1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) үкіметтері, орталық (ұлттық) банктері (келісу бойынша) Еуразиялық экономикалық комиссияның "2019 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы" баяндамасын (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) назарға алсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия:
осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын;
кедергілердің мүше мемлекеттер арасындағы өзара саудаға ықпалын бағалау әдістемесін әзірлесін;
мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы кезекті баяндамаға соның ішінде қызметтер көрсету өзара саудасының жай-күйі туралы, сондай-ақ өзара сауданың жай-күйіне жаңа COVID-19 короновирус инфекциясы пандемиясының ықпалы туралы ақпаратты кірістірсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |