2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қолдану нәтижесінде "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеп алу қағидасын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қолдану нәтижесінде "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажет зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеп алу қағидасын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 70 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 172 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қолдану нәтижесінде "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және "Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 012/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеп алу қағидасын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
р/с | МКС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыстар түрлері | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімдері | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет - жауапты әзірлеуші | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 29-2-бөлім: Газ талдағыштары. Жанғыш газдар мен оттегінің газ талдағыштарын таңдауға, монтаждауға, қолдануға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
2 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. Жарылутың алдын алу және одан қорғау. 1-бөлім. Негізгі тұжырымдамалар мен әдіснамалар. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
3 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. Жарылутың алдын алу және одан қорғау. 2-бөлім. Тау-кен жұмыстарының негізгі тұжырымдамалары мен әдіснамасы. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
4 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 36-бөлім. Жарылыс қаупі бар ортаға арналған электрлік емес жабдық. Жалпы талаптар және сынау әдістері. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Беларусь Республикасы |
5 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 42-бөлім. Ex жабдықтарының ықтимал тұтану көздерін бақылауға арналған электрлік қауіпсіздік құрылғылары. | 4-бап | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
6 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 46-бөлім. Жабдық тораптары. | 4-бап | 2020 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
7 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 15-бөлім. "n" жарылыстан қорғау түріндегі жабдық. | 4-бап | 2020 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
8 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 11-бөлім. Жарылыстан қорғайтын "I" ұшқын қауіпсіз электр тізбегі" түріндегі жабдық. | 4-бап | 2020 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
9 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 20-1-бөлім. Газ бен буды жіктеуге арналған заттардың сипаттамасы. Сынақ әдістері және деректер. | 4-бап | 2020 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
10 | 29.260.20 |
Электр станциялары газ турбиналы. Қауіпсіздік талаптары. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей Федерациясы |
11 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 29-4 бөлім. Газ талдағыштар. Ашық оптикалық арнасы бар жанғыш газдардың газ талдағыштарын сынаудың жалпы техникалық талаптары мен әдістері. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей Федерациясы |
12 | 29.260.20 |
Жанармай құю станциялары. 1-бөлім. Мөлшерлеу сорғыларының, отын тарату құрылғыларының және қашықтықтан сорғы агрегаттарының конструкциясы мен жұмысына қойылатын қауіпсіздік талаптары. | 4-бап | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей Федерациясы |
13 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 19-бөлім. Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және қалпына келтіру. | 4-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
14 | 29.260.20 |
Жарылыс қаупі бар орталар. 34-бөлім. Ex жабдықтарын өндіру үшін сапа жүйелерін қолдану. | 6-бап | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |