2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 21 және 132-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың тізбесінде және осындай баж ставкаларының мөлшерлерінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 50 800 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"8536 50 800 9 | – – – – өзгелері | 0". |
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 8 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде оларға қатысты тарифтік преференциялар ұсынылатын дамушы елдерден немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден шығарылатын тауарлардың тізбесінің II бөлімінде:
ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 50 800 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 50 800 1, 8536 50 800 9" кодтарымен ауыстырылсын;
ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 50 800 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 50 800 1, 8536 50 800 9" кодтарымен ауыстырылсын;
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |