Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімімен бекітілген ерекше субсидияларға рұқсат етудің жекелеген критерийлерін қолдану шарттары тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 5-тармағының ережелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде қазіргі бар түрінде қолданылады деп белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген кезең аяқталғанға дейін тізбенің 5-тармағының ережелерін қазіргі бар түрінде не өзгертілген түрде қолдануды ұзарту қажеттілігін айқындасын.
3. Осы Шешім 2020 жылғы 11 сәуірден бастап, бірақ ерте дегенде ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |