Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 184 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 120-бабының 3-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісім күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде 2021 жылғы 1 сәуірден кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 184 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 35-тармақтың он алтыншы абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. 36-тармақта:

      а) алтыншы абзацтағы "сипаттамасы;" деген сөз мынадай мәтінмен ауыстырылсын: "сипаттамасы. 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды (бұдан әрі – қадағалауға жататын тауар) қадағалау механизмі туралы келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тізбеге енгізілген Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың сипаттамасы ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 таңбалы кодының біреуіне жатқызуға мүмкіндік беруі тиіс;";

      б) тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қадағалануға жататын тауарға қатысты қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігіндегі тауар саны, осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі және (немесе) коды көрсетіледі. Бұл мәліметтер мынадай тәртіппен көрсетіледі:

      егер қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес негізгі өлшем бірлігімен сәйкес келсе (килограмм), онда мәліметтер осы бағанның 6-колонкасынан көшіріледі;

      егер қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі осы бағанның 5-колонкасында көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігімен сәйкес келсе, онда мәліметтер осы бағанның 4 және 5-колонкаларынан көшіріледі;

      егер қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігі ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бірде бір өлшем бірлігімен (килограмм), ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігіне сәйкес келмейтін болса, онда қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын тауардың сандық өлшем бірлігіндегі тауардың саны, өлшем бірліктерінің сыныптауышына және Еуразиялық экономикалық одақтың шотына сәйкес осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі мен коды көрсетіледі.

      Осы мәліметтер өтініште электрондық құжат түрінде өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште - бос орын арқылы көрсетіледі;";

      в) оныншы абзацтағы "көрсетіледі);" деген сөздер "көрсетіледі). Қадағалауға жататын тауарға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 таңбалы коды (ашық жерлерсіз көрсетіледі), ал мұндай кодтан кейін – "П" әрпі көрсетіледі. Электрондық құжат түріндегі өтініште бұл мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады