Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі" жобасын іске асыру туралы" 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 89 шешімін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 89 шешімімен бекітілген "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі" жобасы паспортының 9-бөлімі бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия құқық иеленуші құқығындағы көрсетілген үлгілік бағдарламалық қамтылымды, техникалық және пайдалану құжаттамасын мүше мемлекеттердің ұлттық тапсырыс беруші-үйлестірушілеріне API жүйесі мен әдістерінің үлгілік бағдарламалық қамтылымын мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық құрамдастарымен) интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және оны мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінің (ұлттық құрамдастарының) құрамында одан әрі пайдалану үшін береді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген үлгілік бағдарламалық қамтылымға, техникалық және пайдалану құжаттамасына құқықтарды мүше мемлекеттердің ұлттық тапсырыс беруші-үйлестірушілеріне беруі қарапайым (айрықша емес) лицензия беру туралы жасалатын лицензиялық шартқа сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады және қабылдау-беру актісімен ресімделеді.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |