Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 164 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы "Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі туралы" № 9 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 164 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі".

      2. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі бекітілсін.

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 9 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 164 шешімінің
редакциясында)

Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ

Р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі немесе техникалық реттеу объектісі

Стандарттың, зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер әдістемесінің белгіленуі және атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

II бөлім

МемСТ ISO 12863-2013 (IDT) "Сигареталар. Тұтанғыш қабілетін бағалау үшін сынаудың стандартты әдісі"


2

МемСТ 33789-2016 (ISO 20193:2012)
"Темекі және темекі бұйымдары. Тілінген темекі талшығының енін анықтау" (тілінген темекі сынамасын іріктеп алу бөлігінде 6.2-тармақтан басқа)


3

МемСТ 33794-2016 "Сигаралар мен сигариллалар. Қалыңдығын анықтау" (сигаралар мен сигариллалар сынамаларын іріктеп алу бөлігінде 5-тармақтан басқа)


4

МВИ 6-тармағы 01-2009 "Жұқа тілінген шегу және түтікше темекі талшығының енін өлшеуді орындау әдістемесі" (жұқа тілінген шегу және түтікше темекі сынамаларын іріктеп алу бөлігінде) (2009 ж. 6 шілдедегі № 01/2009 аттестаттау туралы куәлік)

"Темекі және темекі бұйымдары. Тілінген темекі талшығының енін анықтау" 33789-2016 МемСТ-ға (ISO 20193:2012) тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылады

5

МВИ 6-тармағы 02-2009 "Сигаралар мен сигариллалар қалыңдығын өлшеуді орындау әдістемесі" (сигаралар мен сигариллалар сынамаларын іріктеп алу бөлігінде) (2009 ж. 6 шілдедегі № 02/2009 аттестаттау туралы куәлік)

"Сигаралар мен сигариллалар. Қалыңдығын анықтау" 33794-2016 МемСТ-ға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылады

6

V бөлім

МемСТ 31632-2016 (ISO 8243:2013) "Сигареталар. Сынамалар алу"


7

МемСТ ИСО 3402-2003 "Темекі және темекі бұйымдары. Кондиционерлеу мен сынау үшін атмосфера"


8

МемСТ ISO 3308-2015 "Сигарета тұтатуға арналған кәдімгі зертхана машинасы (шегу машинасы). Анықтамалар және стандартты шарттар"


9

МемСТ 30571-2003 (ИСО 4387:2000) "Сигареталар. Зертханалық шегу машинасының көмегімен сигарета түтініндегі ылғал әрі құрамында никотин жоқ құрғақ конденсаттың құрамын анықтау"


10

МемСТ 30622.1-2003 (ИСО 10362-1:1999) "Сигареталар. Түтін конденсатындағы судың құрамын анықтау. Газдық хроматография әдісі"


11

МемСТ 30570-2015 (ISO 10315:2013) "Сигареталар. Түтін конденсатындағы никотиннің құрамын анықтау. Газдық хроматография әдісі"


12

МемСТ 31630-2012 (ISO 8454:2007) "Сигареталар. Дисперстік емес (NDIR) инфрақызыл анализатордың көмегімен сигарета түтінінің газдық фазасындағы көміртегі монооксидінің құрамын анықтау"


13

МемСТ 31629-2017 (ISO 16055:2012) "Темекі және темекі бұйымдары. Бақылау үлгісі. Талап және қолдану"


      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады