Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жоюы жөніндегі жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауыларды жоюы жөніндегі жұмыстың барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жоюға бағытталған шараларды қосымшаға сәйкес тізбе бойынша үш ай мерзімде қабылдасын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында осы Өкімнің 1-тармағында көзделген шаралардың іске асырылу нәтижелері туралы баяндасын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдерін қабылдауды талап ететін, Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жоюмен байланысты проблемалық мәселелерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырыстарында қарауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды анықтау және жою жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша және оларды жою жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы кешенді ұсыныстарды әзірлесін және 2020 жылғы ІІ тоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынсын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің 2020 жылғы
31 қаңтардағы
№ 1 өкіміне
ҚОСЫМША 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою мәселелері жөніндегі шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара тауар саудасында ішкі нарықтың жұмыс істеу шеңберіндегі міндеттемелерінің орындалуы туралы" 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 163 шешімі.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153 шешімі.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауы туралы" 2018 жылғы 26 маусымдағы № 105 шешімі.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2018 жылғы 20 қарашадағы № 190 шешімі.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді Армения Республикасының орындауы туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 195 шешімі.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2019 жылғы 12 наурыздағы № 29 шешімі.

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындауы туралы" 2019 жылғы 19 наурыздағы № 31 шешімі.

      8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2019 жылғы 4 маусымдағы № 85 шешімі.

      9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2019 жылғы 16 шілдедегі № 118 шешімі.

      10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы" 2019 жылғы 29 қазандағы № 187 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады