1. Қоса беріліп отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруі үшін мәселелердің осы Өкіммен бекітілген тізбесін белгіленген тәртіппен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелеріне жіберсін.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М.Григорян | И.Петришенко | Ә.Смайылов | Ж.Разаков | А.Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы №1 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы.