Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына, 109-бабының 5-тармағына және 112-бабының 1-4-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 138 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының "Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімінде:
а) кіріспе "105-бабына" деген сөздерден кейін ", 109-бабының 5-тармағына және 112-бабының 1 – 4-тармақтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
б) осы Шешіммен бекітілген көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:
1-тармақта:
"105-бабына" деген сөздерден кейін ", 109-бабының 5-тармағына және 112-бабының 1 – 4-тармақтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
"айқындайды" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін және тауарлар шығарылғаннан кейін осындай мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар ТД ретінде пайдаланылатын ТД-ны ұсыну кезінде, егер онда көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу көзделмесе, кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмейді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар ТД ретінде пайдаланылатын ТД-ны ұсыну кезінде, егер онда көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу көзделмесе, кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмейді деп белгіленуі мүмкін, ал қағаз жеткізгіштегі осындай ТД-ның электрондық түрін мұндай жағдайда кеден органының лауазымды адамы қалыптастырады.";
мынадай мазмұндағы31-тармақпен толықтырылсын:
"31. Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар ТД ретінде пайдаланылатын қағаз жеткізгіштегі ТД-ның электрондық түрі (бұдан әрі – ТД электрондық түрі), соның ішінде осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көзделген жағдайда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияның және транзиттік декларацияның құрылымы мен форматына сәйкес және осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2 – 7-тармақшаларында көзделген мәліметтер құрамында қалыптастырылады.
ТД электрондық түрін қалыптастыру кезінде ТД-ның 1-бағанының үшінші кіші бөліміне сәйкес келетін құрылымның деректемесінде "СД" аббревиатурасы көрсетіледі.";
6-тармақта:
1-тармақшада:
екінші абзац "тауарлардың" деген сөзден кейін "(Кодекстің 136-бабының 2-тармағы ескеріле отырып айқындалған – ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында – осы мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың кедендік құны айқындалмайтын жағдайда, осы Нұсқаулықты қолдану мақсаттары үшін мыналар пайдаланылады:
Беларусь Республикасында – тауарлармен жасалатын мәміле құны;
Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында – осы тауарларға қатысты коммерциялық немесе өзге де құжаттарда келтірілген, декларацияланатын тауарлардың құны.";
8-тармақта:
6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды (жалпы кедендік құны 200 евроға тең сомадан аспайтын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет туындамайтын болса, осындай тауарларды декларациялау жағдайын қоспағанда) және тауардың кедендік құны туралы мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 61-тармақшамен толықтырылсын:
"61) кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, өсімпұлдарды, пайыздарды есептеу үшін қажет төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, кедендік алымдардың, өсімпұлдардың, пайыздардың ставкалары мен сомалары туралы мәліметтер және өзге де мәліметтер;";
12-тармақта:
1-тармақшада:
"мәлімделетін" деген сөз "орналастырылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жариялау және" деген сөздерден кейін "кедендік баждарды, салықтарды төлемей" деген сөздермен толықтырылсын;
", егер осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толығымен шартты босату ұсынылатын болса," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақшада:
"мәлімделетін" деген сөз "орналастырылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"рәсімдерін" деген сөз "рәсімдерінің әрекеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақшада:
"мәлімделетін" деген сөз "орналастырылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қайтаруға жататын және" деген сөздерден кейін кедендік баждарды, салықтарды төлемей" деген сөздермен толықтырылсын;
", егер осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толығымен шартты босату ұсынылатын болса," деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақшада "егер оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбесе" деген сөздер "егер оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жатпаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақша алып тасталсын;
8-тармақшада:
екінші абзацта "немесе олардың бөліктері", "мәлімделетін" деген сөздер "олардың бөліктерінде", "орналастырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "рәсімін" деген сөз "рәсімінің әрекеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
121-тармақшада:
бесінші абзацта "рәсімін" деген сөз "рәсімінің әрекеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "егер осындай қосалқы бөлшектерге және жабдыққа кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толығымен шартты босату қолданылатын болса," деген сөздер "егер осындай қосалқы бөлшектер мен жабдықты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлемей уақытша ұстауға және пайдалануға мүмкін болса";
122-тармақшада "рәсімді" деген сөз "рәсімінің әрекеттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы IV және V бөлімдермен толықтырылсын:
"IV. Тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
16. Тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген нысан бойынша бекітілген тауарларға арналған декларацияны түзету (бұдан әрі – ТДТ) қолданылмайды.
17. Тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) декларанттың немесе кеден өкілінің уәжді жолданымы бойынша Кодекстің 112-бабының 1-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде, кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін декларант немесе кеден өкілі осындай ТД тіркеген кеден органына енгізілген өзгерістер (толықтырулар) қамтылған, осы Нұсқаулықтың II бөлімінде көзделген өтініш түріндегі жолданымды (бұдан әрі – жолданым) немесе осы Нұсқаулықтың IIІ бөлімінде көзделген, тізбені (бұдан әрі – тізбе) ұсынады. Бұл ретте өтініштің немесе тізбенің оң жақтағы жоғарғы бұрышында декларант немесе кеден өкілі: "№ ТД түзету" деген жазба қалдырады.
Жолданымды берген кезде, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгергенін (толықтырылғанын) растайтын құжаттар қоса беріледі.
18. Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігі тауар шығарылғанға дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде, Кодекстің 112-бабының 2-тармағына көзделген жағдайда кеден органы декларантқа немесе кеден өкіліне (декларанттың немесе кеден өкілінің жұмыскеріне) осындай ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде табыс етеді.
Талап еркін нысанда 2 данада А4 форматындағы қағаз парақтарында жасалады. Талапта өтініште не тізбеде көрсетілуге тиіс өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер, сондай-ақ енгізілген өзгерістер (толықтырулар) қамтылған осындай өтініш не осындай тізбе ұсынылуға тиіс мерзім көрсетіледі. Талапта көрсетілген мәліметтер кеден органының лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің баспа-таңбасымен расталады.
Тауардың сыныптамалық кодына өзгерістер енгізу қажеттігі туындаған кезде, талаппен бір мезгілде Кодекстің 20-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданған тауардың сыныптамасы туралы шешім жолданады.
Талап декларантқа немесе кеден өкіліне (декларанттың немесе кеден өкілінің жұмыскеріне) оның қолы қойылып табыс етіледі. Қол қойып, талапты алған тұлға оны алған күнін кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында және уақытын hh:mm (сағат және минут) форматында қояды және осы жазбаны өзінің тегін және инициалдарын көрсетіп өзінің жеке қолымен растайды.
Декларант немесе кеден өкілі Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (шығару мерзімі ұзартылған жағдайда – Кодекстің 119-бабының 6-тармағында) белгіленген мерзім шегінде осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімді ескере отырып, кеден органына өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер қамтылған өтінішті немесе тізбені ұсынуға тиіс. Бұл ретте өтініштің немесе тізбенің оң жақтағы жоғарғы бұрышында декларант немесе кеден өкілі: "№ ТД түзету" деген жазба қалдырады.
Егер декларант немесе кеден өкілі осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімді ескере отырып, Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде кеден органына өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер қамтылған өтінішті немесе тізбені ұсына алмаса, ол Кодекстің 362-бабына сәйкес бұл туралы кеден органын бұл мерзім өткенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайда кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген, тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін Кодекстің 119-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімін ұзартады және Кодекстің 119-бабының 9-тармағына бұл туралы декларантты немесе кеден өкілін хабардар етеді.
19. Осы Нұсқаулықтың 17 және 18-тармақтарына сәйкес өтініш берген кезде, осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес осындай ТД-ны ұсыну кезінде оның электрондық түрі қоса берілмейтін жағдайды қоспағанда, өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер қамтылған ТД-ның электрондық түрі қоса беріледі.
V. Тауарлар шығарылғаннан кейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
20. Тауарлар шығарылғаннан кейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Нұсқаулықта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің I, III – V бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
21. Тауарлар шығарылғаннан кейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін осындай ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) есептелген және (немесе) төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етпейтін және осындай төлемдердің төленгенін растайтын құжаттарға қатысты болмайтын жағдайларда ТДТ қолданылмайды.
Мұндай жағдайларда көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ға өзгерістер (толықтырулар) қолмен жазылып енгізіледі және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күні жазылып, декларанттың қолы қойылады және мөрінің баспа-таңбасымен (бар болғанда) расталады, ал өзгерістерді (толықтыруларды) ТД-ның электрондық түріне кеден органының лауазымды адамы (егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсыну не осындай ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кезінде кеден органына бұрын ТД-ның электрондық түрі ұсынылған (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырған) болса) енгізеді.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларда тауарлар шығарылғаннан кейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кеден органының бастамасы бойынша кеден органының шешімі негізінде осындай ТД-ның тіркеу нөмірі, енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) тізбесі және осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің негіздемесі көрсетіле отырып, еркін жазбаша нысанда жүзеге асырылады.
22. ТДТ осы Нұсқаулықтың 23 – 32-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияға түзетулер енгізу тәртібіне сәйкес толтырылады.
23. Беларусь Республикасында көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кезінде және оны бергене кеден органына оның электрондық түрі қоса берілген (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырған) кезде:
ТДТ-ның 7, 18, 19, 21, 25 – 30-бағандары толтырылмайды;
ТДТ-ның 4, 6, 9, 11, 24, 36 және 39-бағандары тиісті мәліметтер бар болғанда толтырылады.
24. Егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмесе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырмаса) және ТД-да мәлімделген мәліметтер бірінші рет өзгертілетін (толықтырылатын) болса, ТДТ мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) тауарларға қатысты және кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге тиіс тауарларға қатысты толтырылады. Бұл ретте ТДТ-да 1 – 3, 5, 8, 14, 15, 15 (a, b), 16, 17-бағандар (әкелінетін тауарлар үшін), 17 (a, b) бағандар (әкелінетін тауарлар үшін), 20, 22, 23, 31 – 35, 37, 38, 41 – 47, 54-бағандар (ТДТ-ны кеден органының лауазымды адамы толтыратын жағдайды қоспағанда), сондай-ақ "A", "B", "C" және "D" бағандары толтырылады. ТДТ-ның 4, 6, 9, 11, 24, 36 және 39-бағандары тиісті мәліметтер бар болғанда толтырылады.
25. Егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмесе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырмаса) және ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) ТДТ пайдаланылып бұрын жүргізілген болса, ТДТ-да:
Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында – 1, 3, 5, 7, 14, 45a, 54-бағандары (ТДТ-ны кеден органының лауазымды адамы толтыратын жағдайда қоспағанда), "A" және "D"-бағандары, сондай-ақ 15, 15 (a, b), 16, 17-бағандары (әкелінетін тауарлар үшін), 17 (a, b)-бағандары (әкелінетін тауарлар үшін), осы бағандарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі болған кезде – 20, 22, 23 және "В"-бағандары толтырылады;
Беларусь Республикасында – 1 – 3, 5, 8, 14, 15, 15 (a, b), 16, 17-бағандары (әкелінетін тауарлар үшін), 17 (a, b) -бағандары (әкелінетін тауарлар үшін), 20, 22, 23, 45a, 54-бағандары (ТДТ-ны кеден органының лауазымды адамы толтыратын жағдайда қоспағанда), "A", "С" және "D"-бағандары, сондай-ақ "В"-бағаны (егер тауарлар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу төленуге тиіс кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін не осындай төлемдердің төленгенін растайтын құжаттарға қатысты болса) толтырылады;
мәліметтері бұрын өзгертілген (толықтырылған) тауарларға қатысты – Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне (бұдан әрі – ТД-ны толтыру тәртібі) сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін мәліметтер көрсетілетін ТД-ның бағандарына сәйкес келетін бағандар толтырылады;
мәліметтері бұрын өзгертілмеген (толықтырылмаған) тауарларға қатысты –31 – 35, 37, 38, 41 – 45, 46 және 47-бағандары. ТДТ-ның 36 және 39-бағандары тиісті мәліметтер бар болғанда толтырылады.
26. ТДТ-ның 1-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанның бірінші және екінші кіші бөлімдері ТД-ны толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады. Бағанның үшінші кіші бөлімінде "СД" аббревиатурасы көрсетіледі.
27. ТДТ-ның 12-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілсе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырса):
бағанның бірінші кіші бөлімінде ТДТ ұсынылатын кеден органына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет валютасының цифрлық символдарымен (ТДТ-ны толтыратын кеден органы) 45-бағанның бірінші кіші бөлімінде көрсетілген ТДТ1 және ТДТ2 шамаларының және ТД-ның 45-бағанына сәйкес келетін ТД-ның электрондық түрінің деректемелерінде көрсетілген шамалардың кедендік құны туралы мәліметтері өзгертілмейтін және (немесе) толықтырылмайтын тауарларға қатысты сомасы ретіндегі тауарлардың жалпы кедендік құны көрсетіледі;
бағанның екінші кіші бөлімінде:
егер тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілетін болса, ТД-ның 12-бағанына сәйкес келетін ТД-ның электрондық түрі құрылымының деректемесінде;
егер тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілген болса, алдындағы ТДТ-ның 12-бағанының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген шама қойылады.
Егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмесе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырмаса), бағанның бірінші және екінші кіші бөлімдері толтырылмайды.
Қазақстан Республикасында бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.
28. ТДТ-ның 31-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Баған ТД-ны толтыру тәртібіне сәйкес өтініште не тізбеде көрсетілген мәліметтер көлемінде, енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып толтырылады.
29. ТДТ-ның 32-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанның бірінші кіші бөлімінде мәліметтері ТДТ-ның 31-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.
Бағанның екінші кіші бөлімінде өтініште не тізбеде көрсетілген, мәліметтері өзгертілетін және (немесе) толықтырылатын тауардың реттік нөмірі қойылады.
30. ТДТ-ның 44-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанға енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып, өтініште не тізбеде көрсетілген мәліметтер көшіріледі, сондай-ақ ТД-ны толтыру тәртібінде белгіленген ТД-ның 44 бағанын толтыру тәртібіне сәйкес енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.
31. ТДТ-ның 45-бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.
Бағанның бірінші кіші бөлімінде ТДТ ұсынылатын кеден органына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет валютасының цифрлық символдарымен (ТДТ-ны толтыратын кеден органы) енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып, халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес айқындалған тауардың кедендік құнының шамасы көрсетіледі;
Бағанның екінші кіші бөлімінде мыналар көрсетіледі:
егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілсе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырса) – ТД-ның 45-бағанына сәйкес келетін ТД-ның электрондық түрі құрылымының деректемесіндегі шама көрсетіледі (егер тауардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілетін болса) немесе алдындағы ТДТ-ның 45-бағанының бірінші кіші бөліміндегі шама көрсетіледі (егер тауардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілген болса);
егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмесе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырмаса) – тауардың кедендік құнының өтініштегі шамасы көрсетіледі (егер тауардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілетін болса) немесе алдындағы ТДТ-ның 45-бағанының бірінші кіші бөліміндегі шама көрсетіледі (егер тауардың кедендік құны туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілген болса);
Егер тауарларды декларациялау кезінде тізбе ұсынылса және тауар туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілсе, бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.
Қазақстан Республикасында бағанның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.
32. ТДТ-ның "B"-бағаны Тауарларға арналған декларацияға түзету енгізу тәртібіне сәйкес толтырылады. Бұл ретте "Алдындағы сома" бағанасында:
ТД-ның электрондық түрі құрылымының ТД-дағы "В"-бағанының "Сомасы" деген тиісті бағанасына сәйкес келетін деректемесінде (егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілсе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырса) және кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілсе) көрсетілген төлемнің жалпы сомасы қойылады;
алдындағы ТДТ-ның "B"-бағанындағы "Сомасы" бағанасында (егер кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілсе) көрсетілген төлемнің жалпы сомасы қойылады.
Егер көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-ны ұсынғанда кеден органына оның электрондық түрі қоса берілмесе (кеден органының лауазымды адамы қалыптастырмаса) және кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілсе, "Алдындағы сома" бағанасында "0" деген цифр қойылады.".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінде:
а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртіп, тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) тәртібін қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда (бұдан әрі – ТД) мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу жағдайларын және тәртібін айқындайды.
Тауарлар шығарылғанға дейін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың V бөлімінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады;
б) 2-тармақтың бірінші абзацы "және 26-тармақтарында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 21-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын.