Өрнектеуге арналған фольгаға қатысты Армения Республикасы оларға қатысты өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 15 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіндегі 2 сілтемедегі "2019 жылғы 31 тамызды қоса алғанда" деген сөздер "2022 жылғы 31 тамызды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады