Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау орындарында кедендік бақылауды үйлестірілген түрде жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 10 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды, кедендік бақылауды жүргізуге байланысты даулы жағдайларды реттеуді қоса алғанда, кедендік әкімшілендірудің бірыңғай практикасын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы кедендік операциялар жасалатын жерлерде үйлестірілген кедендік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу үшін жұмыс тобын құрсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы осы Өкімнің 1-тармағы бойынша 2020 жылдың І жарты жылдығындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндасын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады