Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 2 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 12 Өкімі

      1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының тұрақты кеңестерін өткізу туралы" № 2 өкімі мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген кеңеске Еуразиялық экономикалық одақта төрағалық ететін мүше мемлекет бастамашы болады, қажет болуына қарай Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылады және өткізіледі, кеңестің күн тәртібінің жобасы мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады деп белгіленсін.".

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады