Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес трансформаторлық кіші станцияны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 187 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Электр энергиясын қабылдауға, түрлендіруге және таратуға арналған, бірнеше бөліктен тұратын, бір немесе бірнеше трансформаторлармен, электр энергиясын қабылдауға, беруге, бақылауға және есепке алуға арналған жабдықпен және тізбек учаскесін қорғау жабдығымен жарақтандырылған, сыртқы қондырғыға арналған конструкция болып табылатын трансформаторлық кіші станция сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының XVI бөліміне 3-ескертпеге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8504 тауар позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады