Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімімен бекітілген Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттарының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 6-тармақта:
бесінші абзац "күнтізбелік 180 күннен" деген сөздерден кейін (2020 – 2021 жылдары – әрбір күнтізбелік жылда күнтізбелік 360 күннен)" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "күнтізбелік 30 күн" деген сөздерден кейін "(2020 және 2021 жылдары уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған ұшақтарға қатысты – осындай кедендік рәсіммен орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 270 күн, бірақ 2022 жылғы 30 қаңтарды қоса алғандағыдан аспайтын мерзім)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 8-тармақта:
алтыншы абзац абзац "күнтізбелік 180 күннен" деген сөздерден кейін (2020 – 2021 жылдары – әрбір күнтізбелік жылда күнтізбелік 360 күннен)" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац "күнтізбелік 30 күн" деген сөздерден кейін "(2020 және 2021 жылдары уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған ұшақтарға қатысты – осындай кедендік рәсіммен орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 270 күн, бірақ 2022 жылғы 30 қаңтарды қоса алғандағыдан аспайтын мерзім)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |