Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1-қосымшаның 31-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 48-позициямен толықтырылсын:
"48. Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы | Беларусь Республикасы | мүше мемлекеттер |
2022 жылғы | 29". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |