1. Саудадағы шектеулердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) макроэкономикалық ахуалға және интеграциялық процестерге әсерін талқылау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының тұрақты кеңестерін өткізу орынды деп танылсын.
11. Осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген кеңеске Еуразиялық экономикалық одақта төрағалық ететін мүше мемлекет бастамашы болады, қажет болуына қарай Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылады және өткізіледі, кеңестің күн тәртібінің жобасы мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады деп белгіленсін.
Өкім 11-тармақпен толықтырылды - Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 17.07.2020 № 12 Өкімімен.2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |