2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін, желілерін және кросстарын сынақтан өткізу тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясниковчи |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін, желілерін және кросстарын сынақтан өткізу ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің 3-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін, желілерін және кросстарына сынақ жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"сынақ жүргізу" - жануарлардың бір түрінің бүтіндей тобының жануардың белгілі бір жаңа тұқымына, түріне, желісіне, кроссқа жататындығын белгілуге мүмкіндік беретін талаптарға сәйкестігін айқындау;
"кросс" - жануарлардың бір немесе бірнеше тұқымға жататын желілерін (типтерін) шағылыстырудан алынған тұқым қуалаушылығын білдіретін жануарлар тобы;
"желi" – бір немесе бірнеше тектерден тарайтын генетикалық жағынан біртектес жануарлар тобы;
"тұқым" - биологиялық және морфологиялық жағынан шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар, оны осы түрдегі басқа тұқымдардан ажыратуға мүмкіндік беретін және тұқым қуалау бойынша тұрақты берілетін ортақ шығу тегi бар, адам жасаған жануарлар тобы;
"тип" - бастапқы тұқымнан айқын айырмашылығы болған кезде бастапқы тұқымның генотипін немесе комбинациясын көрсететін негізгі сипаттамаларын сақтай отырып, бастапқы тұқымның ең маңызды сипаттамаларын мұра етіп алатын және бастапқы тұқымнан жеке таңдап алу, біріктіре отырып шағылыстыру, гендік инженерия сияқты әдістерді пайдалану салдарынан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы тұқымның генотипіне немесе генотиптерінің комбинациясына сәйкес келетін жануарлар тобы.
Осы Тәртіпте пайдаланылатын басқа ұғымдар 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылық жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімде анықталған мағыналарда қолданылады.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдары, түрлері, желілері мен кросстары (бұдан әрі - селекциялық жетістіктер) сынақтан өткізілуге жатады.
4. Селекциялық жетістіктерді сынақтан өткізу келесі шарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
а) сынақтан өткізілетін селекциялық жетістіктің асыл тұқымды малының ең аз санының №1 қосымшаға сәйкес талаптарға сай келуі;
б) сынақтан өткізілуге ұсынылған селекциялық жетістіктегі асыл тұқымды желілердің ең аз санының, сондай-ақ сынақтан өткізілетін селекциялық жетістіктің асыл тұқымды жануарлары ұсталатын шаруашылықтардың (табындардың) ең аз санының (№ 2 қосымшаға сәйкес) талаптарға сай келуі;
в) сынақтан өткізілетін селекциялық жетістік өндірушілерінің шығу тегі және олардың генетикалық ауытқулары болмауының молекулалық-генетикалық сараптамамен расталуы;
г) сынақтан өткізуге ұсынылған селекциялық жетістіктің асыл тұқымды жануарлары және олардың ата-енелері (кемінде төрт ұрпақ) туралы мәліметтің мүше мемлекеттің асыл тұқымды жануарларының тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтер.
5. Селекциялық жетістіктерді сынақтан өткізу кезінде жануарлар Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған әдістемелерге сәйкес ерекшелігіне, біртектілігіне және ауруларға төзімділігіне тексеріледі.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген әдістемелерді анықтағанға дейін мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жануарларды зерттеу әдістемелері қолданылады.
7. Селекциялық жетістікке сынақ жүргізуді ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар (соның ішінде сынақ жүргізу тәртібіне, құжаттардың толықтығына, оларды мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарау тәртібі мен мерзімдеріне, сынақ нәтижелері бойынша құжаттар беру, сондай-ақ мұндай құжаттарды беруден бас тарту негіздеріне қатысты) мүше мемлекеттің заңнамасында анықталады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін және кросстарын сынақтан өткізу тәртібіне №1 ҚОСЫМША |
Жаңа тұқымдары, типтері желілері және кросстары сынақтан өткізілетін асыл тұқымды жануарлардың ең аз санына қойылатын ТАЛАПТАР
Жануарлардың түрі мен жынысы | Мал саны (сандары*) | |||
тұқымы | типі | желісі | кросс | |
1. Ірі қара мал сүтті және сүтті-етті: | ||||
сиырлар | 2000 | 1000 | 250 | − |
тұқымдық бұқалар (тірілері және ұрық тұқымдары кейінге алынғандары) | 20 | 10 | 5 | − |
етті тұқымдар: | ||||
сиырлар | 1000 | 500 | 150 | − |
тұқымдық бұқалар (тірілері және ұрық тұқымдары кейінге алынғандары) | 25 | 10 | 5 | − |
2. Шошқалар | ||||
негізгі мегежіндері | 1000 | 500 | 50 | − |
тұқымдық қабандар | 100 | 50 | 5 | − |
3. Қойлар | ||||
биязы жүнді және жартылай биязы жүнді: | ||||
саулықтар | 2000 | 1000 | 200 | − |
тұқымдық қошқарлар | 50 | 25 | 5 | − |
етті-майлы қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді тұқымдары: | ||||
саулықтар | 4000 | 2000 | 200 | − |
тұқымдық қошқарлар | 100 | 50 | 5 | − |
қаракөл тұқымы: | ||||
қара, көкшіл, және сұр түсті: | ||||
саулықтар | − | 1000 | 500 | − |
тұқымдық қошқарлар | − | 20 | 10 | − |
сирек кездесетін түстері: | ||||
саулықтар | − | 500 | 250 | − |
тұқымдық қошқарлар | − | 10 | 5 | − |
4. Ешкілер | ||||
лақтайтын ешкілер | 1000 | 500 | 250 | − |
тұқымдық текелер | 20 | 10 | 5 | − |
5. Жылқылар | ||||
биелер | 500 | 100 | 30 | − |
тұқымдық айғырлар | 25 | 10 | 5 | − |
6. Түйелер | ||||
інгендер | 400 | 150 | 30 | − |
тұқымдық буралар | 30 | 8 | 4 | − |
7. Бұғылар | ||||
бұзаулайтын бұғылар | 300 | 100 | 30 | − |
тұқымдық бұғылар | 30 | 10 | 4 | − |
8. Құстар | ||||
тауықтар | 10000 | 6000 | 3000 | 6000 |
қаздар | 3000 | 1500 | 500 | 1000 |
үйректер | 5000 | 2500 | 800 | 1600 |
күркетауықтар және басқа құстар | 5000 | 2500 | 800 | 1600 |
9. Ор қояндар (ұрғашылары) | 2000 | 1000 | − | − |
10. Қара күзендер (ұрғашылары) | 2000 | 1500 | − | − |
11. Түлкілер (ұрғашылары) | 2000 | 1000 | − | − |
12. Ақ түлкілер (ұрғашылары) | 1000 | 500 | − | − |
13. Шиншиллалар (ұрғашылары) | 1000 | 500 | − | − |
14. Сасық күзен (фреткалары) (ұрғашылары) | 1000 | 500 | − | − |
15. Жанаттар (ұрғашылары) | 1000 | 500 | − | − |
16. Сазқұндыз (ұрғашылары) | 2000 | 1000 | − | − |
17. Ересек балықтар | 400 | 300/600** | 150 | 300*** |
18. Аралар | 5000 | 2000 | 100 | − |
______________
* Табиғи және инкубациялық уылдырық шашу кезіндегі ұялар - балықтар, тұтас массивте орналасқан отбасылар үшін, - аралар үшін.
** Балық өсіру шаруашылығының жаңа түрі.
*** Балық өсіру шаруашылығындағы түраралық будандардың жаңа формалары.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін және кросстарын сынақтан өткізу тәртібіне №2 ҚОСЫМША |
Ауыл шаруашылығы жануарларының сынақтан өткізуге ұсынылатын жаңа тұқымдары, типтері, желілері және кросстары зауыттық желілерінің ең аз санына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдары, типтері, желілері және кросстары сынақтан өткізілетін асыл тұқымды мал (сынақтан өткізу кезінде) ұсталатын шаруашылықтардың ең аз санына қойылатын ТАЛАПТАР
Селекциялық жетістік түрі (тұқымы, типі, желісі, кросс) | Сынақтан өткізілуге ұсынылатын ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарының, типтерінің, желілері мен кросстарының зауыттық желілерінің саны | Жаңа тұқымдары, типтері, желілері және кросстары сынақтан өткізілетін асыл тұқымды жануарлар ұсталатын шаруашылықтардың саны |
1. Ірі қара мал | ||
тұқымы | 4 | 4 |
типі: | ||
зауыттық | 3 | 1 |
мамандандырылған | 3 | 1 |
тұқымішілік (аймақтық) | 3 | 2 |
желі | − | 1 |
2. Шошқалар | ||
тұқымы | 6 | 4 |
типі | 3 | 2 |
желісі | − | 1 |
3. Қойлар мен ешкілер | ||
тұқымы | 4 | 4 |
типі | 2 | 2 |
желісі | − | 1 |
4. Жылқылар (зауыттық/жергілікті) | ||
тұқымы | 4/2 | 4 |
типі | 2 | 2 |
желісі | − | 1 |
5. Түйелер | ||
тұқымы | 4 | 4 |
типі | 2 | 2 |
желісі | − | 1 |
6. Бұғылар | ||
тұқымы | 6 | 1 |
типі | 4 | 1 |
желісі | 1 | 1 |
7. Құстар | ||
тұқымы | 4 | 4 |
кросс | 2 | 1 |
желісі | − | 1 |
8. Ор қояндар және терісі бағалы аңдар | ||
тұқымы | 8 | 1 |
кросс | 2 | 1 |
желісі | 1 | 1 |
9. Балық | ||
тұқымы | 6 | 1 |
кросс | 2 | 1 |
желісі | 1 | 1 |
10. Аралар | ||
тұқымы | 6 | 1 |
кросс | 2 | 1 |
желісі | 1 | 1 |