2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nСov коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.32-тармақпен толықтырылсын:
"7.1.32. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешімімен бекітілген Тізбеге енгізілген, мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар.
Көрсетілген жеңілдік 2020 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанға дейін ішкі тұтынуға арналған, шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру және мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік берілген атқарушы билік органы немесе мүше мемлекеттің өзге де уәкілетті атқарушы билік органдары (Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растауды мүше мемлекеттердің кеден органдарына ұсыну үшін тауарларға арналған декларация тіркелген жағдайда беріледі.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.31" деген цифрлар "7.1.32" деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болғызбауға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
2526 20 000 0-ден | Маскалар мен қолғаптар өндіруге арналған тальк |
2905 12 000 0, | Дезинфекциялау құралдарын өндіру үшін пайдаланылатын тауарлар |
3002-ден | Вакциналар; диагностикағаа арналған жиынтықтар |
3005-тен | Бинттер, мақта, дәке және ұқсас бұйымдар |
3808 94-тен | Вирусқа қарсы дезинфекциялау құралдары |
3822 00 000 0-ден | Диагностикалық немесе зертханалық реагенттер |
3904 40 000 0-ден, | Медициналық мақсаттағы қолғаптар мен жеке қорғану құралдарын өндіру үшін пайдаланылатын тауарлар |
3917-ден | Медициналық мақсаттарға арналған құбырлар, түтіктер, шлангілер және олардың фитингтері |
3923 21 000 0-ден, | Қауіпті биологиялық қалдықтарды тасымалдауға арналған қаптар |
3923 30-дан, | Дезинфекциялау құралдарына арналған сауыттар мен сыйымдылықтар |
3923 50 900 0-ден | "Флип-топ" қақпақтары |
3926-дан | Бахилалар |
3926 20 000 0-ден, | Қорғану киімдерінің заттары және киімге керек-жарақтар; қолғаптар |
3926 90 970 9-дан | Пациенттерді тасымалдауға арналған бокстар |
6307 90-нан | Респираторлар мен маскалар |
9004 90-нан | Қауіпсіздік көзілдірігі |
9018 19-дан | Пульсоксиметрлер |
9018 31, 9018 32 | Шприцтер, инелер, катетерлер, каннюлялар және ұқсас құралдар |
9018 90 500 1 | Қанды, қан алмастырғыштарды және инфузиялық ерітінділерді алуға және құюға арналған жүйелер |
9022 14 000 0-ден | Медициналық пайдалануға арналған аппаратура |
9402 90 000 0-ден | Пациенттерді тасымалдауға арналған зембілдер |
9616 10 100 0 | Гигиеналық мақсаттарға арналған бүріккіштер |
9616 10 900 0 | Саптамалар мен бастиектер |
Ескертпе. Осы тізбенің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алу қажет.