2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының ұсынуы негізінде:
1. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі Арман Абайұлы Шаққалиевтің кандидатурасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске таныстыруға ұсынылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |