2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешімінің 2-тармағындағы "осы Шешім күшіне енген күннен бастап 24 ай өткен соң" деген сөздер "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Ресей Федерациясының Үкіметінен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 41-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО TP 047/2018) өзгерістер жобасын дайындауды және оны Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізуді 2021 жылғы 30 сәуірге дейін қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |