1. Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобын (бұдан әрі – бірлескен зерттеу тобы) қалыптастыру орынды деп есептелсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден бірлескен зерттеу тобының жұмысына қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға кандидатуралар ұсыну сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері бөлігінде бірлескен зерттеу тобының құрамын қалыптастырсын және бұл туралы Индонезия Республикасын хабардар етсін.
4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук