Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 54 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 54-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы ереже мынадай мазмұндағы 191-тармақпен толықтырылсын:

      "191. Аттестаттау нәтижелері Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 54-тармағының тоғызыншы абзацына сәйкес Комиссия қызметкерімен еңбек шартын (келісімшартты) ұзарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру механизмін нақтылау бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады