2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV короновирус инфекциясы таралуының алдын алуға және оны болғызбауға бағытталған шараларын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН "2526 20 000 0-ден" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Дәрілік және дезинфекциялық құралдар өндіру үшін қолданылатын тауарлар" | |
2809 20 000 0-ден | Ортофосфор қышқылы |
2847 00 000 0-ден | Сутегінің асқын тотығы 100 % |
2902 19 000 0-ден | D-лимонен |
2905 39 200 0 | Бутан-1,3-диол |
2905 39 250 0 | Бутан-1,4-диол |
2909 43 000 0 9-дан | Бутилдигликоль |
2912 19 000 0 0-ден |
Протектол ГА 50 (глутар альдегиді), |
2917 34 000 0-ден | Диэтилфталат |
2918 19 980 0-ден | Гликоль қышқылы |
3302 90 900 0-ден | Лимон хош иістендіргіші 336 (цитраль, D-лимонен, линалол және дипропиленгликольдегі гераниоль қоспасы) |
3402 19 000 0-ден | Rokamina K30 (кокамидопропилбетаин) |
3906 90 900 7-ден | Карбомер (жоғары молекулалы полиакрилат) |
3911 90 990 0-ден | Космоцил (полигексаметиленбигуанид гидрохлориді) |
3912 31 000 0-ден | Примезола (кроскармеллоз натрий тұзы) |
3912 39 850 0-ден | Bermocoll E481FQ (этилгидроксиэтилцеллюлоза)"; |
б) ЕАЭО СЭҚ ТН "3917-ден" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"3920 43 100 9-дан Винихлорид полимерінен жасалған пленка*";
в) ЕАЭО СЭҚ ТН "3926 90 970 9-дан" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"4016 99 970 8 Резеңке муфта*";
г) ЕАЭО СЭҚ ТН "6307 90-нан" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"6505 00 900 0-ден Тоқылмаған материалдардан жасалған бір реттік телпек,
бір реттік капюшон*
6506 10 100 0-ден Полипропиленнен жасалған бір реттік телпек,
бір реттік капюшон*";
д) "*" белгісі бар мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"* Тарифтік жеңілдікті қолдану Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 53 шешімі күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |