Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 98 шешімі.

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 64-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 30-тармағы мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:

      "3) егер трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері осындай мүше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын болса, істі қарауға қатысатын адамдардың істі көзбе-көз қарау жөніндегі комиссияның отырысына қатысу (істі бейнеконференция режимінде қарау мүмкін болмаған кезде) мүмкіндігі шектелген және істі қарауға қатысатын адам осындай шараларды енгізу туралы тиісті актінің көшірмесін қоса бере отырып, дәлелді өтініш Комиссияға жіберілген жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің аумағында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына не әскери немесе төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеу шараларын енгізу.".

      2. Осы Шешімде көзделген өзгеріс Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 30-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешім күшіне енген шараларды енгізу кезінде ерте дегенде осы Шешім күшіне енген күннен кейін қолданылады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А. Новиков

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады