Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2020 жылға арналған ізеуірттелген жоспар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 24 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімінің 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2020 жылға арналған ізеуірттелген жоспар бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

ӘСмайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 24 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2020 жылға арналған ІЗЕУІРТТЕЛГЕН ЖОСПАР

Іс-шаралар атауы Іс-шаралар тізбесінің тармағы* Орындалу мерзімі Жауапты орындаушы Жоспарланатын нәтиже
1 2 3 4 5

1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту

1.1. "Бір терезе" ұлттық механизмдерін әзірлеу, енгізу және оңтайландыру

1.7-тармақ




1.1.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту тұжырымдамаларын пысықтау


жыл бойы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ)

есеп

1.1.2. Одақ органдарының актілерін ескере отырып, "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") дайындау (жаңарту)


жыл бойы

мүше мемлекет

есеп

1.1.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің элементтеріне жататын пилоттық жобаларды іске асыру


жыл бойы

мүше мемлекет

есеп

1.1.4. Мүше мемлекеттерде цифрлық кеденді қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын дайындау


IV тоқсан

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

1.1.5. Мүше мемлекеттердің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту


IV тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімінің жобасы (тұжырымдама)

2. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту тәсілдемелерін жақындастыру

2.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту тәсілдемелерін жақындастырудың басым бағыттарын айқындау

2.1-тармақ




2.1.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін іске асыру үшін деректер айналымын талдау және сыртқы экономикалық қызмет туралы деректер матрицасын қалыптастыру


II – IV тоқсандар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия ұсынымдарының жобасы

2.1.2. Бизнес-процестерді оңтайландыру тәсілдемелерін жетілдіру және іске асыру


II – IV тоқсандар

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау материалдары

3. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды өзара тану

3.1. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ Одақ аумағында ресімделетін электрондық құжаттардағы мәліметтерді өзара тану мақсатында оларды біріздендіру және үйлестіру

3.2-тармақ




3.1.1. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Одақтың деректер моделін дамыту


II тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

3.2. Тақырыптық блоктар ұсынған және (немесе) Комиссия Алқасының шешімдерінде айқындалған мәліметтердің келісілген құрамы бойынша электрондық құжаттар құрылымын және электрондық түрдегі құжаттарды әзірлеу және жаңарту

3.3-тармақ




3.2.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуі шеңберінде мүдделі тұлғалардың мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдармен және (немесе) уәкілетті ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды біріздендіру үшін басым рәсімдер тізбесіне енгізілген B2G жекелеген рәсімдері үшін мүше мемлекеттерде қолданылатын электрондық құжаттар мен электрондық түрдегі құжаттарға қойылатын біріздендірілген талаптарды әзірлеу


II тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

3.2.2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімінде көзделген, карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

3.2.3. Ветеринариялық ілеспе құжаттарды электрондық түрде пайдалануға көшу бойынша жұмыстар жүргізу


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары

3.2.4. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі-Шарт) мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының электрондық түрдегі фитосанитариялық сертификатты пайдалануы бөлігінде Санитариялық, ветеринариялық- санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманы (Шартқа № 12 қосымша) өзгертуді көздейтін өзгерістер енгізу


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы

3.2.5. Өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау саласында рұқсат беру құжаттарын электрондық түрде, соның ішінде "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесін іске асыру шеңберінде пайдалануға көшу механизмдерін іске асыру тәсілдемелерін қалыптастыру


жыл бойы


Одақ органы актісінің жобасы және (немесе) жұмыс топтары отырыстарының хаттамалары

3.3. Одақ аумағында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті, Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары берген құжаттардан мәліметтерді пайдалану

3.4-тармақ




3.3.1. Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары берген, Одақ аумағында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды талдау


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

анықтамалық материалдар, жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары

3.3.2. Қосылған құн салығын қайтару рәсімін жүзеге асыру кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының мүше мемлекеттердің салықтық бақылау органдарымен, валюталық бақылау органдарымен, сондай-ақ банктерімен және банктік емес қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесін (қосылған құн салығын жедел өтеу, "бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін іске асыру үшін және ақпараттың қайталануын болдырмау үшін сыртқы экономикалық қызмет туралы деректердің матрицасын әзірлеу мақсатында) айқындау


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау материалдары

3.3.3. Мүше мемлекеттер мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында тауарлардың шығарылуын сертификаттаудың және верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде электрондық мәліметтер алмасуды жүзеге асыру үшін құқықтық негіз құру


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

келісім жобасы

3.4. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету

3.5-тармақ




3.4.1. Одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы, сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру туралы құжаттардың жобалары

4. Ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру

4.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдері шеңберінде ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін оңтайландыру

4.2-тармақ

жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

4.2. Одақ шеңберінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған жалпы процестерді оңтайландыру және іске асыру

4.3-тармақ




4.2.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді регламенттеу


II – IV тоқсандар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

4.2.2. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Комиссияның интеграциялық сегментінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру


II – IV тоқсандар

Комиссия

есеп

4.2.3. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру


II – IV тоқсандар

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

4.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту

4.5-тармақ




4.3.1. Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің құрамына енгізу үшін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды қалыптастыру


II – IV тоқсандар

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

Іс-шаралар атауы

Іс-шаралар тізбесінің тармағы*

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Жоспарланатын нәтиже

1

2

3

4

5

5. Ұғымдық аппаратты қалыптастыру

5.1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен мақұлданған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдер глоссарийін жүргізу (жаңарту)

5.2-тармақ

жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

глоссарийге ұсыныстар

6. Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру механизмі (басқару механизмі)

6.1. Басқару механизмінің ұйымдық құрылымын жетілдіру

6.5-тармақ




6.1.1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 114 өкімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобының құрамын өзектілендіру


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасы өкімінің жобасы

7. Ұйымдастыру мәселелері

7.1. "Бірыңғай терезе" механизмін танымал ету: Негізгі бағыттарды және осы жоспарды іске асыру мәселелері бойынша БАҚ-пен жұмыс, ашық пікірсайыстар, семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

7.1-тармақ




7.1.1. Дөңгелек үстелдер, жұмыс топтары, кеңестер немесе өзге де іс-шаралар өткізу


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

7.1.2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін іске асыру құралдарын талқылау мақсатында Комиссия алаңында халықаралық семинар өткізу


II жартыжылдық

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

7.2. Негізгі бағыттарды іске асыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есептерді дайындау және жариялау

7.2-тармақ

жыл бойы

Комиссия

есеп

7.3. Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру





7.3.1. Үйлестіру кеңесінің құрамындағы жұмыс тобының отырыстары


жыл бойы

Комиссия, мүше мемлекеттер

отырыстар хаттамалары

7.3.2. Жеке тақырыптық блоктар құрамындағы жұмыс тобының отырыстары


тоқсан сайын

Комиссия, мүше мемлекеттер

отырыстар хаттамалары

      * Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іс-шаралар тізбесінің тармағы (XII бөлім) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады