2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 163 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Жалпы ережелер" бөлімінде:
а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларға қатысты № 1 қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген ветеринариялық шаралар қолданылады.";
б) екінші абзацтағы "Қосымшаның ІІ бөлімінде көзделген шаралар" деген сөздер "қосымшада көзделген ветеринариялық шаралар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Бірыңғай талаптарға № 1 қосымшада:
а) І бөлім алып тасталсын;
б) ІІ бөлімде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІ. Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларға қатысты ветеринариялық шаралардың тізбесі";
36 және 59-позицияларда 5-графадағы мәтін "жоқ" деген сөзбен ауыстырылсын;
61 – 64 позицияларда:
5-графадағы мәтін "жоқ" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-графадағы "әкетуге рұқсатта" деген сөздер алып тасталсын;
67-позицияда 3-графадағы "5" белгісі бар сілтеме "7" белгісі бар сілтемемен ауыстырылсын;
68-позицияда:
4-графадағы "жануарларға арналған" деген сөздердің алдынан "өсімдік майларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"шара, өсімдік майларын қоспағанда, осы позицияда көзделген тауарларға қатысты қолданылады";
681-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық сертификат (тауарларды ветеринарияда, соның ішінде құрамында жануарлардан алынған компоненттері жоқ тауарларды қоспағанда, жануарларға арналған жемшөптерде пайдалануды декларациялау кезінде)";
75-77, 79-позицияларда 5-графадағы мәтін "жоқ" деген сөзбен ауыстырылсын;
88-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық сертификат – құрамында жануарлардан алынған компоненттері бар тауарлар үшін";
90-позицияда 5-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"шара үшінші елдерден әкелінетін тіркелмеген тауарларға қатысты қолданылады";
91-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық сертификат – құрамында жануарлардан алынған компоненттері бар тауар үшін";
97-позицияда 5-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"шара үшінші елдерден әкелінетін тіркелмеген тауарларға қатысты қолданылады";
в) "2" және "3" белгілері бар сілтемелер алып тасталсын;
г) мынадай мазмұндағы 7-сілтемемен толықтырылсын:
"7. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясына арналған тауарларға қатысты ветеринариялық бақылау жүзеге асырылмайды және осы тізбенің 4 – 6 графаларында көрсетілген шаралардың бір де бірі қолданылмайды.".