2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 6 өкімінің 1.8-тармақшасын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 5504 10 000 0 кодымен сыныпталатын, кардтық, тарақпен тарауға немесе иіру үшін басқа да дайындыққа ұшырамаған жасанды вискоздық талшықтарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі
№ 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 5504 10 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "1с)" деген сілтеме "85С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 85С)-ескертпемен толықтырылсын:
"85С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2021 қоса алғандағы аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |