағы операциялар бойынша халықаралық аударымдар мен төлемдерге қатысты шектеулерді қолданбайды.
      2. Осы тарауда ештеңе де Тарап осы бөлімнің 1.9-бабын Төлем теңгерімін қорғауға байланысты шектеулерді қоспағанда немесе Халықаралық валюта қорының сұрау салуы бойынша осы бөлімге сәйкес қабылданған мұндай операцияларға қатысты оның арнайы міндеттемелерімен үйлеспейтін қандай да бір күрделі операцияларға шектеулер салмаған жағдайларда Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарын бұзбайтын айырбастау операцияларын пайдалануды қоса алғанда, Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына сәйкес Халықаралық валюта қорының мүшелері ретінде Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді.

II.6-бап Тану

      Көрсетілетін қызметтер саудасы бойынша ДСҰ Бас келісімінің VII бабының ережелері mutatis, mutandis Тараптар арасында қолданылады.

III БӨЛІМ. ҚҰРУ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ

III.1-бап Қолданылу аясы

      1. Осы бөлім Тараптардың құру, коммерциялық қатысу және қызметіне әсер ететін кез келген шараларына қолданылады.
      2. Осы бөлімнің ережелері бір Тараптың тұлғасы екінші Тараптың аумағында осы Келісім күшіне енген күні немесе одан кейін құрған коммерциялық қатысуға қолданылады.
      3. Осы бөлім құруға және/немесе қызметіне байланысты тұлғаларға және олардың коммерциялық қатысуына субсидиялар беруге немесе мемлекеттік немесе муниципалдық қолдаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

III.2-бап Ұлттық режим

      1. Құруға қатысты және осы Келісімге [] қосымшада көрсетілген оның дербес ұлттық Тізімінде бекітілген ескертулерге сәйкес әрбір Тарап өз аумағында екінші Тараптың тұлғаларына ұқсас жағдайларда өз тұлғаларына ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      2. Қызметке қатысты және осы Келісімге [] қосымшада көрсетілген оның дербес ұлттық Тізімінде бекітілген ескертулерге сәйкес әрбір Тарап бірінші Тараптың аумағында екінші Тараптың тұлғасы құрған коммерциялық қатысуға, ұқсас жағдайларда өз аумағында құрылған өз тұлғаларының коммерциялық қатысуына ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.

III.3-бап Барынша қолайлылық жағдай режимі

      1. Құруға қатысты және осы Келісімге [] қосымшада көрсетілген оның дербес ұлттық Тізімінде бекітілген ескертулерге сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың тұлғаларына ұқсас жағдайларда кез келген үшінші мемлекеттің тұлғаларына ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      2. Қызметіне қатысты және осы Келісімге [] қосымшада көрсетілген оның дербес ұлттық Тізімінде бекітілген ескертулерге сәйкес әрбір Тарап бірінші Тараптың аумағында екінші Тараптың тұлғасы құрған коммерциялық қатысуға, ұқсас жағдайларда кез келген үшінші мемлекет тұлғаларының коммерциялық қатысуына ұсынатын режимнен қолайлығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      3. Неғұрлым айқындылығы үшін осы бап осы тараудың ХХ [ISDS] бабында көзделген халықаралық дауларды шешу рәсімдеріне немесе тетіктеріне қолданылмайды.
      4. Осы Келісімде ештеңе де Тараптың екінші Тараптың тұлғаларына немесе коммерциялық қатысуына бірінші Тарап ұсынған немесе келешекте ұсынатын пайда немесе артықшылықты беру міндеттемесін:
      а. бірінші Тараптың экономикалық интеграция туралы келісімдеріне сәйкес, немесе
      b. қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім немесе салық мәселелері бойынша өзге де уағдаластықтар негізінде білдірмейді.

III.4-бап Нарыққа қол жеткізу

      Құруға және/немесе қызметіне байланысты Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың тұлғаларына және/немесе олардың бірінші Тараптың аумағында құрылған коммерциялық қатысуына тиісінше мыналарға қатысты:
      і. тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын қоса алғанда, коммерциялық қатысу нысандары;
      іі. коммерциялық қатысудың құрылған бірліктерінің жалпы саны;
      ііі. екінші Тарап тұлғаларының бірінші Тараптың заңды тұлғасының капиталындағы үлесінің мөлшерін немесе осындай заңды тұлғаны бақылау дәрежесін барынша пайыздық шектеу;
      iv. екінші Тараптың тұлғасы құрған коммерциялық қатысу өз қызметі процесінде жүзеге асыратын, квота немесе экономикалық орындылыққа арналған тест талаптары нысанындағы мәміле/операциялар;
      осы Келісімге [Х] қосымшада көрінетін бірінші Тараптың дара ұлттық Тізімінде көзделген шектеулерді қоспағанда, шектеулерді сақтамайды және қолданбайды.

III.5-бап Қызметке қойылатын талаптар

      1. [ ] қосымшада көрсетілген, оның дербес ұлттық Тізімінде көрсетілген ескертуге сәйкес Тараптардың ешқайсысы құруға және/немесе қызметіне байланысты бірінші Тараптың аумағында құрылған екінші Тарап тұлғаларының коммерциялық қатысуына қатысты тиісінше мынадай кез келген талапты қолданбайды немесе мәжбүрлеп жүзеге асырмайды:
      а. қандай да бір белгілі бір көлемді немесе тауарлар немесе көрсетілетін қызметтердің үлесін экспорттау;
      b. оның аумағында өндірілген тауарларды сатып алу, пайдалану немесе осындай тауарларға артықшылықтар беру;
      c. импорттың көлемі немесе құнының экспорттың көлеміне немесе құнына немесе осындай құруға және/немесе осындай қызметіне байланысты шетелдік валюта түсімдерінің сомасына тәуелділігін кез келген түрде белгілеу;
      d. оның аумағында осындай коммерциялық қатысу өндіретін немесе жеткізетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер саудасын, осындай сатуларды сол немесе өзге де түрде экспорттың көлеміне немесе құнына немесе шетелдік валютада түскен түсімнің арақатысы арқылы шектеу;
      e. жеке меншік болып табылатын белгілі бір технологияны, өндірістік процесті немесе өзге де ақпаратты бірінші Тараптың аумағындағы тұлғаларға беру, немесе
      f. өндірілетін тауарларды немесе белгілі бір өңірлік нарыққа немесе әлемдік нарыққа жеткізілетін көрсетілетін қызметтерді бірінші Тараптың аумағына ғана жеткізу.
      2. Тараптардың ешқайсысы кез келген мынадай талаптар сақталған кезде бірінші Тараптың аумағында құрылған екінші Тарап тұлғаларының коммерциялық қатысуының құруға және/немесе қызметіне байланысты артықшылықты алуына немесе алуды жалғастыруына себепші болмайды:
      a. бірінші Тараптың аумағында өндірілген тауарларды сатып алу, пайдалану немесе осындай тауарларға артықшылықтар беру;
      b. импорттың көлемі немесе құнының экспорттың көлеміне немесе құнына немесе осындай құруға және/немесе қызметіне байланысты шетелдік валюта түсімдерінің сомасына тәуелділігін кез келген түрде белгілеу;
      c. оның аумағында осындай коммерциялық қатысу өндіретін немесе жеткізетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер саудасын, осындай сатуларды сол немесе өзге де түрде экспорттың көлеміне немесе құнына немесе шетелдік валютада түскен түсімнің арақатысы арқылы шектеу.
      3. 2-параграфта ештеңе де Тарапқа екінші Тарап тұлғаларының құруға және/немесе қызметіне және/немесе бірінші Тараптың аумағында осындай тұлғалардың коммерциялық қатысуына, өндірісті оқшаулау, қызметті беру, қызметкерлерді оқыту немесе жалдау, қандай да бір өндірістік қуаттылықтарды салу немесе кеңейту немесе бірінші Тараптың аумағында зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу талаптарын сақтауға байланысты артықшылықтарды алуына немесе алуды жалғастыруына себепші болатын кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      4. Көбірек айқындылығы үшін 1-параграфтың тармағындағы ештеңе де екінші Тарап тұлғаларының коммерциялық қатысуына байланысты оның аумағында қызметкерлерді жалдау немесе оқыту туралы, осындай жалдау немесе оқыту осы аумақта белгілі бір технологияны, өндірістік процесті немесе ноу-хауды беруді талап етпейтін жағдайларда кез келген талаптарды қолдануға немесе мәжбүрлеп жүзеге асыруға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      5. 1 (е) параграфы:
      a. Тарап ЗМҚСА келісімінің 31-бабына сәйкес зияткерлік меншік құқығын пайдалануға рұқсат берсе немесе ЗМҚСА келісімінің 39-бабының қолданылу аясына жататын немесе сәйкес келетін меншік болып табылатын ақпаратты жариялауды талап ететін шараларға, немесе
      b. Осындай талапты қолданатын немесе мәжбүрлеп жүзеге асыратын Тараптың бәсекелестік туралы заңнамасына сәйкес талапты сот немесе өзге де тиісті орган қолданса немесе мәжбүрлеп жүзеге асырса, қолданылмайды.
      5. 1(а), 1(b) және 2 (а) параграфтары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шетел мемлекеттеріне экспорттау және көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыруға қатысты біліктілік талаптарына қолданылмайды.
      6. Осы бап Тараптар қолданатын және Х тараудың «Шығарылу қағидаларының» мәні болып табылатын шығарылу қағидаларына әсер етпейді.

III.6-бап Жоғары басшылық, директорлар кеңесі

      Құруға және/немесе қызметіне байланысты және осы Келісімге [Х] қосымшада бірінші Тараптың дербес ұлттық Тізімінде көзделген шектеулерге сәйкес, сондай-ақ «Жеке тұлғалардың орын ауыстыруы» бөлімінде келтірілген шарттар мен шектеулерге сәйкес Тараптардың ешқайсысы осындай Тараптың заңды тұлғасы жоғары басқарушы лауазымдарға белгілі бір азаматтығы бар жеке тұлғаларды тағайындауды талап етпейді.

IV БӨЛІМ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ

IV.1-бап Мәні

      1. Осы Тарау осындай екінші Тараптың Жеке тұлғалары тізімінде көрсетілген жеке тұлғалардың санатына қатысты бір Тараптың жеке тұлғаларының басқа Тараптардың аумағына уақытша келуіне және болуына әсер ететін шараларға қолданылады. Жеке тұлғалардың көрсетілген санаты мыналарды:
      i. фирмаішілік ауыстырудағы іскер келушілерді
      ii. орнатушыларды немесе қызмет көрсетуші персоналды,
      iii. инвесторларды,
      iv. келісім-шартпен жұмыс істеушілерді қамтуы мүмкін.
      Осы Бөлім көрсетілетін қызметті жеткізушілерге немесе осы Бөлімде қамтылатын олар көрсететін қызметтерге субсидия немесе мемлекеттік немесе муниципалды қолдаудың басқа нысандарын ұсынуға қолданылмайды.
      2. Осы Тарау екінші Тараптың жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуді іздестіріп жүрген Тараптың жеке тұлғаларына әсер ететін шараларға, сондай-ақ азаматтық, бодандық, тұрақты тұрғылықты немесе тұрақты негізде жалдау орнына қатысты шараларға қолданылмайды.
      3. Анығырақ болу үшін осы Келісімде ештеңе де екінші Тараптың кез келген талаптарына немесе жеке тұлғаларға виза беру тәртібіне байланысты Тараптың міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      4. Осы Тараудың мақсаттарында «уақытша келу немесе болу» бір Тараптың жеке тұлғасының тұрақты тұру ниетінсіз екінші Тараптың аумағына келуін немесе болуын білдіреді.
      5. Тараптардың бір де бірінің, оның тізбесінде көзделгенді қоспағанда, Баптың 1-параграфында көрсетілген жеке тұлғалардың уақытша келуіне немесе болуына қатысты кез келген сандық шектеулер қоюға немесе экономикалық орындылығына тесті талапты сақтауға құқығы жоқ.

IV.2-бап Тану

      Бас келісімнің қызметтер көрсету саудасы жөніндегі VII бабы mutatis mutandis Тараптары арасында қолданылады

V БӨЛІМ. КҮРДЕЛІ ҚАРЖЫ САЛЫМДАРЫ

V.1-бап Анықтамалар

      Осы Тараудың мақсаттарында төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді:
      1. «күрделі қаржы салымы» - бір Тарап инвесторының екінші Тараптың аумағына осы Тараптың заңнамасына сәйкес салған, күрделі қаржы салымы біліктілігіне ие, оның ішінде капиталға және басқа ресурстарға қатысты инвестициялық міндеттемелер сияқты белгілері бар мүліктік құндылықтардың кез келген түрі, күтілетін пайда және өзіне тәуекелді қабылдау, оның ішінде:
      a. жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ кепіл құқығы, ипотекалық құқық сияқты кез келген мүліктік құқықтар;
      b. акциялар, салымдар және заңды тұлға капиталына қатысудың өзге де нысандары;
      c. облигациялар және өзге де борыштық міндеттемелер;
      d. қаржы құралдары бойынша немесе күрделі қаржы салымына байланысты экономикалық құндылығы3 бар шарттар бойынша талап ету құқығы;
      e. зияткерлік меншік құқығы;
      f. гудвил;
      g. экономикалық құндылығы бар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға заң немесе шарт негізінде берілетін құқық, оның ішінде атап айтқанда құрылыс салуға, өндіріске, табысты бөлу туралы келісімге және табиғат ресурстарын барлауға, әзірлеуге, өндіруге және пайдалануға байланысты концессиялық келісімдерге берілетін құқық.
      Инвестицияланған немесе қайта инвестицияланған мүліктік құқықтардың нысанын өзгертудің ешқайсысы күрделі қаржы салымы ретінде біліктілігіне әсер етпейді. Мұндай өзгерту аумағында күрделі қаржы салымы жүзеге асырылған Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. «Тараптың инвесторы» - екінші Тараптың аумағында соның заңнамасына сәйкес күрделі қаржы салымын жүзеге асырған Тараптың кез келген жеке немесе заңды тұлғасы.
      3. «Табыстар» - күрделі қаржы салымынан түскен қаражат, атап айтқанда, пайда, дивидендтер, пайыздар, капиталдың өсуінен алынған табыстар, роялти және басқа сыйақылар.
      4. «Еркін айырбасталатын валюта» Халықаралық Валюта қоры туралы келісімнің баптарына және оған кез келген түзетулерге сәйкес Халықаралық Валюта Қорының ұйғарымы бойынша еркін айырбасталатын валюта.

_________________
3Әртүрлі ұғынылуға жол бермеу үшін "күрделі қаржы салымы" термині:
      а) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатудың-сатып алудың коммерциялық келісімшарттарына, немесе
      b) осындай коммерциялық келісімшарттарға байланысты кредит беруге орай туындайтын ақша құралдары бойынша талап ету құқығын білдірмейді.

V.2-бап Қолданылу аясы

      1. Осы Тараудың ережелері Тараптардың бірінің инвесторы 1981 жылдың 19 маусымынан кейін екінші Тараптың аумағында жүзеге асырған және осы Келісімнің күшіне енген күнінде қолданыста болған күрделі қаржы салымының барлығына қолданылады, бірақ осы Келісім күшіне енген күнге дейін орын алған кез келген әрекетке немесе фактіге немесе туындаған немесе тоқтаған кез келген оқиғаға немесе дауға қолданылмайды.
      2. Бір Тараптың инвесторларының екінші Тарап аумағында жүзеге асырған құру және коммерциялық қатысу түріндегі күрделі қаржы салымы осы Тараудың «Құру» ІІІ бөлімінде анықталғанындай және реттелетіндей, «Күрделі қаржы салымын ынталандыру және рұқсат беру» [3]-бабының, «Әділ және тең құқықты режим және Толық қорғану және қауіпсіздік» [4]-бабының, «Ұлттық режим» [5]-бабының және «Ең қолайлы жағдай режимі» [6]-бабының қолданылу ету аясына жатпайды.
      3. Осы Бөлім «Залалды өтеу» деген []-бабында көзделген инвесторлар мен олардың күрделі қаржы салымдарына субсидиялар беруді немесе мемлекеттік немесе муниципалды қолдаудың басқа нысандарын қоспағанда, инвесторлар мен олардың күрделі қаржы салымдарына субсидиялар немесе мемлекеттік немесе муниципалды қолдаудың басқа нысандарын беруге қолданылмайды.

V.3-бап Күрделі қаржы салымын ынталандыру және рұқсат беру

      Тараптардың әрқайсысы өзінің аумағында күрделі қаржы салымын жүзеге асыру үшін екінші Тараптың инвесторларын ынталандырады және оларға қолайлы жағдай жасайды және өз заңнамасына сәйкес екінші Тараптың инвесторларының күрделі қаржы салымдарына рұқсат береді.

V.4-бап Әділ және тең құқықты режим және Толық қорғану мен қауіпсіздік

      1. Әрбір тарап екінші Тараптың инвесторларының күрделі қаржы салымдарына әділ және тең құқықты режимді, сондай-ақ толық қорғану пен қауіпсіздікті ұсынады.
      2. «Әділ және тең құқықты режим» әрбір тараптан кез келген сот немесе әкімшілік істі қарауда әділеттіктен бас тартпауды талап етеді.
      3. «Толық қорғану және қауіпсіздік» әрбір Тараптан екінші Тарап инвесторының күрделі қаржы салымының қорғалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақылға қонымды шараларды қолдануын талап етеді.
      4. Бірінші Тараптың аумағында екінші Тараптың инвесторының күрделі қаржы салымына қатысты «Әділ және тең құқықты режим» және «Толық қорғану және қауіпсіздік» тұжырымдамалары әрбір Тараптың заңнамасына сәйкес өзінің инвесторларына және/немесе үшінші мемлекеттің инвесторларына ұсынылған режимнен қолайлырақ режимді ұсынуын талап етпейді.
      5. Осы Келісімнің немесе жеке халықаралық келісімнің өзге ережелерінің бұзылу фактісін анықтау осы Бапты бұзушылықтар бар дегенді білдірмейді.

V.5-бап Ұлттық режим

      1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына және екінші Тараптың инвесторларының күрделі қаржы салымдарына өзінің инвесторлары мен өз аумағындағы олардың күрделі қаржы салымдарына осыған ұқсас мән-жайларда ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      2. Әрбір Тарап өз заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторларға және олардың күрделі қаржы салымдарына, қайталанған күрделі қаржы салымдарын қоса алғанда, осы Баптың 1-тармағында көрсетілген ұлттық режимді қолдану және одан алып тастауды енгізу құқығын өзінде қалдырады.

V.6-бап Барынша қолайлылық жағдай режимі

      1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына және екінші Тараптың инвесторларының күрделі қаржы салымдарына осы Келісімнің тарапы болып табылмайтын кез келген мемлекеттің инвесторларына және өз аумағындағы олардың күрделі қаржы салымдарына осыған ұқсас мән-жайларда ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.
      2. Неғұрлым айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында осы Бап осы Тараудың ХХ [ISDS] бабында көзделген халықаралық дауларды шешу рәсімдеріне немесе тетіктеріне қолданылмайды.
      3. Осы Бөлімде ештеңе де Тараптың екінші Тараптың инвесторларына немесе олардың күрделі қаржы салымдарына бірінші Тарап:
      a. бірінші Тараптың экономикалық ықпалдасу туралы келісімдеріне сәйкес, немесе
      b. қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім немесе толықтай немесе көп бөлігінде салық салуға қатысты өзге уағдаласулар негізінде ұсынатын немесе келешекте ұсынатын пайда немесе артықшылықты беру міндеттемесі ретінде түсіндірілмейді:

V.7-бап Залалды өтеу

      1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына және екінші Тарап инвесторларының күрделі қаржы салымдарына соғыс әрекеттері немесе басқа қарулы жанжал, көтеріліс, революция, бүлік, азаматтық толқу немесе тәртіпсіздікке байланысты аумағында инвесторлардың күрделі қаржы салымдарына келтірілген залалға жататын шараларға қатысты белгілейтін немесе сақтайтын осыған ұқсас мән-жайларда:
      a. өзінің инвесторлары мен олардың күрделі қаржы салымдарына, немесе
      b. кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына және олардың күрделі қаржы салымдарына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсынады.

V.8-бап Экспроприация және өтемақы

      1. Тараптардың ешбірі экспроприация:
      i. қоғамдық мүддеге орай;
      ii. бірінші Тараптың заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте;
      iii. дискриминацияламайтын негізде және
      iv. осы баптың 3-тармағына сәйкес жылдам, барабар және тиімді өтемақы төлеу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, екінші Тараптың инвесторының күрделі қаржы салымдарын мемлекет меншігіне алуға, экспроприацияға немесе оның салдары бойынша мемлекет меншігіне алуға, экспроприацияға балама болатын шараларға (бұдан әрі - «экспроприация») ұшырамайды:
      2. Мемлекет меншігіне алудың және экспроприацияның салдары кез келген Тараптың осындай шараны немесе бірқатар шараларды қолдануының нәтижесі болғанын анықтау өзгелердің арасында:
      a. кез келген Тараптың шарасы немесе бірқатар шаралары күрделі қаржы салымының экономикалық құндылығына теріс әсер етуі фактісінің өзі экспроприация орын алды дегенді анықтау болып табылмайды десе де шараның немесе бірқатар шаралардың экономикалық әсері;
      b. кез келген Тараптың шарасының немесе бірқатар шараларының сипаты фактілері негізінде әрбір жеке жағдайды зерделеуді талап етеді.
      3. Осы баптың 1 (iv) тармағында көзделген өтемақы:
      a. кідіріссіз төленеді;
      b. қайсысы бұрынырақ болатынына байланысты, нақты немесе болашақ экспроприация туралы жария етілген күнге есептелген экспроприацияланған күрделі қаржы салымының әділ нарықтық құнына тепе-тең болуы керек;
      c. еркін айырбасталатын валютада немесе инвестордың келісімімен экспроприацияны жүзеге асырған Тараптың валютасында төленеді және «Күрделі қаржы салымдарын» V бөлімінің «Төлемдерді аудару» деген Х бабының ережелеріне сәйкес еркін аударылады.
      Экспроприация күнінен бастап өтемақыны төлеу күніне дейін өтемақының сомасына нарықтық негізде белгіленетін коммерциялық мөлшерлеме бойынша пайыз есептеледі.
      4. Осы бап ЗМҚСА келісіміне сәйкес зияткерлік меншік құқығына байланысты берілетін мәжбүрлі лицензияны беруге қолданылмайды.
      5. Осы баптың 1 және 5-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Тараптардың бірінің аумағында жердің экспроприациясы сол Тараптың заңнамасына сәйкес, жоғарыда аталған заңнамаға сәйкес белгіленген мақсатта және нарықтық құнын тиісінше есептеумен бағаланатын және сол Тараптың заңнамасына сәйкес қисынсыз кідіртпестен төленетін өтемақы төлей отырып жүзеге асырылады.

Х.9-бап Суброгация

      1. Егер Тарап немесе ол уәкілеттік берген агенттік сол Тараптың инвесторына төлемді кепілдік, сақтандыру шарты немесе күрделі қаржы салымдарына байланысты ол ұсынған коммерциялық емес тәуекелдерге байланысты зиянды кепілді өтеудің басқа нысандары негізінде жүзеге асырса, екінші Тарап бірінші Тарапқа немесе ол тағайындаған агенттікке осындай күрделі қаржы салымдарына байланысты суброгацияның немесе кез келген құқықтың берілуін немесе инвестордың талаптарын таниды. Суброгация бойынша жол берілген немесе берілген құқық немесе талап инвестордың бастапқы құқығынан немесе талабынан аспауға тиіс. Әртүрлі ұғынымды болдырмау мақсатында мұндай құқық немесе талап екінші Тараптың заңнамасына сәйкес, бірақ «Құру» деген 3-бөлімінің «Ұлттық режим»«Барынша қолайлылық жағдай режимі»«Нарыққа қол жеткізу»«Жоғары басшылық, директорлар кеңесі» және «Қызметке қойылатын талаптар» деген баптарына нұқсан келтірмейтігіндей жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Егер Тарап немесе ол уәкілеттік берген агенттік осындай Тараптың инвесторына төлем жасаса және инвестордың құқықтары мен талаптарын алса, мұндай инвестор аталған құқық пен талаптарды екінші Тарапқа қарсы қолданбауға тиіс.

IV.10-бап Төлемдерді аудару

      1. Осы Тараудың «Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер» деген 1.9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына олар бірінші Тараптың заңнамасына сәйкес барлық салық және басқа да міндеттемелерін орындаған жағдайда олардың күрделі қаржы салымдарына жататын төлемдерін, атап айтқанда:
      a. табыстарын,
      b. әрбір Тарап күрделі қаржы салымдары ретінде танитын несиені және кредитті өтеуге арналған қаражатты, сондай-ақ жиналған пайыздарды,
      c. саудадан немесе күрделі қаржы салымдарын толық немесе ішінара жоюдан түскен түсімдерді,
      d. осы Тараудың «Экспроприация» және «Зиянды өтеу» деген баптарында көзделген өтемақыны,
      e. бірінші Тараптың аумағында күрделі қаржы салымдарына байланысты жұмысқа рұқсат алған екінші Тараптың инвесторы және жеке тұлғалары алған еңбекақыны және сыйақыны шет елдерге еркін аударуына кепілдік береді.
      2. Төлемдерді аудару аумағында күрделі қаржы салымдары жүзеге асырылған Тараптың валюталық заңнамасының ережелеріне сәйкес аудару күніне қолданылатын валюта айырбастау бағамы бойынша еркін айырбасталатын валютамен қисынсыз кідіртпестен жүзеге асырылады.

Х.11-бап Тарап пен екінші Тараптың инвесторы арасындағы дауларды шешу

      1. Бірінші Тараптың аумағында инвестор жүзеге асырған күрделі қаржы салымына байланысты осы Тарауға сәйкес бірінші Тараптың міндеттемені мәлім болған бұзуына байланысты Тарап пен екінші Тараптың инвесторы арасындағы даулар мүмкіндігінше бейбіт жолмен келіссөздер арқылы шешіледі. Мұндай келіссөздер үшінші тараптың қатысуымен игілікті қызмет көрсету, келісу рәсімі және делдалдық сияқты міндетті күшке ие емес рәсімдерді пайдалануды қамтуы мүмкін.
      2. 1-тармақта көрсетілген келіссөздерді жүргізуге инвестор берген жазбаша өтінімде:
      a. даудың тарапы болып табылатын инвестордың аты мен мекенжайы,
      b. әрбір талап қою бойынша – осы Тарауға сәйкес шамамен бұзылуы нақты ережелер,
      c. әрбір талаптың заңды және фактологиялық негіздемесі,
      d. талап қою талаптары және мәлім болған залалдың шамамен мөлшері қамтылуға тиіс.
      3. Егер дау дау тарапы болып табылатын Тарап екінші Тарап инвесторының жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап алты ай ішінде келіссөз арқылы бейбіт жолмен шешілмесе, мұндай дау инвестордың таңдауы бойынша
      a. аумағында күрделі қаржы салымдары жүзеге асырылған Тараптың құзыретті сотының, немесе
      b. халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ комиссиясының Арбитраждық регламентіне сәйкес adhoc төрелік сотының (ЮНСИТРАЛ), немесе
      c. дауласушы Тарап пен инвесторы дауға қатысатын Тарап ICSID конвенциясының тараптары болған жағдайда, 1965 жылдың 18 наурызында Вашингтонда қол қою үшін ашық Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды шешу жөніндегі конвенцияға (ICSID конвенциясы) сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың, немесе
      d. не дауласушы Тарап не инвесторы дауға қатысатын Тарап ICSID конвенциясының тараптары болған жағдайда, ICSID Қосымша рәсіміне сәйкес төреліктің, немесе
      e. дау тараптарының келісімі кезінде немесе төреліктің кез келген басқа қағидаларына сәйкес кез келген басқа төрелік институттың қарауына беріледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мекемені таңдау соңғы болып табылады.
      5. Төреліктің кез келген шешімі соңғы және даудың екі тарапы үшін міндетті болып табылады. Әрбір Тарап өз заңнамасына сәйкес көрсетілген шешімді орындауға міндеттенеді.
      6. Егер талапкер бірінші рет білген немесе саналы негіздерде болжанған бұзушылық туралы осы баптың 1-тармағына сәйкес білуі тиіс болған күннен бастап үш жылдан артық уақыт өтсе, ешбір талап қою осы Бөлімге сәйкес төрелікке жіберіле алмайды.
      7. Капитал салымдарын жүзеге асыру күні Тараптың азаматы болып табылатын жеке тұлғаның осы бапқа сәйкес мұндай Тарапқа қарсы талап кою беруге құқығы жоқ.

8bis-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ, МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАЙТЫН
КӘСІПОРЫНДАР ЖӘНЕ АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ БАР
КӘСІПОРЫНДАР

І-бап Қолданылу аясы

      Осы тарау тек Ресей Федерациясы мен Вьетнам Социалистік Республикасының арасында ғана қолданылады.

II-бап Мемлекет меншігіндегі, мемлекет бақылайтын кәсіпорындар және
арнайы немесе ерекше артықшылықтары бар кәсіпорындар

      Тараптардың әрқайсысы өздерінің мемлекет меншігіндегі, мемлекет бақылайтын кәсіпорындар және арнайы немесе ерекше артықшылықтары бар кәсіпорындар қызметі ДСҰ-ға оның қосылуы туралы Хаттамада қамтылған ДСҰ шеңберіндегі мұндай Тараптардың міндеттемелеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс.

9-ТАРАУ
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК 9.1-бап Міндеттер

      Тараптар тиісті занңамаларындағы және экономикалық даму деңгейлеріндегі және мүмкіндіктерінің айырмашылықтарын, сондай-ақ зияткерлік меншік иелерінің құқықтары мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалатын нысандарға қатысты пайдаланушылардың заңды мүдделері арасындағы тиісті теңгерімді қолдау қажеттігін назарға ала отырып, зияткерлік меншік жасау және тиімді және баламалы пайдалану, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау арқылы анағұрлым терең экономикалық интеграцияны жылжыту есебінен сауда және инвестициялар үшін тосқауылдарды қысқартуға өздерінің ұстанымын растайды.

9.2-бап Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:
      a) «зияткерлік меншік» авторлық құқық және сабақтас құқықтардың объектілері, тауар белгілерін, геоографиялық көрсеткішті (тауарлардың шығарылатын жерін қоса алғанда), өнертабыстарды (пайдалы шешімдерді қоса алғанда), пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, интегралдық микросхемалар топологияларын, өсімдіктер сұрыптарын және ашылмаған ақпаратты білдіреді;
      b) «географиялық көрсеткіш» егер тауардың сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары ТРИПС Келісімінің 22-бабында айқындалғанын, оның географиялық шығарылған жерімен тікелей байланысты болса, тауарды Тараптың немесе өңірдің аумағынан немесе осы аумақтағы жергілікті жерден шыққан деп идентификациялайтын көрсеткішті білдіреді.
      c) «тауардың шығарылған жерінің атауы» табиғи және адами факторларды қоса алғанда, сапасы мен қасиеттері ерекше немесе ең бастысы географиялық ортасымен айқындалатын тауарларға қатысты шығарылған елде оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған елдің, өңірдің немесе жергілікті жердің немесе басқа географиялық аймақтың заманауи немесе тарихи, ресми немесе ресми емес, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін немесе оны қамтитын географиялық белгіні білдіреді;
      d) «тауар белгісін заңсыз қолданған тауарлар» осындай тауарлар үшін заңды тіркелген тауар белгісіне ұқсас немесе айрықша белгілері бойынша ажыратуға болмайтын және импорттаушы елдің тиісті заңнамасына сәйкес берілген тауар белгісі иесінің құқықтарын бұзатын тауар белгісімен таңбаланған орамаларын қоса алғандағы тауарлар. Жоғарыда келтірілген тауар белгісі заңсыз пайдаланылған тауар анықтамалары, географиялық көрсеткіші немесе тауардың шығарылған жерінің атауы заңсыз пайдаланылған mutatismutandis қолданылады;
      e) «авторлық құқықтарды бұза отырып өндірілген тауарлар» егер аталған көшірмені жасау импорттаушы елдің тиісті заңнамасына сәйкес авторлық немесе сабақтас құқықты бұзушылық болып табылатын болса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленуші тиісті түрде уәкілеттік берген тұлғаның келісімінсіз жасалған көшірмелерді білдіретін, тауарлар, өндірген елдегі және сондай заттан тікелей немесе жанама өндірілген тауарлар.

9.3-бап Халықаралық келісімдер

      1. ТРИПС Келісімінің қатысушылары болып табылатын Тараптар онда көрсетілген өздерінің міндеттемелерін растайды. ТРИПС Келісімінің қатысушылары болып табылмайтын Тараптар ТРИПС Келісімінің қағидаттарына негізделетін болады. Тараптар мыналардың өздері қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншік жөніндегі халықаралық келісімдерде белгіленген өздерінің міндеттемелерін растайды:
      a) 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы (бұдан әрі «Париж конвенциясы» деп аталады);
      b) 1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы;
      c) 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция (Рим конвенциясы);
      d) 1971 жылғы 29 қазандағы Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенция;
      e) 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және 1989 жылғы 27 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттама; және
      f) 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт.
      2. Төмендегі санамаланған халықаралық келісімдердің қатысушылары болып табылмайтын Тараптар оларға қосылу үшін шаралар қолданады:
      a) 1996 жылғы 20 желтоқсандағы ДЗМҰ-ның орындаушылықтар мен фонограммалар жөніндегі шарты;
      b) 1996 жылғы 20 желтоқсандағы ДЗМҰ-ның авторлық құқық жөніндегі шарты;
      c) 1991 жылғы 19 наурыздағы Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенция Актісі; және
      d) 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты.
      3. Тараптар мынадай халықарылық келісімдердің ережелерін қолдануға ұмтылатын болады:
      a) 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісімі;
      b) 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімі; және
      c) 1968 жылғы 8 қазандағы Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесі туралы Локарно келісімі.

9.4-бап Ұлттық режим

      Әрбір Тарап басқа Тараптың азаматтарына зияткерлік меншікті қорғауға қатысты өздерінің азаматтарына ұсынылатын ТРИПС Келісімінің 3 және 5-баптарында көзделгенге қарағанда, қолайлы режимді ұсынады.

9.5-бап Барынша қолайлы режим

      Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтарына зияткерлік меншікті қорғауға қатысты ТРИПС Келісімінің 4 және 5-баптарында көзделгеніндей, басқа кез келген мемлекеттің азаматтарына ұсынылатынға қарағанда режимнен қолайлы режимді ұсынады.

9.6-бап Авторлық құқық және сабақтас құқықтар

      1. Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерде жазылған міндеттемелерге зиянын тигізбей, әрбір Тарап, тиісті заңнамаға сәйкес, авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының сәйкесінше олардың туындыларына, орындауларына, фонограммаларына және хабар тарату бағдарламаларына қатысты мүдделерін тиімді қорғауға кепілдік береді және оларды қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір Тарап цифрлық ортада өзінің тиісті заңнамасының авторлық және сабақтас құқықтарының қорғалуына және олардың кепілдік беруін қамтамасыз етіп, тиімді сақтауға қамтамасыз етуге ұмтылады.

9.7-бап Тауар белгілері

      Әрбір Тарап тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгілерін барабар және тиімді қорғауды өзінің тиісті заңнамасына, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда 15-21-баптарға сәйкес қамтамасыз етеді.

9.8-бап Географиялық көрсеткіштер / Тауарлардың шығарылған жерінің атауы

      1. Әрбір Тарап өз аумағында өзінің тиісті заңнамасына, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 22-24-баптарға сәйкес географиялық көрсеткіштердің және/немесе тауарлардың шығарылған жерінің атауын барабар және тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
      2. Осы тарауда тауарлардың шығарылған жерінің атаулары туралы ережелер белгілі бір географиялық сала аумағынан шығарылған тауар ретінде идентификациялауға мүмкіндік беретін белгіге қолданылады және бұл саланың атауын қамтымаса да, берілген белгіні сапасы мен қасиеттері осы Келісімнің 9.2-бабының с) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болды.
      3. Тараптар өзінің тиісті заңамасына сәйкес тауарлардың шығарылған жерінің атауларын қорғаудың suigeneris жүйесі арқылы географиялық көрсеткіштерде қорғауды ұсына алатындығын мойындайды. Бұл қорғау жүйесін ұсынатын тарап, географиялық көрсеткіштер үшін қорғаудың жеке жүйесін ұсынуға міндетті болмауға тиіс. Тараптар өзінің тиісті заңнамасында ұжымдық белгілер және/немесе сертификациялық белгілер сияқты тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларынан ерекшеленетін географиялық көрсеткіштерді қорғау үшін басқа да құқықтық құралдарды ұсынады. Осы Келісімнің 9.2-бабының с) тармақшасында және осы баптың 2-тармағында қамтылған тауардың шығарылған жерінің атауы анықтамасы осы Келісім күшіне енген кезде тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын қорғаудың sui generis жүйесін ұсынатын Тарапқа ғана қолданылады.
      4. Географиялық көрсеткіштер мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларына қатысты Тараптар екінші Тараптың мүдделі тұлғаларына мыналардың:
      a) тұтынушыларды тауардың шығарылған жеріне қатысты шатастыруға мүмкіндік туғызатындай нақты шығарылған жерінен ерекшеленетін географиялық ауданнан шыққанын көрсететін немесе болжауға мүмкіндік беретін тауарды белгілеу немесе ұсыну кезінде кез келген құралдарды пайдалануды;
      b) Париж конвенциясының 10bis–бабының мазмұны бойынша жосықсыз бәсеке актісін білдіретін кез келген пайдалануды алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді.
      5. Осы тарауда еш нәрсе Тарапты тиісті белгілеу осы Тараптың аумағында мұндай тауардың немесе көрсетілетін қызметтің күнделікті атауы ретінде жалпы пайдаланылатын болып табылатын терминге ұқсас болып табылатын тауарларға немесе көрсететін қызметтерге қатысты, екінші Тарап тауарларының географиялық көрсеткіштеріне және/немесе шығарылған жерлерінің атауларына қатысты оның ережелерін қолдануға міндеттемейді.
      6. Өз өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында Тараптар олардың аумақтарында өндірілген тауарларға қатысты олар тіркеген тауарлардың географиялық көрсеткіштерінің және/немесе шығарылған жерлерінің атауларының тізбелерімен алмасуды жүзеге асырады. Тараптар сонымен қатар басқа құқықтық құралдармен қорғалатын географиялық көрсеткіштердің тізбелерімен алмасу туралы уағдаласа алады. Мұндай алмасу үшін тиісті рәсімдерді Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 9.17-бабында көзделген тәсілдермен айқындалады. Тараптар әрбір Тараптың тиісті заңнамасы мен саясатын, ресурстарының болуы мен мүдделілігін ескере отырып, тауарларының географиялық көрсеткіштерін және/немесе шығарылған жерлерінің атауларын өзара қорғау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге уағдаласа алады.
      7. exofficio әрбір Тарапы, егер оның заңнамасы мүмкіндік берсе немесе екінші Тараптың мүдделі тұлғасының сұрау салуы бойынша, егер тауар белгісінің құрамында мұндай белгіні бұл Тарапқа нақты шығарылған жеріне қатысты қоғамдастықты шатастыруға мүмкін болса, белгіленген аумақтан шықпаған тауарларға жататын тауардың географиялық көрсеткішін және/немесе шығарылған жерінің атауын қамтитын немесе оларды білдіретін тауар белгісін тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеудің күшін жояды.

9.9-бап Өнертабыстар және пайдалы үлгілер

      1. Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап атйқанда 27-34-баптарға сәйкес өнертабыстардың барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
      2. Пайдалы үлгілер Тараптардың тиісті заңнамасына және Париж конвенциясыа сәйкес қорғалады.

9.10-бап Өнеркәсіптік Үлгілер

      Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 25 және 26-баптарға сәйкес өнеркәсіптік үлгілердің барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

9.11-бап Интегралдық микросхемалардың топологиялары

      Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына, өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда, 35-38-баптарға сәйкес интегралдық микросхемалар топологияларының барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

9.12-бап Өсімдіктің жаңа сорттары

      Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасында өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жүйесінің маңыздылығын мойындайды және 1991 жылғы 19 наурыздағы Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенция Актісіне және ТРИПС Келісіміне сәйкес өсімдіктердің барлық тұқымдастары мен түрлерін қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданады.

9.13-бап Ашылмаған ақпарат

      Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына және ТРИПС Келісіміне, атап айтқанда 39-бапқа сәйкес өзінің тиісті заңнамасында ашылмаған ақпараттың барабар және тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

9.14-бап Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау

      Әрбір Тарап өзінің тиісті заңнамасына және Париж конвенциясының 10bis-бабына сәйкес жосықсыз бәсекелестіктен тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.

9.15-бап Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

      Тараптар ЗМҚСА Келісімінде, атап айтқанда, 41-50-баптарда көзделген деңгейде өзінің тиісті заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды көздейді.

9.16-бап Кедендік шаралар

      1. Әрбір Тарап ЗМҚСА Келісімінің 51-57, 59 және 60-баптарына сәйкес кедендік шаралардың, сондай-ақ заңсыз қолданылатын тауарлық белгісі бар тауарларға, географиялық нұсқаулары мен тауардың шығарылған жерінің атауы заңсыз қолданылатын тауарларға, авторлық құқықтары бұзылып шығарылған тауарларға тиімді қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін кедендік рәсімдер бойынша оның заңнамасы қамтитын қосымша шараларды, рәсімдер мен қорғау құралдарын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
      2. Егер осы Келісіммен өзгеше көзделмесе, әрбір Тарап заңсыз қолданылатын тауарлық белгісі бар тауарлардың, географиялық нұсқаулары мен тауардың шығарылған жерінің атауы заңсыз қолданылатын тауарлардың, авторлық құқықтары бұзылып шығарылған тауарлардың импорты немесе экспорты жүзеге асырылатынына негізделген күдігі бар құқық иеленушіге бұл тауарлардың импорты немесе экспорты тауарлар табылған елдің заңдарына сәйкес зияткерлік меншікке құқықтарды бұзады деген шартпен, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шараларын қолдану талабымен кеден органдарына өтініш беруге мүмкіндік беретін рәсімдерді белгілейді.
      3. Құпия ақпаратты қорғау үшін зиян келтірусіз, кеден органдары құқық иеленушінің талаптарын негіздеу үшін, кеден органдары ұстаған кез келген тауарларға тексеру жүргізудің жеткілікті мүмкіндігін ұсынуға өкілетті болулары тиіс. Кеден органдары мұндай кез келген тауарларды импорттаушыға тексеру жүргізудің бірдей мүмкіндігін ұсынуға да өкілетті болулары тиіс. Кеден органдары құқық иеленушіге жүк жөнелтушінің, импорттаушы мен жүк алушының атаулары мен мекенжайлары, сондай-ақ тиісті тауардың саны туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Кеден органдары ұсталған тауардың иесіне кем дегенде құқық иеленушінің атауы мен мекенжайы туралы ақпаратты ұсынулары тиіс.
      4. Тараптарға жоғарыда келтірілген ережелерді қолданылу аясынан жолаушылардың жеке багажындағы коммерциялық емес сипаттағы кішігірім жүктерді алып тастау ұсынылады.

9.17-бап Құзыретті органдар, байланыс пункттері және ақпарат алмасу

      1. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Тараптар бір-бірін осы тарауда көзделген рәсімдерді орындау үшін жауапты құзыретті органдар туралы және осы тарауға қатысты кез келген мәселелер бойынша Тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында әрбір Тараппен анықталған байланыс пункттері туралы хабардар етеді.
      2. Тараптар бір-бірін байланыс пункттерінің кез келген өзгерістері немесе өзінің уәкілетті органдарының құрылымындағы немесе өкілеттіктеріндегі кез келген елеулі өзгерістері туралы дереу хабардар етеді.
      3. Тараптар өздерінің байланыс пункттері арқылы бір-біріне кез келген елеулі мәселе бойынша немесе зияткерлік меншіктің құқықтық жүйесіндегі кез келген өзгерістер туралы жазбаша хабарламаларды уақытында жібереді, қажет болған жағдайда осы мәселеге байланысты кез келген проблемаларды шешу үшін консультациялар өткізуді сұратады.
      4. Ынтымақтастық бойынша өзара байланыстарды нығайту мақсатында Тараптар жазбаша нысанда өзара іс-қимыл жасауға және/немесе осы тарауда аталған халықаралық келісімдерге немесе зияткерлік меншік саласындағы болашақ халықаралық келісімдерге, Дүниежүзілік сауда ұйымы және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы сияқты халықаралық ұйымдарға мүшелік етуге қатысты мәселелер бойынша Тараптардың қаржылық мүмкіндіктерін, сондай-ақ зияткерлік меншік мәселелері бойынша, осы тарауды іске асыруға байланысты басқа мәселелер бойынша Тараптардың үшінші елдермен қарым-қатынастарын назарға ала отырып, Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша дереу сарапшылық кеңестер өткізуге келіседі.

10–ТАРАУ
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

10.1-бап Ынтымақтастық

      1. Тараптар тиісті заңнамаға сәйкес және қолда бар ресурстарды есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу саласында ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындайды.
      2. Тараптар айқындылықты арттыру, әділетті бәсекелестікті дамыту және мемлекеттік сатып алу саласында электрондық технологияларды қолдану мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      3. Тараптар бір-бірін мүмкіндігінше қысқа мерзімде тиісті заңнаманың және/немесе мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кез келген елеулі өзгерістері туралы хабардар етеді.
      4. Ынтымақтастық осы Келісімнің 10.3-бабында көзделген мақсатқа сай болғанда құпия емес ақпаратпен, консультациямен алмасуды, сондай-ақ техникалық жәрдем көрсетуді қамтиды.
      5. Тараптар мынадай жағдайларда ұмтылады:
      a) мемлекеттік сатып алуда, әсіресе шағын және орта кәсіпорындар үшін жеткізушінің қатысуын оңайлатуда;
      b) тәжірибемен және ақпаратпен алмасу, мысалға, құқықтық реттеу, үздік тәжірибе және статистикалық мәліметтер бойынша;
      c) мемлекеттік сатып алу жүйесінде электрондық құралдарды әзірлеу және қолданылуын ұлғайтуда;
      d) мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік сатып алуда жетекші әдістерді қолдану мәселелеріндегі біліктілігін арттыруда;
      e) осы тараудың ережелерін орындау мақсатында институционалдық құрылымды нығайтуда; және
      f) сатып алу процестеріне көптілді қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту ынтымақтастыққа ұмтылады.
      6. Тараптар мемлекеттік сатып алу саласындағы тәжірибемен алмасу негізінде, оның ішінде электрондық нысандағы сатып алу бөлігінде одан әрі ынтымақтастықты дамытады.

10.2-бап Сатып алу жүйесі туралы ақпарат

      1. Транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттік сатып алуға жатқызылатын тиісті заңнамаға көпшілік қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
      2. Тараптар ақпараттық қорлардың тізбесімен алмасады, онда Тараптар мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты жариялайды.
      3. Тараптар қолда бар ресурстарды есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті заңнаманы жариялаудың электрондық тәсілдерін жасауға және оларды ұстап тұруға ұмтылады.
      4. Әрбір Тарап электрондық нысанда ұсынылатын мемлекеттік сатып алулар туралы ақпараттың мазмұнын және көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайта алады.

10.3-бап Консультациялар

      1. Осы тараудың ережелерін қолдануға қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар консультациялар өткізу арқылы өзара қолайлы шешімге қол жеткізу үшін барлық күштерін салады.
      2. Әрбір Тарап берілген тарауды қолдану мәселелері бойынша консультациялар үшін баламалы мүмкіндікті тілектестікпен қарастырады және береді.
      3. Консультациялар өткізу туралы сұрау салу осы тараудың 10.5-бабына сәйкес белгіленген Тараптың байланысушы тұлғасына жіберіледі. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, олар сұрау салу алған күннен бастап 60 күн ішінде консультациялар өткізеді.
      4. Консультациялар жеке кездесу түрінде немесе элекрондық пошта, телеконференция, бейнеконференциялар арқылы немесе Тараптармен келісілген басқа да тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.

10.4-бап 14-тарауды қолданбау (Дауларды реттеу)

      Осы тарауды қолдануға байланысты туындаған кез келген мәселе осы Келісімнің 14-тарауымен көзделген дауларды шешу тетігінің нысанасы болып табылмайды.

10.5-бап Байланыс пункттері

      1. Әрбір Тарап осы тараудың ережелерін қолданудың мониторингі мақсатында байланыс пункттерін анықтайды. Байланыс пункттері осы тараудың ережелерін қолдануды жеңілдету үшін ынтымақтастық рухында жұмыс істейді.
      2. Тараптар бір-біріне өздерінің байланыс пункттерінің аттарын және байланыс мәліметтерін ұсынады.
      3. Тараптар бір-бірін өздерінің байланыс пунктерінің кез келген өзгерістері туралы дереу хабардар етеді.

10.6–бап Одан арғы келіссөздер

      Тараптар, қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу нарығын және нарыққа қол жеткізу мәселелерін ырықтандыру туралы келіссөздерді бастай алады.

11-ТАРАУ
БӘСЕКЕЛЕСТІК

11.1-бап Негізгі қағидаттар

      1. Тараптар өздерінің сауда қатынастарындағы еркін және бұрмаланбаған бәсекелестіктің маңызын мойындайды және бәсекелестік саясат саласындағы өз мүмкіндіктерінің айырмашылығын есепке алады.
      2. Әр Тарап, өз заңнамасына сәйкес, өздерінің тиісті нарығының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу және тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында аталған Тарап бәсекеге қарсы ұстанымға тыйым салу арқылы негізделген деп санайтын шараларды қолданады.
      Әрбір Тарап бәсекелестікке қарсы ұстанымға тыйым салу мақсатында қабылдаған және қолдайтын шаралар, транспаренттілік, кемсітпеушіліксіз және әділдік қағидаттарына сәйкес келуі керек.

11.2-бап Бәсекеге қарсы іс-қимылдар

      1. Тараптар Тараптар арасындағы сауда қатынастарына әсер ететін бәсекеге қарсы іс-қимылдардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өздерінің заңнамаларына сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдайды. Осы Келісімнің қалыпты іс-қимылдары мен сыйыспайтын мынадай әрекеттерге:
      a) мақсаты немесе нәтижесі бәсекелестікті болдырмау, шектеу немесе бұрмалау болып табылатын, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы барлық келісімдер, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қауымдастығымен қабылданған шешімдер және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында келісілген іс-қимылдарға;
      b) бір шаруашылық жүргізуші субъекті немесе көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілері жасаған басым жағдайды теріс пайдалануға;
      c) жосықсыз бәсекеге ерекше көңіл бөліну керек.
      2. Арнайы және айрықша құқықтар берілген мемлекеттік монополия мен мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мәселелер осы тараудың нысанасына жатпайды.

11.3-бап Ынтымақтастық

      1. Тараптар бәсекелестік және бәсекелестік саясат туралы заңнамаларды қолдану саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын құптайды. Ынтымақтастық тиісті заңнамаларға сәйкес және қажетті ресурстың бар болуына негізделе отырып жүзеге асырылады. Ынтымақтастық құпия емес ақпараттар, консультациялар алмасудан тұрады, осы баптың 2-тармағында көзделген құқық қолдану қызметін жүзеге асыру кезіндегі ынтымақтастықтан және техникалық ынтымақтастықтан, оған:
      a) Бәсекелестік құқығы мен саясатын ілгерілету және қолдану саласындағы тәжірибемен алмасу;
      b) Тараптардың бәсекелестік және құқық қолдану туралы заңнама саласында бірлескен семинарлар өткізу;
      c) Тараптар келіскен ынтымақтастықтың кез келген өзге де нысандары жатады.
      2. Құқық қолдану қызметіндегі ынтымақтастық мынадай түрде тәртіпте жүзеге асырылады:
      a) Егер Тараптардың бірі осы Келісімнің 11.2-бабының мағынасы бойынша басқа Тараптың аумағында оның мүдделері қозғалды деп санаса, ол басқа Тарапқа тиісті құқық қолданудың іс-қимылына бастамашылық етуіне сұраныс жасай алады. Бұндай сұраныс, мүмкіндігінше, осы Келісімнің 11.2-бабында көрсетілген бәсекелестік іс-қимылының бастапқы кезеңінде жасалуы тиіс және толық түрінде нақтыланған болуы тиіс;
      b) Сұраныс жолданған Тарап құқық қолдану іс-қимылдарының бастамашылық ету мүмкіндігін немесе ағымдағы құқық қолдану іс-қимылдарының өздерінің заңнамасының талаптарына сәйкес кеңейтілуін мұқият қарастырады және сұраныс жасаған Тарапқа мүмкін болатын мерзімде қарастыру нәтижесі туралы хабарлайды.
      c) Сұраныс жолданған Тарап бастамашылық ету немесе құқық қолдану іс-қимылын кеңейту кезінде сұраныс жасап отырған Тарапты іс-қимыл нәтижесі туралы және мүмкіндігінше, маңызды аралық іс-қимылдар туралы хабардар етеді.
      d) Бұл тарауда сұраныс жасалатын Тарапқа сұраныста көрсетілген бәсекеге қарсы іс-қимылдарға қатысты құқық қолдану іс-қимылын жасау туралы шешім қабылдау бойынша іс-қимыл бостандығын ештеңе шектемейді, ол сұрау салушы Тарапқа өз сауалын кері қайтарып алуға кедергі жасамайды.

11.4-бап Консультациялар

      1. Тараптар арасындағы өзара түсіністікті күшейту үшін немесе осы тарауға сәйкес туындайтын белгілі бір мәселелерді шешу үшін әрбір Тарап басқа Тараптың сұрау салуы бойынша консультациялар жүргізеді. Мұндай консультациялар әрбір Тараптың өзінің тиісті заңнамаларын қолдануын қамтамасыз ету құқықтарын шектемейді. Консультациялар жүргізу туралы сұрау салуда консультацияларға сұрау салған Тарап консультацияның нысанасы Тараптар арасындағы сауданы қалай қозғайтынын көрсетеді. Мұндай сұрау салуды алған Тарап осы тараудың ережелеріне сәйкес өзара қанағаттандыратын шешімдерге қол жеткізу мақсатында дереу консультациялар ұйымдастырады.
      2. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін консультациялар кезінде сұрау салу жіберілген Тарап ақылға қонымды мерзімде консультация нысанасы болып табылатын мәселенің тиісті аспектілерінің неғұрлым толық және жан-жақты қарастырылуын қамтамасыз етеді. Екі Тарап та сындарлы диалог жүргізу арқылы мәселе бойынша консенсусқа жетуге ұмтылады.
      3. Егер осы бапта көзделген консультацияларды жүргізгеннен кейін Тарап өзінің мүдделерінің қозғалуы жалғасады деп есептесе, ол Бірлескен комитетте консультация жүргізуге сұраныс жасай алады.

11.5-бап Ақпаратты қолдану

      1. Осы тарауды орындау мақсатында бір Тарап басқа Тарапқа ақпарат берсе, мұндай ақпарат басқа Тарапта осы мақсатта ғана қолданылады және басқа ұйымдарға және (немесе) жеке тұлғаларға ақпаратты берген Тараптың рұқсатынсыз ашуға немесе таратылуына болмайды.
      2. Осы тараудың ережелеріне қарамастан, егер өздерінің тиісті заңнамаларында мұндай ақпаратты ұсынуға тыйым салынған болса, онда Тараптардың ешқайсысы басқа тарапқа беруге міндетті емес.

11.6-бап 14-тарауды қолданбау (Дауларды реттеу)

      Осы тарау аясында туындайтын кез келген мәселе осы Келісімнің 14-тарауында (Дауларды реттеу) көзделген дауларды реттеу тетігі аясында қарау нысанасы болып табылмайды.

11.7-бап Байланыс пункттері

      1. Әрбір Тарап осы тараудың орындалуын бақылау үшін байланыс пунктін айқындайды. Байланыс пункттері осы тараудың ережелерін орындауға жәрдемдесу мақсатында бірлесіп жұмыс жасайды.
      2. Тараптар бір-біріне байланыс пункті болып табылатын уәкілетті ұйымның атауы туралы ақпаратты, сондай-ақ сол ұйымның тиісті лауазымды адамдарының байланыс ақпаратын, оның ішінде телефонын, факсын, электрондық пошта және басқа да тиісті ақпараттарды ұсынады.
      3. Тараптар бір-біріне өздерінің байланыс пункттерінің немесе тиісті байланыс деректерінің кез келген өзгерісі туралы дереу хабарлайды.

12-ТАРАУ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ

12.1-бап Мақсаттар

      1. Келісім Тараптары еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, сондай-ақ олардың табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануды сақтай отырып, осы тараудың ережелерін қолдануға уағдаласты. Осыған байланысты Тараптар:
      a) қоршаған ортаны қорғау және еңбек стандарттары саласында ынтымақтастықты нығайтады;
      b) тұрақты даму қағидаттарының қолданылуын көтермелейді.
      2. Тараптар экономикалық даму, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау тұрақты дамытудың өзара байланысты және өзара толықтыратын құрамбөліктері болып табылатынын таниды.
      3. Тараптар тұрақты дамудың мақсаттарына барынша жәрдемдесетіндей, олардың өзара сауда қатынастарын дамытуға талпынысын растайды.

12.2-бап Қолданылу саласы

      Осы тарау Тараптар қабылдайтын немесе сақтайтын қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерінің сауда аспектілерін қозғайтын шараларға қатысты қолданылады.

12.3-бап Жалпы қағидаттар

      1. Тараптар Тараптардың даму деңгейлерін назарға ала отырып, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерін шешу үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін таниды.
      2. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелерін шешу мақсатында екіжақты, өңірлік және әлемдік маңызы бар ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін таниды.
      3. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғаудың өзіндік дербес ұлттық деңгейін белгілеуде, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өзінің саясаты мен басымдықтарын анықтауда, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өзінің заңнамасын тиісті түрде қабылдауда және түрлендіруде Тараптардың әрқайсысының егеменді құқығын таниды.
      4. Тараптар ғылыми, техникалық немесе өзге ақпаратты, сондай-ақ Тараптар арасындағы сауданы қозғайтын, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау шараларын дайындау және енгізу процесіндегі тиісті көпшілікке танылған халықаралық стандарттарды пайдалану маңыздылығын тануы мүмкін.
      5. Осы тараудың ережелері осы Келісімнің басқа тарауларында белгіленген, сондай-ақ «Көрсетілетін қызметтер саудасы. Инвестициялар. Жеке тұлғалардың ауысуы» тарауының міндеттемелерін бұзбауға тиіс.

12.4-бап Қорғау деңгейлерін сақтау

      1. Тараптар қоршаған ортаны қорғауды және еңбек стандарттарын жақсартуға, сондай-ақ Тараптар арасындағы сауданы дамытуға бағытталған күш салулар сияқты, сауда, экология және еңбек саласындағы өзара қолайлы саясаттар мен практиканы дамыту маңыздылығын таниды.
      2. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы өздерінің заңнамасы, саясаты мен әрекеттері сауда қолдампаздығы ретінде қолданылмауын қамтамасыз етуге ұмтылады.
      3. Тараптардың ешқайсысы Тараптар арасындағы сауданы қазғайтындай қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы, саясатты, практиканы қолданудың немесе орындаудың деңгейін төмендетуге немесе одан бас тартуға әкелетін үздіксіз немесе қайталанып отыратын әрекеттер немесе әрекетсіздік нәтижесінде саудадан немесе инвестициядан түсетін пайданы қолдауға немесе алуға ұмтылмайды.

12.5-бап Қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық

      1. Тараптар қоршаған ортаны және еңбек жағдайларын қорғау саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ өздерінің тиісті заңнамасына сәйкес сауда және инвестициялық өзара қатынастарды тұрақты дамытуды жылжыту маңыздылығын таниды.
      2. Тараптар мұндай ынтымақтастық экология және еңбекті қорғау салаларындағы ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау деңгейін, әрекеттер мен технологияларды дамытуға және арттыруға мүмкіндік туғызатынын тани отырып, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау мәселелері бойынша екіжақты, өңірлік және көпжақты деңгейлерде ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады.
      3. Ынтымақтастық осы тарауға сәйкес мынадай:
      a) білім және тәжірибе алмасу;
      b) сарапшылар және зерттеушілер алмасу;
      c) бірлескен семинарлар ұйымдастыру;
      d) бейінді министрліктер, ғылыми-зерттеу институттары және жеке кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
      e) бірлескен зерттеулерді, жобаларды және ортақ мүдделер саласына кіретін басқа да тиісті жұмыстарды әзірлеу және жүзеге асыру нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Тараптар мынадай:
      a) саудаға қатысы бар қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу;
      b) қоршаған ортаны қорғау және институционалдық даму саласында саясатты әзірлеу;
      c) қоршаған ортаны және климатты өзгерту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кадрларды даярлау және оқыту;
      d) жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы және саясатты әзірлеу және қолдану бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу;
      e) еңбекті қорғаудың және қоршаған ортаны қорғаудың лайықты деңгейіне қол жеткізу үшін адам ресурстарын және әлеуметтік қорғауды дамытуға бағытталған бірлескен/кооперациялық жобаларға техникалық жәрдемдесу және жүзеге асыру;
      f) Тараптардың тиісті заңнамасына сәйкес басқа да өзара келісілген мәселелер;
      g) экологиялық стандарттар мен үлгілер, кадрларды даярлау және оқыту салаларында ақпарат, технологиялар және тәжірибе алмасу;
      h) қоршаған ортаны қорғау саласында халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған білім алу мен даярлық;
      i) техникалық жәрдемдесу және бірлескен өңірлік зерттеу бағдарламалары салаларында ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын таниды.

12.6-бап Қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы консультациялар

      1. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес айқындалған екінші Тараптың байланыс пунктіне жазбаша сұрау салу жіберу арқылы осы тарауға жататын кез келген мәселелер бойынша екінші Тараптан консультация сұрата алады. Сұрау салу оны алған Тарап сұрау салуға жауап беру үшін толық және жеткілікті ақпаратты қамтуға тиіс. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, Тарап консультациялар туралы сұрау салу алған кезден бастап 30 күннен кейін кешіктірмей консультациялар басталады.
      2. Консультациялардың мақсаты проблеманың өзара тиімді шешімін іздеу болып табылады. Тараптар проблеманы шешу үшін бірлескен әрекеттер жүргізу мүмкіндігін қарауды қоса алғанда, өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін барлық күшін салады. Тараптар өзара келісім бойынша қажет деп есептейтін ұлттық сарапшылардан консультация алуы мүмкін.
      3. Егер Тараптардың біреуі проблема қосымша талқылауды талап етеді деп есептесе, мұндай Тарап осы проблеманың тиімді шешілуін келісу үшін сол мәселені Бірлескен комитеттің талқылауына шығара алады.

12.7-бап Еңбекті қорғау туралы халықаралық стандарттар мен келісімдер

      1. Тараптар Халықаралық еңбек ұйымындағы олардың мүшелігінен (ХЕҰ) және 1998 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 86-сессиясында қабылданған тиісті толықтырулары бар еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы ХЕҰ Декларациясынан шығатын өзінің міндеттемелерін қайтадан растайды.
      2. Тараптар БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңес министрлерінің Толық жұмыспен қамту және лайықты еңбекпен қамтамасыз ету туралы декларациясында (2006 жыл) көрсетілген, барлық елдер үшін тұрақты дамудың негізгі элементі ретінде және халықаралық ынтымақтастықтың басым мақсаты ретінде толық және тиімді жұмыспен қамтуды және лайықты еңбекті қамтамасыз етуге өзінің ұстанымын, сондай-ақ толық және өнімді жұмыспен қамтуды және лайықты еңбек жағдайларын көздейтіндей халықаралық сауданы дамытуды көтермелеу туралы міндеттемені қайтадан растайды.

12.8-бап Тұрақты дамуға әсерді бағалау

      Бірлескен Комитеттің отырыстарында тараптар осы тарауда айқындалған мақсаттарға қол жеткізудегі прогресті кезең-кезеңімен бағалайды және егер қажет болған жағдайда, одан әрі әрекеттер қойылған мақсаттарға жәрдемдесе алатын салаларды айқындау мақсатында тиісті халықаралық тәжірибені қарауы мүмкін.

12.9-бап 14-тарауды қолданбау (Дауларды реттеу)

      14-тарауда (Дауларды реттеу) сипатталған дауларды реттеу тетігі осы тараудың аясында туындайтын кез келген мәселелерге қатысты қолданылмайды.

13-ТАРАУ
САУДАДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

13.1-бап Қолданыс саласы және қамту

      1. Тараптар электрондық сауда сауда үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыра алатынын және экономикалық өсуге мүмкіндік туғызатынын таниды, сондай-ақ осы тарауға сәйкес электрондық сауда мәселелері бойынша Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы сияқты шығындарды азайту және сауда қызметін жеңілдету үшін саудадағы электрондық технологияларды дамыту маңыздылығын атап өтеді.
      2. Осы тарау мыналарға:
      a) электрондық қолтаңбаны және сенім білдірілген үшінші тарапты пайдалана отырып, Тараптар арасындағы саудада электрондық құжаттарды қолдануға;
      b) осы Келісімнің 13.2-бабының b тармақшасында айқындалғандай, электрондық саудаға қатысты Тараптар жүзеге асыратын шараларға қолданылады.
      3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін мұндай шаралар:
      i. орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер мен биліктер; және
      ii. орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер немесе биліктер берген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын шараларды қамтиды.
      4. Осы тарауға сәйкес міндеттемелерді орындау кезінде Тараптардың әрқайсысы өңірлік және жергілікті биліктердің және үкіметтердің, сондай-ақ өз аумағында үкіметтік емес ұйымдардың міндеттемелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін өзіне қолжетімді бола алатын осындай қисынды шараларды қабылдайды.

13.2-бап Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:
      a) «цифрлық сертификат» уәкілетті ұйым беретін, нақты цифрлық қолтаңба белгілі бір адамға тиесілі екенін растайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжатты білдіреді;
      b) «электрондық сауда» электрондық технологияларды пайдалана отырып жасалатын сауданы білдіреді;
      c) «электрондық құжат» ақпарат электрондық нысанда ұсынылған және цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуы мүмкін құжатты білдіреді;
      d) «цифрлық қолтаңба» қолтаңбаның жеке (жабық) кілтін қолдана отырып және оны қолтаңбаның ашық кілті арқылы тексере отырып, ақпаратты түрлендіруді білдіретін ашық кілтпен криптографиялық әдістер нәтижесінде алынған, сондай-ақ оның тұтастығы мен түпнұсқалылығын растау және авторлықтан бас тарту мүмкіндігін болдырмау үшін электрондық нысандағы (қол қойылатын ақпарат) басқа ақпаратқа қоса берілген немесе қосылған электрондық нысандағы ақпаратты білдіреді;
      e) «электрондық технологиялар» электрондық құжаттарды пайдалана отырып, Тараптардың тұлғалары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдардың комбинациясын білдіреді;
      f) «электрондық аутентификация» пайдаланушының ақпараттық жүйеде ұсынылған идентификациялық ақпаратын электрондық нысанда растау процесін білдіреді;
      g) «сенім білдірілген үшінші тарап» әрбір Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес авторға және/немесе электрондық құжатты алушыға қатысты белгілі бір уақытта цифрлық тәсілмен қол қойылған электрондық құжаттардағы цифрлық қолтаңбаларды растауға құқықтар берілген ұйымды білдіреді.

13.3-бап Электрондық аутентификация

      Тараптар сенім білдірілген үшінші тарап қызметтерінің көмегімен электрондық құжаттармен алмасу кезінде сандық қолтаңбаларды өзара мойындауға бағытталған жұмысты жүзеге асыруға тырысады.

13.4-бап Электрондық құжаттарды пайдалану

      1. Тараптар:
      a) құжаттарды қағаз тасығышта ұсыну жолымен электрондық түрде орындалатын транзакциялардың түпнұсқалығын растаудың талаптарын қамтитын ұлттық заңнаманы қабылдамауға немесе күшінде қалдыруға;
      b) сандық қолтаңбасы бар электрондық құжаттар нысанында Тараптардың құзыретті органдарына сауда транзакцияларына жататын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
      2. Тараптар қандай да бір құжат тауарды әкелуді жүзеге асыру үшін талап етілетін жағдайларда сыртқы сауда келісімнің қатысушысы электрондық түрде импорттаушы елдің талаптарына сәйкес тауар енгізілетінін растайтын құжатты ала алатынын қамтамасыз етеді.

13.5-бап Жеке деректерді қорғау

      Тараптар электрондық саудаға қатысушылардың жеке деректерін қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға және күшінде қалдыруға тарысады.

13.6-бап Сауданың электрондық технологиялары саласындағы ынтымақтастық

      1. Дау Тараптар саудадағы электрондық технологиялар саласындағы заңдар, қаулылар мен бағдарламалар саласындағы, атап айтқанда жеке деректерді қорғау және тұтынушылар тарапынан сенімді арттыру мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибені алмасады.
      2. Тараптар электрондық сауданы реттейтін құқықтық базаны құру мәселелері бойынша екіжақты, өңірлік және көпжақты деңгейлердегі ынтымақтастықтың қажеттігін мойындайды.

13.7-бап Электрондық сауда-саттықты дамыту

      Электрондық сауданың жаһандық сипатын және оны пайдалану мен дамытуды жеңілдетудің маңыздылығын мойындай отырып, Тараптар:
      a) деректерді жинау бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және халықаралық практикаға сәйкес келетін, оның ішінде, мүмкін, ДСҰ шеңберінде қабылданған электрондық сауда бойынша шешімдермен болатын электрондық сауда саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық базаны дамытуға ұмтылады;
      b) жеке секторда, оның ішінде өзін-өзі ұстау кодексі, шарттар үлгілері, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесетін ұсыныстар мен тетіктер арқылы өзін-өзі реттеу шараларын қолдануды көтермелейтін болады;
      c) электрондық сауда шеңберінде тұтынушыларды алаяқтық және алдайтын коммерциялық практикадан қорғау бойынша транспаренттік және әрекетті шараларды қабылдауға жәрдемдесетін болады;
      d) тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында трансшекаралық электрондық саудамен байланысты мәселелер бойынша тұтынушыларды қорғау жөніндегі тиісті ұлттық органдар арасындағы өзара іс-қимыл жасауды көтермелейтін болады.

13.8-бап Жүзеге асыру тетігі

      1. Тараптардың құзыретті органдары осы Тараудың қолданысы аясына кіретін кез келген уағдаластықтарды іске асырудың тетігі туралы келісім жасай алады. Атап айтқанда, іске асыру тетігі 13.3, 13.4 және 13.5-баптарға сәйкес әзірленген қағидаттарды белгілейді.
      2. Тараптар тиісті құзыретті органдар арқылы Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша айқындалатын уақыттың қисынды мерзімі ішінде уағдаластықтарды орындауды тетіктерін қолдану үшін барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

14-ТАРАУ
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

14.1-бап Мақсаттары

      Осы тараудың мақсаты осы Келісімнің шеңберінде туындайтын дауларды шешудің тиімді және ашық үдерісін қамтамасыз ету болып табылады.

14.2-бап Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:
      a) «Төрелік топ» осы Келісімнің 14.7-бабына сәйкес құрылатын аралық топ;
      b) «Даудың тараптары» өтініш беруші-Тарап және жауап беруші-Тарап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық экономикалық одақ бірлесе отырып немесе жеке-дара даудың Тарабы ретінде бола алады. Соңғы жағдайда, егер шараны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет қабылдайтын болса, мұндай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет даудың тарапы болып табылады және егер шараны Еуразиялық экономикалық одақ қабылдайтын болса, ол даудың тарапы болып табылады.

14.3-бап Қамтылуы

      1. Осы Келісімде өзгеше көзделмеген болса, бұл тарау Тарап басқа Тарап осы Келісім бойынша міндеттерін орындауды тоқтатты деп пайымдаған жағдайларда осы Келісімді түсіндіруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы дауларды шешу үшін қолданылады.
      2. Осы Келісімнің және ДСҰ Келісімінің шеңберінде туындайтын даудың Тараптары арасындағы бір және бірдей мәселе бойынша дауларды өтініш беруші-Тараптың таңдаумен кез келген тәсілмен шешуге болады. Осындай тәсілмен таңдап алынған дауды шешудің тәсілі басқа тәсілді пайдалануды болдырмайды.
      3. Осы тараудың мақсаттары үшін осы Келісімге жинақталған және дауларды шешуге қатысты ДСҰ Келісіміне тиісті баптарының үдерістік ережелері, олар сәйкес келмеген жағдайда немесе бұзу мүмкін жағдайда ДСҰ мүшесі болып табылмайтын кез келген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қолданылмайды.
      4. 2-тармақты қолданудың мақсаттары үшін, ДСҰ Келісімінің шеңберінде қолданыстағы дауларды шешу рәсімдері, ДСҰ Келісіміне «Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластық» 2-қосымшаның 6-бабына сәйкес аралық топты құру туралы дау Тараптарының сұрау салуы бойынша бастама жасалған болып есептеледі, ал осы Келісім шеңберінде дауларды шешудің рәсімдері осы Келісімнің 14.7-бабының 1-тармағына сәйкес дауды төрелік қарауға сұрау салу бойынша бастама жасалған болып есептеледі.

14.4-бап Ақпаратпен алмасу және amicuscuriae.

      1. Осы Келісім шеңберінде туындайтын даулардың кез келгені бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында кез келген процессуалдық құжаттарды тарату осы Келісімге сәйкес және/немесе ДСҰ Келісіміне сәйкес құпиялылық туралы ережелерді бұзу ретінде қаралмайды.
      2. Төрелік топта қаралатын мәселе бойынша айтарлықтай қызығушылық танытқан кез келген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және Еуразиялық экономикалық одақтың төрелік топтың алдында сөз сөйлеуге және amicuscuriae ретінде жазбаша өтініштерін ұсынуға мүмкіндігі болады.

14.5-бап Игі қызметтер, келісу рәсімі және делдалдық ету

      1. Тараптары кез келген уақытта игі қызметтер рәсімдерін, келісу рәсімін немесе делдалдық етуді пайдалану туралы уағдаласа алады. Игі қызметтер, келісу рәсімі немесе делдалдық ету даудың кез келген Тарабының сұрау салуы бойынша кез келген уақытта сұратып алынуы және тоқтатылуы мүмкін.
      2. Даудың Тарапы бұл туралы уағдаласса, игі қызметтер, келісу рәсімі мен делдалдық ету осы тарауда көзделген Төрелік топтың рәсімдері басталғаннан кейін жалғастырылатын болады.
      3. Игі қызметтерді, келісу рәсімі мен делдалдық ету пайдалана отырып жүргізілетін талқылаулар және делдалдық ету, атап айтқанда, осы талқылаулардың барысында олар айналысқан дау Тараптарының ұстанымдары құпия болып табылады және кез келген одан кейінгі талқылаулар кезінде Тараптардың кез келгенінің құқықтарына зиян келтірмейді.

14.6-бап Консультациялар

      1. Тараптар осы тараудың шеңберінде туындайтын кез келген мәселе бойынша консультациялар беру жолымен өзара тиімді шешімге келу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.
      2. Консультациялар беруді жүргізу туралы өтініш осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес айқындалған байланыс пункттері арқылы жауап беруші-Тарапқа, сондай-ақ Бірлескен комитетке дәлелдемелерді баяндай отырып, қолданылылған шараларды немесе қарастырылып отырған басқа да мәселені және шағымның заңгерлік негіздемелерін көрсетуі қоса, жазбаша нысанда беріледі.
      3. Өтініш беруші-Тарап осы Баптың 2-тармағына сәйкес консультацияларды жүргізу туралы өтініш берген жағдайда, жауап беруші-Тарап:
      a) өтінішті алған күннен бастап 10 күн ішінде жазбаша түрде сұрау-салуға жауап береді; және
      b) жылдам және өзара қанағаттандыратын шешімге келу мақсатында өз еркімен консультациялар беруді 30 күннің ішінде немесе шұғыл жағдайларда 10 күннің ішінде, тез бұзылатын тауарларға қатысты сөз болған жағдайды қоса алғанда, өтініш алған күннен бастайды.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдер дау Тараптарының өзара уағдаластығы бойынша өзгерілуі мүмкін.
      5. Консультациялар құпия сипатқа ие және одан кейінгі кез келген талқылаулар кезінде кез келген Тараптың құқықтарына залал келтірмейді.
      6. Даудың Тараппы талқыланатын мәселенің тақырыбы бойынша тәжірибесі бар үкіметтік мекемелердің немесе басқа да атқарушы органдардың сарапшыларын консультациялар үшін тарту туралы өтінішпен даудың екінші басқа Тарапына жүгіне алады.

14.7-бап Төрелік топ құру

      1. Осы Келісімнің 14.6-бабына сәйкес консультациялар туралы өтініш жолдаған өтініш беруші-Тарап:
      a) егер жауап беруші-Тарап осы Келісімнің 14.6-бабыныңы 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдерді орындамаса;
      b) даудың Тараптары дауды консультациялар жолымен 60 күннің ішінде немесе шұғыл жағдайларда, тез бұзылатын тауарларға қатысты сөз болған жағдайда, консультация беру туралы өтінішті алған күннен бастап 20 күннің ішінде шеше алмаса;
      c) даудың Тараптары консультациялар осы баптың 1-тармағының b) тармақшасында көрсетілген уақыт ішінде дауды шешуге әкелмегені туралы ортақ түсіністікке келген болса Төрелік топ құру туралы жазбаша түрде өтінішпен жүгіне алады.
      2. Шұғыл жағдайларда, тез бұзылатын тауарларға қатысты сөз болған жағдайда даудың Тараптары мүмкіндігінше талқылауларды жеделдетуге бар күш-жігерін салады.
      3. Төрелік топты құру туралы өтініш осы Келісімнің 1.7-бабына сәйкес тағайындалған байланыс жасайтын адамдар арқылы жауап беруші-Тарапқа, сондай-ақ Бірлескен комитетке жазбаша түрде жолданады. Ол өтініште консультациялар өткізілгені не өткізілмегені көрсетіледі, даулы мәселе бойынша нақты шаралар белгіленеді және мәселені айқын көрсетуге жеткілікті арыздың құқықтық негізін қысқаша баяндау қамтылады.
      4. Осы бапта көрсетілген талаптар мен рәсімдерді дау Тараптарының өзара келісімі бойынша өзгертуге болады.

14.8-бап Төрешілерді тағайындау

      1. Төрелік топ үш мүшеден тұрады.
      2. Жауап беруші-Тарап Төрелік топты құру туралы өтініш алған кезден бастап 30 күн ішінде дау Тараптарының әрқайсысы бір-бір төрешіден тағайындайды. Екінші төреші тағайындалған кезден бастап 15 күн ішінде тағайындалған төрешілер өзара келісім бойынша Төрелік топтың төрағасын таңдайды. Төрелік топтың төрағасы келесі біліктілік өлшемшарттарға сәйкес болмауы тиіс:
      a) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнам азаматы болуы тиіс;
      b) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Вьетнамның аумағында тұрақты тұруы тиіс.
      3. Егер қажетті тағайындаулар осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде жасалмаса, дау Тараптарының кез келгені дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, құзыретті орган ретінде Тұрақты аралық соттың Бас хатшысын (бұдан әрі «ТАС») шақыра алады. ТАС-тың Бас хатшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет немесе Вьетнам азаматы болған жағдайда немесе құзыретті органның функцияларын орындай алмайтын болса, қажетті тағайындауларды орындау туралы өтініш ТАС Бас хатшысының орынбасарына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет немесе Вьетнам азаматы болып табылмайтын және құзыретті органның функцияларын орындауға құқығы бар келесі лауазымдық тұлғаға жолданады.
      4. Барлық төрешілер:
      a) құқықтану, халықаралық сауда және осы Келісімге кіретін басқа да мәселелер саласында немесе халықаралық сауда келісімдерінің аясында дауларды реттеуде жеткілікті деңгейдегі білімі және/немесе тәжірибесінің болуы;
      b) тек қана объективті, жан-жақтылық, әділдік, сенімділік және сауатты мағынада сайлануы;
      c) дауласып жатқан тарапттан тәуелсіз болуы және ешқандай байланысы болмауы немесе кез келгенінен ешқандай нұсқаулықтар алмауы;
      d) Тараптардың даудың қарастырылып жатқан мәселеге қатысты кез келген тура немесе жанама мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуі тиіс.
      5. Осы Келісімнің 14.5-бабының ережелеріне сәйкес кез келген басқа жағдайда қарастырылып отырған мәселеге қатысы болған тұлғалардың даулары бойынша төреші бола алмайды.
      6. Осы баптың ережелеріне сәйкес тағайындалған төреші өкілеттіктерді орындаудан бас тартса немесе орындай алмаса, оның мұрагері Төрелік топ алғашқы рет құрылған кезде төрешіні тағайындау үшін қолданылған рәсімге сәйкес 15 күннің ішінде тағайындалады, сонымен қатар жаңадан тағайындалған төрешінің де сондай өкілдіктері мен міндеттері болады. Қарастыру барысында қолданылатын кез келген процессуалдық мерзімдер төреші өкілеттіктерді орындаудан бас тартқан немесе өкілеттіктердің орындалуына мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады және оның орнына басқа адамды тағайындаған күннен бастап қайта басталады.
      7. Төрелік топтық құрылған күні Төрелік топ төрағасының тағайындалған күні болып табылады.
      8. Осы бапта көрсетілген талаптар мен рәсімдерді дау Тараптарының өзара келісімі бойынша өзгертуге болады.

14.9-бап Төрелік топтың функциялары

      1. Төрелік топтың функциясы істің нақты мән-жайларын объективті түрде бағалауды, осы Келісімнің қолданылу мүмкіндігін және оған сәйкестікті қоса алғанда, оның алдына қойылған мәселені объективті түрде бағалаудан және олардың пікірі бойынша өздерінің қарауына берілген дауды шешу үшін қажетті тұжырымдар мен шешімдерді тұжырымдаудан, сондай-ақ дау Тараптарының сұрау салуы бойынша кез келген қабылданатын шаралардың және/немесе жеңілдіктерді тиісінше тоқтата тұрудың Төрелік топтың түпкілікті баяндамасымен сәйкестігін айқындаудан тұрады.
      2. Төрелік топтың тұжырымдары мен шешімдері Тараптардың осы Келісімде көзделген құқықтары мен міндеттемелерінің көлемін ұлғайта немесе азайта алмайды.

14.10-бап Төрелік топтың жұмыс рәсімі

      1. Төрелік топтың жұмысы осы тараудың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Төрелік топ Тараптардың Төрелік топ алдында сөз сөйлеу құқығына сай және консультациялар барысында дау Тараптарының талқылауларын ескере отырып, өзіндік дербес жұмыс рәсімін әзірлейді. Дау Тараптары Төрелік топтың келісімі бойынша осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін қосымша қағидалар мен рәсімдерді қабылдау туралы уағдаласа алады.
      3. Дау Тараптарымен консультациялар өткізгеннен кейін Төрелік топ мейлінше тез арада, құрылғанынан кейін мүмкіндігіне қарай 10 күн ішінде Төрелік топтың жұмыс кестесін айқындайды. Кестеде дау Тараптарының жазбаша өтініштерді ұсынуының нақты мерзімдері қамтылады. Мұндай кестеге өзгерістер Төрелік топпен консультациялар өткізу кезінде дау Тараптарының өзара уағдаласуы бойынша енгізілуі мүмкін.
      4. Төрелік топ дау Тараптарының сұрау салуы бойынша немесе жеке бастамасымен өз қалауы бойынша қажет деп тапқан кез келген тұлғадан немесе органнан ақпарат және/немесе техникалық консультациялар сұрата алады. Алайда, Төрелік топ осындай ақпаратты және/немесе консультацияны сұратқанға дейін бұл туралы дау Тараптарын хабардар етеді. Осылайша алынған кез келген ақпарат және/немесе техникалық консультациялар түсіндірме беру үшін дау Тараптарына табысталады. Егер Төрелік топ өзінің баяндамасын дайындаған кезде осындай ақпаратты және/немесе техникалық консультацияларды назарға алатын болса, ол дау Тараптарының осындай ақпаратқа және/немесе техникалық консультацияларға қатысты кез келген түсіндірмелерін де назарға алады.
      5. Егер Төрелік топ консенсусқа қол жеткізе алмаса (Тараптардың ортақ келісімін ала алмаса), Төрелік топ рәсімдік шешімдерді, тұжырымдар мен шешімдерді консенсус арқылы (Тараптардың ортақ келісімі бойынша) қабылдайды, мұндай рәсімдік шешімдер, тұжырымдар мен шешімдер көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін. Төрелік топ төрешілердің дауыс беру нәтижелері туралы ақпаратты жария етпеуге тиіс.
      6. Төрелік топтың отырыстары жабық болып табылады. Дау Тараптары отырыстарға Төрелік топтың шақыртуымен ғана қатыса алады.
      7. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік топтың тыңдаулары жалпы жұрттың назары үшін жабық болып табылады.
      8. Дау Тараптарына өтініш енгізген кезде немесе дәлелдемелерді жоққа шығарған кезде кез келген тұсаукесерлерге қатысу мүмкіндігі беріледі. Даудың бір Тарапы Төрелік топқа табыстаған, алдын ала баяндаманың сипаттайтын бөлігіне қатысты кез келген түсіндірмелерді қоса алғанда, кез келген ақпарат немесе жазбаша өтініштер және Төрелік топ қойған сұрақтардың жауаптары даудың екінші Тарапының қарауы үшін қолжетімді болуға тиіс.
      9. Төрелік топтың талқылаулары және оған табысталған құжаттар құпия болып табылады.
      10. Осы тарауда ештеңе де дау Тарапына жалпы жұрттың назары үшін өзінің дербес ұстанымын жария етуге кедергі болмайды. Дау Тарапы даудың екінші Тарапы құпия ретінде белгілеген, екінші Тарап Төрелік топқа ұсынған ақпаратты құпия ақпарат ретінде қарастырады. Дау Тарапы кез келген Тараптың өтініші бойынша, жалпы жұрттың назары үшін жария етілуі мүмкін жазбаша өтініштерде қамтылған ақпараттың құпия емес түйіндемесін ұсынады.
      11. Тыңдауларды өткізу орны дау Тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалады. Егер келісімге қол жеткізілмесе, тыңдаулар дау Тараптарының астаналарында кезекпен өткізіледі, бұл ретте бірінші тыңдау жауапкер Тараптың астанасында өткізіледі.

14.11-бап Төрелік топтың өкілеттіктері

      Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік топты құру туралы өтінішті алған күннен бастап 20 күн ішінде мынадай өкілеттіктер айқындалады:
      «Осы Келісімнің тиісті ережелерінің аясында осы Келісімнің 14.7-бабына сәйкес Төрелік топты құру туралы өтінішті қарауға берілген мәселені зерделеу және дауды шешу мақсатында себептерін анықтай отырып, заң мен фактілердің негізінде тұжырым жасау және шешім қабылдау».

14.12-бап Талқылауларды тоқтату немесе тоқтата тұру

      1. Төрелік топ өз жұмысын дау Тараптарының бірлескен өтініші бойынша тоқтатады. Мұндай жағдайда дау Тараптары Төрелік топтың төрағасын және Бірлескен комитетті бірлесіп хабардар етеді.
      2. Төрелік топ дау Тараптарының бірлескен өтініші негізінде осындай бірлескен өтінішті алған күннен бастап кез келген уақытта бірінен соң бірі келетін
12 айдан аспайтын кезеңге жұмысын тоқтатады. Мұндай жағдайда дау Тараптары Төрелік топтың төрағасын бірлесіп хабардар етеді. Осы кезең ішінде Тараптардың кез келгені Төрелік топтың төрағасын және даудың екінші Тарапын хабардар ете отырып, Төрелік топқа жұмысты жалғастыру өкілеттігін бере алады. Мұндай жағдайда осы тарауда белгіленген барлық тиісті уақытша кезеңдер жұмыс тоқтатыла тұрған уақыт кезеңіне ұзартылады. Егер Төрелік топтың жұмысы бірінен соң бірі келетін 12 айдан артық мерзімге тоқтатыла тұрған болса, Төрелік топ өз жұмысын тоқтатады. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Төрелік топ құру туралы алғашқы өтініште көрсетілген сол негіздеме бойынша сол дау Тараптарының жаңа Төрелік топты құру құқығы күшін жоғалтады.

14.13-бап Төрелік топтың баяндамалары

      1. Төрелік топ баяндамаларының жобалары дау Тараптарының қатысуынсыз жасалады және осы Келісімнің тиісті ережелеріне, дау Тараптарының өтініштері мен дәлелдеріне және осы Келісімнің 14.10-бабының 4-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпаратқа және/немесе техникалық консультацияларға негізделеді.
      2. Төрелік топ Төрелік топтың құрылған күнінен бастап 90 күн ішінде немесе тез бүлінетін тауарларға қатысты жағдайларды қоса алғанда, шұғыл жағдайларда 60 күн ішінде алдын ала баяндаманы ұсынуға тиіс. Алдын ала баяндамада inter alia сипаттамалық бөлімдерді де, сондай-ақ Төрелік топтың тұжырымдары мен қорытындылары да камтылады.
      3. Ерекше жағдайларда, егер Төрелік топ осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде алдын ала баяндаманы ұсына алмаймын деп есептесе, ол дау Тараптарын осы кідірістің себептері туралы жазбаша түрде хабар етеді және өзінің алдын ала баяндамасын қандай мерзімдерде ұсынуды көздейтінін көрсетеді. Дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кідіріс 30 күндік қосымша мерзімнен аспауға тиіс.
      4. Дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, дау Тарапы алдын ала баяндама бойынша өзінің жазбаша түсіндірмелерін Төрелік топқа алдын ала баяндаманы алған кезден бастап 15 күн ішінде ұсына алады.
      5. Төрелік топ дау Тараптарының кез келген жазбаша түсіндірмелерін қарағаннан кейін және өзі қажет деп санайтын қосымша зерттеулерді жүргізгеннен кейін, дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, дау Тараптарына түпкілікті баяндаманы алдын ала баяндама жолданған күннен бастап 30 күн ішінде ұсынады.
      6. Егер түпкілікті баяндамада Төрелік топ дау Тарапы қабылдаған шаралар осы Келісімге сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, ол өзінің тұжырымдары мен шешімдеріне сәйкессіздікті жою туралы талапты енгізеді.
      7. Егер даудың кез келген Тарапының қарсылықтары болмаса, дау Тараптары құпия ақпаратты сақтау шарты сақталған жағдайда, Төрелік топтың түпкілікті баяндамасын Төрелік топ оны жолдаған күннен бастап 15 күн ішінде жалпы жұрттың назары үшін қолжетімді етеді. Бұл жағдайда түпкілікті баяндама осы Келісімнің барлық Тараптарына табысталады.
      8. Төрелік топтың түпкілікті баяндамасы даудың нақты нысанына қатысты дау Тараптары үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.

14.14-бап Орындау

      1. Дау Тараптары Төрелік топтың шешімдерін дереу орындайды. Егер дереу орындау мүмкін болмаса, дау Тараптары бұл шешімдерді ақылға қонымды мерзімде орындайды. Ақылға қонымды мерзім дау Тараптарының өзара келісімі бойынша айқындалады. Егер дау Тараптары ақылға қонымды мерзімді Төрелік топ түпкілікті баяндамасын жолдаған кезден бастап 45 күн ішінде айқындай алмаса, даудың кез келген Тарапы бұл мәселені Төрелік топтың қарауына бере алады, ол Төрелік топ дау Тараптарымен консультациялар өткізгеннен кейін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
      2. Жауапкер Тараптың осы бапта көзделген ақылға қонымды мерзім ішінде Төрелік топтың баяндамасына сәйкес сәйкессіздікті жойғаны немесе жоймағаны туралы дау Тараптарының арасында келіспеушіліктер туындаған кезде даудың екінші Тарапы бұл мәселені сол Төрелік топтың қарауына бере алады.
      3. Төрелік топ өзінің баяндамасын осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көзделген мәселені табыстаған кезден бастап 60 күн ішінде қарауға жолдайды. Баяндамада Төрелік топтың анықтамасы және құрылу себептерінің негіздемесі қамтылады. Егер Төрелік топ осы уақыт кезеңі ішінде баяндамасын ұсыну мүмкін болмайтыны туралы шешім қабылдаса, ол осы кідірістің себептері туралы дау Тараптарын жазбаша нысанда хабардар етеді және өзінің баяндамасын қандай мерзімдерде ұсынатынын көрсетеді. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кідіріс 30 күндік қосымша мерзімнен аспауға тиіс.
      4. Дау Тараптары Төрелік топтың түпкілікті баяндамасын орындау үшін өзара қолайлы шешім іздеуді кез келген уақытта жалғастыра алады.

14.15-бап Өтемақы және пайданы тоқтата тұру

      1. Егер дау Тарапы осы Келісімнің 14.14-бабына сәйкес көзделген ақылға қонымды мерзім ішінде Төрелік топтың шешімін орындамаса немесе осындай әрекеттерден өзінің бас тартатыны туралы екінші Тарапқа хабарласа және/немесе осы Төрелік топ осы Келісімнің 14.14-бабына сәйкес Төрелік топтың шешімін дау Тарапы орындамады деген шешім қабылдаса, даудың мұндай Тарапы даудың екінші Тарапының өтініші бойынша өзара қолайлы өтемақыны келісу мақсатында консультацияларды бастайды. Егер осындай өтінішті алғаннан кейін 20 күн ішінде мұндай келісімге қол жеткізілмесе, даудың екінші Тарапының осы Келісім шеңберінде ұсынылатын пайданың қолданысын тоқтата тұруға, бірақ Төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шаралардың әсеріне сәйкес келетін баламалы көлемде ғана тоқтата тұруға құқығы бар.
      2. Қандай пайданың қолданысын тоқтата тұру қажет екенін қарастырған кезде дау Тарапы бірінші кезекте пайданы Төрелік топ осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шаралар әсер еткен сол бір сегментте немесе сегменттерде қарастырады. Егер даудың бұл Тарапы осы сегментте немесе сегменттерде пайданы тоқтата тұру іс жүзінде мүмкін болмайды немесе тиімді болмайды деп есептесе, ол басқа сегменттердегі пайданы тоқтата тұруға құқылы.
      3. Дау Тарапы қандай пайданы тоқтата тұруға ниетті екені туралы, осындай тоқтата тұрудың себептері туралы және тоқтата тұруды қолданудың басталғаны туралы даудың екінші Тарапын осындай тоқтата тұру күшіне енген күнге дейінгі 30 күннен кешіктірмей хабардар етеді. Даудың екінші Тарапы мұндай хабарламаны алған күннен бастап 15 күн ішінде дау Тарапы тоқтата тұруға ниет білдірген пайда осы Келісімге сәйкес келмейді деп танылған шара көрсеткен шараларға баламалығы немесе баламалы еместігі туралы және ұсынылатын тоқтата тұрудың осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес келетіні немесе келмейтіні туралы шешім қабылдау жөніндегі өтінішпен осы Төрелік топқа жүгіне алады. Төрелік топтың шешімі осындай өтініш алған кезден бастап 45 күн ішінде қабылданады және бұл шешім түпкілікті әрі дау Тараптырының орындауы үшін міндетті болып табылады. Төрелік топ шешімді жолдаған күнге дейін пайданы тоқтата тұру қолданылмайды.
      4. Өтемақы және/немесе пайданы тоқтата тұру уақытша сипатта болады және Төрелік топтың түпкілкті баяндамасында айқындалғандай, сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін негізгі шара ретінде қолданылмайды. Дау Тарапы өтемақыны және/немесе пайданы тоқтата тұруды осы Келісімге сәйкес келмейді деп танылған шараның күші жойылғанға дейін немесе осы Келісімге сәйкес келетіндей болып өзгертілгенге дейін немесе дау Тараптары өздерінің дауын өзге тәсілмен шешкенге дейін қолданылады.
      5. Дау Тарапының өтініші негізінде осы Төрелік топ пайданы тоқтата тұрудан кейін қабылданған және пайданы тоқтата тұруды алып тастау немесе өзгерту туралы шешімнің аясындағы кез келген енгізілген шараның өзінің түпкілікті баяндамасына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды. Төрелік топ өтінішті алған күннен бастап 30 күн ішінде шешім қабылдайды.

14.16-бап Шығыстар

      1. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса:
      a) даудың әрбір Тарапы өзі тағайындаған төреші бойынша шығыстарды, өзінің жеке шығыстарын және сот шығындарын көтереді;
      b) Төрелік топтың төрағасы көрсететін қызметтерге ақы төлеуді және талқылаулар өткізумен байланысты басқа да шығыстарды төлеуді дау Тараптары тең бөліктермен жүзеге асырады.
      2. Даудың әрбір Тарапының сұрау салуы бойынша Төрелік топ қаралатын істі ескере отырып, осы баптың 1-тармағының b) тармақшасында көрсетілген шығыстар туралы шешім қабылдауы мүмкін.

14.17-бап Тілі

      1. Осы тарауға сәйкес барлық талқылауларда және құжаттарда ағылшын тілі қолданылады.
      2. Осы тарауға сәйкес талқылау барысында пайдалану үшін берілетін кез келген құжат ағылшын тілінде ұсынылады. Егер құжаттардың түпнұсқаларының ағылшын тіліндегі аудармасы болмаса, оларды ұсынушы дау Тарапы осы құжаттарды ағылшын тіліне аударуды қамтамасыз етеді.

15-ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

15.1-бап Қосымшалар

      Осы Келісімге қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

15.2-бап Қосылу

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше жаңа мемлекет осы Келісімге осындай қосылу мәселесі жөніндегі Тараптардың өзара келісімі бойынша қосылады. Мұндай қосылу осы Келісімге қосымша хаттама арқылы жүзеге асырылады.
      2. Еуразиялық экономикалық комиссия кез келген үшінші мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекеттің мәртебесін алуы туралы және Еуразиялық экономикалық одаққа кез келген қосылу туралы Вьетнамды дереу хабардар етеді.
      3. Кандидат мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі үшін нұқсансыз, көрсетілетін қызметтер, инвестициялар және жеке тұлғаларды алып өту туралы ережелерге қатысты (осы Келісімнің XX тарауы ______, XX Қосымша ________) бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет және екінші жағынан, Вьетнам арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін.
      4. Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет және Вьетнам Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болғанға дейін осы баптың 3-тармағында көзделген келіссөздерді аяқтау үшін күш-жігерін жұмсайды.

15.3-бап Шығу және қолданысын тоқтату

      1. Әрбір Тарап басқа Тарапты 6 ай бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, осы Келісімнен шыға алады.
      2. Осы Келісім Одақ туралы шарттан шығатын кез келген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет үшін Одақ туралы шарттан шыққан күнінен бастап өзінің қолданысын тоқтатады. Еуразиялық экономикалық одақ осындай шығудан 6 ай бұрын Вьетнамды жазбаша түрде хабардар етеді.

15.4-бап Эволюциялық ескертпе

      1. Тараптар осы Келісімді халықаралық экономикалық қатынастарда, ДСҰ шеңберінде inter alia (оның ішінде)-да болашақтағы өзгерістерді ескере отырып, қайта қарауға және осы мәнмәтінде және кез келген маңызды факторларды есепке алу аясында осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытып, тереңдете түсу және әлі қамтылмаған салаларда оны кеңейте түсу мүмкіндігін зерделеуге міндеттенеді. Бірлескен комитет, егер орынды деп санаса, Тараптарға ұсынымдар, атап айтқанда, осындай келіссөздерді бастау туралы ұсынымдар беруі мүмкін.
      2. Тараптар Келісімде бекітілген мақсаттарды жетілдіру мақсатында, егер осы Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісім күшіне енгеннен кейін 3 жылдан соң және содан кейін әрбір 5 жыл сайын осы Келісімнің жалпы қаралуын орындауға міндеттенеді.

15.5-бап Өзгерістер енгізу

      1. Тараптар осы Келісімге өзара жазбаша келісім бойынша өзгерістер енгізуі мүмкін.
      2. Өзгерістер осы Келісімнің 15.6-бабының ережелеріне сәйкес күшіне енеді. Барлық өзгерістер осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

15.6-бап Күшіне енуі

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Вьетнамның орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін 60 күннен соң күшіне енеді. Осы хабарламамен алмасу Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында жүреді.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған Қырғыз Республикасының қажетті мемлекетішілік рәсімдерді туралы жазбаша келісімі болмауы, Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы екінші жағынан, Вьетнам социалистік республикасы арасындағы Келісімнің күшіне енуіне қайшы болмайды. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы күшіне енгеннен кейін осы Келісім Қырғыз Республикасына күшіне енеді.

      ОСЫНЫ РАСТАУ ҮШІН, төменде қол қоюшылар, бұл үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие бола отырып, осы Келісімге қол қойды.
      Екі дана [ОРЫН] күні [ДАТА] ағылшын тілінде жасалды.

Армения Республикасы үшін

Вьетнам Социалистік
Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін


Қазақстан Республикасы үшін


Қырғыз Республикасы үшін


Ресей Федерациясы үшін


Еуразиялық экономикалық одақ үшін


      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар РҚАО-ға келіп түспеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады