2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 1-тармағы негізінде Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы" № 5 шешімі 2-тармағының "б" тармақшасындағы "2009 жылғы" деген сөздердің алдынан "егер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап 9 ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және № 1 қосымшаға сәйкес тізімге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына алып өту кезінде ұсынылуы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешімнің 2-тармағының "б" тармақшасында көзделген тауарлардың шығарылған жері туралы СТ-1 нысанындағы сертификаттың орнына № 2 қосымшаға сәйкес талаптарға сай толтырылатын өнімнің сериялық шығарылған жері туралы серификатты пайдалануға рұқсат етіледі. Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты беру және оның пайдаланылуын бақылау № 3 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады. Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификат берілген өнімнің әрбір партиясына сертификат берілген өндіруші куәландырған осы сертификаттың көшірмесі, сондай-ақ 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елдерін айқындау туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, мәтіні тауардың шығарылған елін айқындау ережесінің 5-қосымшасына сәйкес ресімделген тауардың шығарылған жері туралы декларация қоса беріледі.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзім Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан |
| Қазақстан Республикасынан |
Кырғыз | Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, оларға қатысты сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты пайдалануға рұқсат етілетін тауарлардың
ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы1 |
0201 10 000 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған ірі қара малдың тұтастай және жартылай еті |
0201 20 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған, сүйектен ажыратылмаған ірі қара малдың басқа кесек еттері |
0201 30 000 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған, сүйегінен ажыратылмаған ірі қара малдың еті |
0203 11 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған шошқаның тұтастай еті немесе жартылай еті |
0203 19 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған шошқа еті |
0207 11 | Үй тауықтарының бөлінбеген, жаңа сойылған немесе салқындатылған кесек еттері мен қосымша өнімдері (Gallus domesticus) |
0207 13 | Үй тауықтарының бөлінбеген, жаңа сойылған немесе салқындатылған тағамдық өнімдері (Gallus domesticus) |
0207 44 | Жаңа сойылған немесе салқындатылған үйректердің еті және содан жасалған қосымша өнімдер |
0301 11 000 0 | Тұщы судағы тірі сәндік балық |
0301 99 | Басқа тірі балық |
0302 11 | ЕАЭО СЭҚ ТН 0304 позициясындағы балық филесі мен басқа да балық етін және 302 91 – 0302 99 қосалқы позициясындағы тағамдық балықтың қосымша өнімдерін қоспағанда, жаңа сойылған немесе салқындатылған форель (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss, Oncorhynchus aguabonita, Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache және Oncorhynchus chrysogaster), жаңа піскен немесе салқындатылған (Салмо трутта, Oncorhynchus mykiss) форель (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss, Oncorhynchus clarki, Oncorhynchus aguabonita, Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache и Oncorhynchus chrysogaster) |
0302 72 000 0 |
ЕАЭО СЭҚ ТН 0304 қосалқы позициясындағы балық филесі мен басқа да балық етін және 302 91 – 0302 99 қосалқы позициясындағы тағамдық балықтың қосымша өнімдерін қоспағанда, жаңа сойылған немесе салқындатылған жайын еті (Pangasius spp., Silurus spp., Clarias spp., Ictalurus spp.) . |
0302 99 000 | Жаңа ауланған немесе салқындатылған басқа да жеуге жарамды балықтар |
0304 39 000 0 | Жаңа ауланған немесе салқындатылған тұқы балықтың, жыланбалықтың (Anguilla spp.) және жыланбас балықтың (Channa spp.) жон еті (Cyprinus spp., Carassius spp., Ctenopharyngodon idellus, Hypophthalmichthys spp., Cirrhinus spp., Mylopharyngodon piceus, Catla catla, Labeo spp., Osteochilus hasselti, Leptobarbus hoeveni, Megalobrama spp.) |
0304 59 | ЕАЭО СЭҚ ТН 0304 51 000 0 – 0304 57 000 позицияларында көрсетілгендерден басқа жаңа ауланған немесе салқындатылған балықтың еті (фаршты қоса алғанда) |
0403 90 510 1 |
Дәмді хош иісі жоқ, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, майлылығы 3 %-дан аспайтын қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған, балалар тағамы үшін 0,35 л аспайтын бастапқы пакеттердегі айран |
0403 90 510 2 | Дәмді хош иісі жоқ, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, майлылығы 3 %-дан аспайтын қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған айран |
0403 90 510 9 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 3 %-дан аспайтын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт және кілегей |
0403 90 530 1 |
Дәмді хош иісі жоқ, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, майлылығы 3 %-дан асатын, бірақ 6 %-дан аспайтын, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған, балалар тағамы үшін 0,35 л аспайтын бастапқы пакеттердегі айран |
0403 90 530 2 | Дәмді хош иісі жоқ, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, майлылығы 3 %-дан асатын, бірақ 6 %-дан аспайтын, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған, балалар тағамы үшін 0,35 л аспайтын бастапқы пакеттердегі басқа да айран |
0403 90 530 9 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 3 % -дан асатын, бірақ 6 %-дан аспайтын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт және кілегей |
0403 90 590 0 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 6 %-дан асатын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт және кілегей |
0403 90 610 0 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 3 %-дан аспайтын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт пен кілегей |
0403 90 630 0 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 3 % -дан асатын, бірақ 6 %-дан аспайтын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт пен кілегей |
0403 90 690 0 | Дәмді хош иісі жоқ және жеміс-жидектер, жаңғақтар немесе какао қосылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, майлылығы 6 %-дан асатын ұйытылған немесе ашытылған басқа да сүт пен кілегей |
0403 90 910 0 | Хош иістендірілген дәмі бар, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған, сүт құрамындағы майдың мөлшері 3 %-дан аспайтын ұйтылыған немесе ашытылған Өзге де сүт пен кілегей. |
0403 90 930 0 | Хош иістендірілген дәмі бар, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған, сүт құрамындағы майдың мөлшері 3%-дан асатын, бірақ 6 %-дан аспайтын ұйтылыған немесе ашытылған сүт пен кілегей. |
0403 90 990 0 | Хош иістендірілген дәмі бар, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған, сүт құрамындағы майдың мөлшері 3%-дан асатын, бірақ 6 %-дан асатын ұйтылыған немесе ашытылған сүт пен кілегей. |
0404 10 480 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған, құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 1,5 % болатын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 520 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 1,5 % болатын, бірақ массасы 27 %-дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 540 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 27 %-дан асатын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 560 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан асатын және майлылығы 1,5 % -дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 580 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан асатын және майлылығы 1,5 % болатын, бірақ массасы 27 %-дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 620 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 27 % -дан асатын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
| Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан асатын және майлылығы 1,5 %-дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 740 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 1,5 % болатын, бірақ массасы 27 % -дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 760 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан аспайтын және майлылығы 27 % -дан асатын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 780 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған және құрамындағы ақуыздың (азоттың х 6,38) массасы 15%-дан асатын және майлылығы 1,5 % -дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 820 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған құрамындағы ақуыздың массасы 15 майлылығы 15%-дан аспайтын (азоттың х 6,38), бірақ майлылығы 1,5 % болатын, бірақ массасы 27 %-дан аспайтын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 10 840 0 | Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған құрамындағы ақуыздың массасы 15 майлылығы 15%-дан аспайтын (азоттың х 6,38), бірақ майлылығы 1,5 % болатын, бірақ массасы 27 %-дан асатын сүттің сарысуы және түрі өзгертілген сүттің сарысуы |
0404 90 210 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған майлылығы 1,5 %-дан аспайтын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
0404 90 230 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған майлылығы 1,5 % асатын, бірақ 27 %-дан аспайтын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
0404 90 290 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылмаған майлылығы 27 %-данасатын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
0404 90 810 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылған майлылығы 1,5 % -данаспайтын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
0404 90 830 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылған майлылығы 1,5 % асатын, бірақ 27 %-дан аспайтын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
0404 90 890 02 | Қант немесе басқа да тәттілендіргіш заттар қосылған майлылығы 27 %-дан асатын табиғи сүттен жасалған басқа да өнімдер |
1902 20 100 03 | Қоспасы бар, жылыдай өңделген немесе өңделмеген, немесе басқадай тәсілмен дайындалған, құрамында 20 % балық, шаян тәріздес балықтар, маллюскалар немесе омыртқасыз су жәндіктері бар макарон өнімдері |
1902 20 300 03 | Қоспасы бар, жылыдай өңделген немесе өңделмеген немесе басқадай тәсілмен дайындалған, құрамында 20 % шұжық немесе еттен және кез келген майды қоса алғанда, еттің қосымша өнімдерінен жасалған соған ұқсас өнімдері бар макарон өнімдері |
1902 20 910 03 | Қоспасы бар, жылыдай өңделген немесе өңделмеген макарон өнімдері |
1902 20 990 03 |
Қоспасы бар, жылыдай өңделген немесе өңделмеген немесе басқадай тәсілмен дайындалған басқа да макарон өнімдері |
____________________
1 Осы тізбені қолданудың мақсаты үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу керек, тауардың атауы пайдалануға ыңғайлы болу үшін берілген.
2 Қатты (соның ішінде мұздатылған), құрғақ және ұнтақ тәріздес тауарларды қоспағанда.
3 Мұздатылған түріндегі тауарларды қоспағанда
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты толтыруға қойылатын
ТАЛАПТАР
1. Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат) Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес берілетін, 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың бланкісінде ресімделеді.
2. Сертификат мынадай талаптарға сәйкес толтырылады:
а) 1-графада Қазақстан Республикасындағы тауар өндірушінің атауы мен мекенжайы (жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты-жөні) көрсетіледі;
б) 2-графада "Талап ету бойынша беру үшін" деген жазу жазылады;
в) 3-графа толтырылмайды;
г) 4-графада сертификаттың бірегей тіркеу нөмірі, сертификатты берген ел – Қазақстан Республикасы көрсетіледі, "Талап ету бойынша беру үшін" деген жол толтырылмайды;
д) 5-графада "СЕРИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 6 айды құрайды" деген жазу жазылады.
ЕҮАК 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне сәйкес берілген.
Қажет болған кезде өзге де қызметтік жазбалар жазылады немесе қызметтік белгілер қойылады;
е) 6-графада тауардың реттік нөмірі көрсетіледі. Графа толтырылмауы да мүмкін.
ж) 7-графа толтырылмайды;
з) 8-графада тауардың коммерциялық атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың 10 таңбалы коды және өнімді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер көрсетіледі;
и) 9-графа 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, Тауарлардың шыққан елін айқындау ережелері туралы қағидалардың 7.4-тармағында көзделген тәртіппен, СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың 9-графасын толтыру үшін толтырылады;
к) 10-графа толтырылмайды;
л) 11-графа толтырылмайды;
м) 12-графада Қазақстан Республикасының уәкілетті органының (ұйымының) атауы, оның мекен-жайы көрсетіледі, куәліктің мөрі мен сертификаттың берілген күні, сондай-ақ сертификаттарды куәландыруға уәкілеттік берілген адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетіледі.
Күнін, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның тегі мен аты-жөнін қолмен немесе мөр басылып көрсетуге болады;
н) 13-графада тауардың шыққан елі туралы мәліметтерді декларациялау күні, сондай-ақ тауар өндірушісінің (жеке кәсіпкердің) уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні көрсетіледі, осы адамның қолы және мөрінің бедері (жеке кәсіпкер үшін - болған кезде) қойылады.
Күнін, тегін, аты-жөнін қолмен немесе мөртаңбамен көрсетуге болады.
"Елдің атауы" деген кіші бөлімде Қазақстан Республикасы көрсетіледі.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты беру және оның пайдаланылуын бақылау
ТӘРТІБІ
1. Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат) - бұл сертификаттың әрекет ету кезеңінде өзгермеген өндірістік процесс шеңберінде және Қазақстан Республикасының бір өндірушісі шығарған және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 10 таңбалы коды бар тауардың шығу тегін растайтын құжат.
2. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлардың тізіміне енгізілген, оларға қатысты сериялық өнімдердің шығарылғандығы туралы сертификатты пайдалануға рұқсат етілген тауарларға қатысты беріледі (Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешіміне №1 қосымша) (бұдан әрі - сериялы өнімдер)
3. Сертификат сериялық өнімнің 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімнің (бұдан әрі - шығу критерийлері) ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларында қарастырылған тауарлардың шыққан елін айқындау критерийлеріне сәйкестігін растайды.
4. Сертификатты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы (уәкілетті ұйым) береді (бұдан әрі - уәкілетті орган).
5. Сертификат берілген күнінен бастап 6 ай бойы жарамды болады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі сертификаттардың әрекет ету мерзімі ішінде өткізілетін сериялық өнімнің шектеусіз санына қолданылады.
6. Сертификат сериялық өнімдерді өндіруші болып табылатын өтініш берушіге беріледі.
7. Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өндірістік процестің өзгермеуі сертификат алудың шарты болып табылады.
Өндірістік процестің өзгермейтіндігі деп дайын сериялық өнімнің өзіндік құнын сақтау және (немесе) сертификатты қолданудың бүкіл кезеңі ішінде оны өндіруге қажетті технологиялық операцияларды орындау процестерінің сериялық өнімдердің барлық партиялары үшін шығу критерийлерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей өзгермейтіндігі түсініледі.
Егер сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде сертификат берілген сериялық өнімдердің жекелеген партияларының шығарылуы шығару критерийлеріне сәйкес келмейтін болса, сертификатты осындай жиынтықтарға қатысты қолдануға жол берілмейді. Осы талаптың бұзылу фактілерін анықтау 2 жыл мерзімге сериялық өндірістің бірдей түріне қатысты өндірушіге оны бірнеше рет алуға тыйым салу арқылы өндірушіге берілген сертификаттың күшін жоюға әкеледі. Өндірістік процестің өзгермейтіндігін бақылауды және осы Тәртіптің талаптарын бұзу фактілерін анықтауға байланысты шаралар қабылдауды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асырады (бұдан әрі - тексеру органы).
8. Сертификат алуға өтініш берген күнге дейін 6 ай ішінде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасын бұзбаған және кемінде 1 жыл сериялық өнімдер шығарған Қазақстан Республикасының өндірушісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) сертификат алуға өтініш беруші бола алады.
Сериялық өнімдер өндірісі басталған жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген талаптарға жауап беретін және сериялық өнімдерге ұқсас тауарларды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өндірушісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) осындай сериялық өнімдерге қатысты сертификат алуға өтініш беруші бола алады. Бұл жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген сериялық өнімді шығару уақытына қойылатын талап мұндай өндірушіге қолданылмайды. Осы Тәртіпте біртекті тауарлар деп ЕАЭО СЭҚ ТН сериялық өнімінің бір тауар тобында сыныпталатын тауарлар түсініледі.
Сетификат алуға өтінім нысаны, сертификат алу үшін қажетті құжаттардың тізімі, сондай-ақ сертификат беру мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. Сертификат беру тәртібін бұзғаны үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
9. Сертификат бергенге дейін уәкілетті орган сертификат алу үшін ұсынылған құжаттардың және олардағы мәліметтердің (оның ішінде қажет болған жағдайда сериялық өнімдердің шығарылған жерін тексеру арқылы) шынайылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді. Тиісті тексерудің нәтижелері уәкілетті органда сертификат берілген күннен бастап 3 жыл ішінде сақталады.
10. Сертификатпен қоса жүретін сериялық өнімдер аумағына жеткізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен (бұдан әрі - мүше мемлекет) негізделген уәждемелі өтінім түсен кезде сертификаттау органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Тәртіптің 7-тармағының ережелеріне сәйкестігін растау үшін сериялық өнімдердің шыққан жеріне қосымша тексеру жүргізеді.
Тексеру сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде 2 реттен жиі емес және 2 айда 1 реттен көп емес жүргізілуі мүмкін.
11. Егер сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін тиісті сериялық өндірістің өндірістік процесі шығу критерийлері өндірушінің пікірі бойынша орындалмайтындай өзгерсе, өндіруші мұндай өзгерістер мен олардың себептері туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті, сондай-ақ сериялық өнімдердің тиісті топтамаларына қатысты сертификаттың пайдаланылуына жол бермеуге міндетті.
Аталған хабарламаны өндірушіден алғаннан кейін уәкілетті орган осы Тәртіптің 10-тармағының ережелеріне қарамастан, сериялық өнімндің шыққан жеріне кезектен тыс тексеру жүргізеді. Егер өндіріс процесінде айтарлықтай өзгерістерге байланысты, шығу критерийлері сақталмайтындығы расталса, сертификат осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес өндірістік процестің өзгермейтіндігі қалпына келгенге дейін тоқтатыла тұрады. Сертификаттың шығу критерийлеріне сәйкес келмейтін сериялық өнімге қатысты қолданылу фактісі анықталған жағдайда сертификаттың күші жойылады.
Уәкілетті орган сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұру және олардың күшін жою туралы мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына дереу хабарлайды.
12. Уәкілетті орган қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген сертификаттардың тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оның ресми интернет-сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникация желісінде орналастырылуын және күн сайын жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
13. Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) уәкілетті орган туралы мәліметтерді (атауы мен мекен-жайы), сондай-ақ сертификаттарды куәландыруға пайдаланылған пломбалардан алынған бедерлердің үлгілерін және сертификаттарды куәландыруға құқығы бар адамдардың қолтаңбаларының үлгілерін, сондай-ақ мақсаттар басқа мүше мемлекеттерді хабрадар ету мақсатында тексеруші орган туралы мәліметтерді жібереді.
14. Егер аумағына сериялық өнім сертификаттармен бірге жеткізілетін мүше мемлекет бірінші бұзушылық жасалған күннен бастап 3 ай ішінде сертификат беру және (немесе) пайдалану тәртібін бұзудың 10 немесе одан көп фактісін анықтаған жағдайда, мұндай мүше мемлекет Комиссияға, Қазақстан Республикасына және басқа мүше мемлекеттерге анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті орган хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап барлық сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұрады және осындай сертификаттардың иелеріне хабарламаны алған күні хабарлайды.
15. Комиссия осы Тәртіптің 14-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мүше мемлекеттерге хабарламаны алғандығы туралы хабарлайды және оны алған күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде жаппай бұзушылықтардың пайда болуы себептерін анықтау және жою мақсатында консультациялар жүргізеді.
16. Сертификаттардың жарамдылығы Қазақстан Республикасы барлық анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін және барлық мүше мемлекеттердің келісіміне қол жеткізілгеннен кейін қалпына келтіріледі (жарамдылық мерзімі өткен сертификаттарды қоспағанда).
Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты беру және оның пайдаланылуын бақылау тәртібіне ҚОСЫМША |
|
(нысаны) |
Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы берілген сертификаттардың ТІЗІЛІМІ
Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірі және оның берілген күні | Тауар өндіруші* |
Тауадың атауы** | Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификаттың мәртебесі*** |
____________________
* Тауар өндірушінің атауы (жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты-жөні) және мекенжайы көрсетіледі.
** Тауардың коммерциялық атауы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың 10 таңбалы коды көрсетіледі.
*** Сериялық өнімнің шығарылған жері туралы сертификаттың мәртебесі ("жарамды", "қолданылуы тоқтатыла тұрған", "жойылған", "қолданылу мерзімі өтіп кеткен"), сондай-ақ оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.