Еуразиялық экономикалық одақтың бюджет сыныптамасының құрамы мен құрылымы туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 76 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ереженің 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджет сыныптамасының құрамы мен құрылымы туралы ереженің 20-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "42" – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қаражатын Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік саласындағы құқықтық реттеу мен саясатқа сараптамалық шолу жүргізуге аудару.".

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылға арналған бюджетін қалыптастыру және орындау кезінде қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады