Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне плавикті шпатқа қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 167 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші позиция алып тасталсын;

      б)  № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;

      в)  № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г)  Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 86С ескертпемен толықтырылсын:

      "86С) Кедендік құнының 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 167 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 ж. 28.02. дейінгі мерзімде қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде тарифтік преференциялар берілетін, дамушы елдерде немесе аз дамыған елдерде шығарылған тауарлар тізбесіне плавикті шпатқа қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енетін күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын кіші позиция

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос.өлш. бірл.

2529 21 000 0

 – – құрамында 97 сал.% немесе одан аз кальций фториді бар

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын позициялар

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос.өлш. бірл.

2529 21 000

– – құрамында 97 сал.% немесе одан аз кальций фториді бар:


2529 21 000 1

– – – құрамындағы кальций фториді 97 сал.% кем емес, бірақ 97 мас.% артық емес

2529 21 000 9

– – – өзге

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)

2529 21 000 1

– – – құрамындағы кальций фториді 97 сал.% кем емес, бірақ 97 мас.% артық емес

1086С)

2529 21 000 9

– – – өзге

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады