Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақта ішкі нарықтың жұмыс істеуі аясындағы міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 157 шешімі

      Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта ішкі нарықтың жұмыс істеуі аясында қызметтер көрсету саудасының еркіндігін қамтамасыз ету, инвестициялар құру, қызметі және жүзеге асыру бөлігіндегі міндеттемелерін орындауын мониторингілеу нәтижелерін назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 3-тармағын, сондай-ақ Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 16-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағын, 30-тармағының 1) тармақшасын, 32-тармағының 4) тармақшасын және 38-тармағын қара және түсті металдардың сынығы мен қалдықтарын көтерме сату саласындағы қызметтер көрсетуге қатысты шектеу қою бөлігінде орындау қажеттігі туралы Беларусь Республикасына хабарлама білдірілсін.

      2. Беларусь Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюды қамтамасыз ету және қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады